Дәрiлік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары



жүктеу 51,89 Kb.
бет2/5
Дата31.10.2022
өлшемі51,89 Kb.
#39923
1   2   3   4   5
жарнама

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 56-бабының 1-тармағына, сондай-ақ "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.09.2022 № ҚР ДСМ-94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасы (бұдан әрі - жарнама) – кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгісіз адамдар тобына арналған, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы жекелеген мәліметтерді немесе мәліметтер жиынтығын қамтитын, оларды ілгерілетуге және іске асыруға ықпал ететін ақпарат;
2) ғылыми-ақпараттық материал – ғылыми мақалалар, әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары нысанында таратылатын ғылыми және талдау деректерін қамтитын дәрілік заттар мен медициналық бұйым туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;
3) өтініш беруші – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарнамалауға ұсынылған жарнама материалдарына бағалау жүргізуге өтініштерді, құжаттар мен материалдарды беруге уәкілетті жеке немесе заңды тұлға (өндіруші ұйым, дистрибьютор, өкілдік) немесе олардың сенім білдірген адамы;
4) жарнамалық материал – өтініш берушіден және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасының Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарының сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде қолданылатын құжаттар мен материалдар;
5) жарнамалық модуль – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы жарнамалық сипаттағы қағаз тасығышта орындалған (парақшалар, лифлет, басқалар), денсаулық сақтау ұйымдарында таратылатын және (немесе) бұқаралық ақпарат баспа құралдарында орналастырылатын мәтіндік-графикалық хабарлама;
6) жарнамалық мақала – дәрілік зат пен медициналық бұйымның жарнамасын қамтитын ақпараттық мақала;
7) жарнамалық аудиоролик – радио және интернет ресурстарда орналастырылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы жарнамалық сипаттағы аудиотуынды;
8) жарнамалық баннер – интернет ресурстарда орналастырылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы жарнамалық сипаттағы бір немесе бірқатар мәтіндік-графикалық бейнелер;
9) жарналамық бейнеролик – телевизиялық арналарда және интернетресурстарда орналастырылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар туралы жарнамалық сипаттағы аудио көрсетілім туынды;
10) кадрлық көрсетілім – бейне роликтерді және жарнамалық баннерлерді әзірлеу кезінде қосалқы құрал ретінде пайдаланылатын суреттер тізбегі;
11) жарнама таратушы – мүлікті, оның ішінде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану арқылы және өзге де тәсілдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
12) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.09.2022 № ҚР ДСМ-94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.09.2022 № ҚР ДСМ-94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


жүктеу 51,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау