Деректер таратуда аппараттық енгізу


  Ақпараттық  технологияның  даму  кезеңдері.  Ақпаратты  өңдеу



жүктеу 493,37 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата21.01.2022
өлшемі493,37 Kb.
#34350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Деректер таратуда аппараттық енгізу

2.  Ақпараттық  технологияның  даму  кезеңдері.  Ақпаратты  өңдеу 

үрдісі мен есеп түрінің бөлу белгісі. Қоғамның ақпараттану жолындағы 

мәселелер, мәселелер бөлу белгісі. Компьютерлік технологияның әкелетін 

артықшылығының  бөлу  белгісі. Технология  құрал  түрлерінің  бөлу 

белгісі.

 

  



Жаңа ақпараттық технологияның қадамдары.

    ХХ ғасырдағы ғылым 

мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына 

әкеледі.  Бұдан  ақпаратты  кластарға,  тақырыптық  топтарға  бөліп,  оларды 

сақтау,  қажет  кезінде  шапшаң  іздеп  таба  білу  және  ақпараттың  өзгеру 

заңдылықтарын  зерттеу  қажеттігі  туды.  Осы  мәселелерді  ғылыми  тұрғыдан 

зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика 

деп  атады.  Бұл  сөз  француз  тіліндегі  “information”  деген  ұғым  атауынан 

шыққан,  ал  ағылшын  тілінде  сөйлейтін  елдердегі   “Computer  science”  деп 

аталатын  ғылым  саласы  да  осы  информатика  сөзінің  баламасы  болып 

табылады. 

Қазіргі  кездегі  ақпараттық  технология  ұғымын  мәліметтер  өңдеуге 

байланысты үш түрге жіктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешім 

қабылдау.  Осы  уақытқа  дейін  бұл  жұмыстар  адамның  басқаруымен  қағазға 

жазылған  құжатты  өңдеу  түрінде  өтетін,  ал  енді  басқару,  ұйымдастыру 

жұмыстарын  ЭЕМ  көмегімен  автоматты  түрде  атқару  жаңа  ақпараттық 

технологияның  тууына  есепші  болды.  Бұл  жаңа  технологияның  бұрынғы 

технологиядан ( құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, 

сөзді  диктафонға  жазу)  айырмашылығы–тізбектеле  орналасқан   ақпараттық 

техника, “жылы жүзді” прогромалық жасақ және дамытылған  компьютерлік 

байланысты  кеңінен  қолдану.  Сонымен  жаңа  ақпараттық  технология 

төмендегі мынадай мүмкіндіктерді  орындауы тиіс: 

 - әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (программалау емес) 

керек; 


 - мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу 

және өзгерістен қорғаудың  бірығай үлгісіне келтіріп жинақталған  мәліметтер 

қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсеру; 

 - кез келген құжатты қағассыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға 

құжаттың  ең  соңғы  нұсқасы  ғана  түсіріледі,  ал  басқалары  электрондық 

машинаның  мәлімет  жинақтағыштарында  (дискілер)  сақталады  да  экранда 

көрсетіледі; 



 -  адам  үшін  көптеген  жеңілдіктері  бар  есепті  шығарудың  сұхбаттасу 

режимін (интерактивті режим) жүргізу; 

 -  бір-бірімен  байланысқан  ЭЕМ-дерді  пайдалана  отырып,  құжатты 

ұжымдық түрде даяарлау; 

 -  есепті  шығару  барысында  мәліметтерді  бейнелеу  тәсілін  жылдам 

өзгерту мүмкіндігі болу. 

Бұл  күндері  жаңа  ақпараттық  технология  информатиканың  негізгі  бір 

саласы болып табылады, оның болашақта басқа салаларда істейтін мамандар 

жұмысқа  тигізетін  әсері  зор  болады  деп  күтілуде.  Ақпараттық  техника  –

ақпаратты  өңдеуге  керекті  техникалық  аспаптар  жиыны.  Халық 

шаруашылығында  ақпаратты  кең  қолдану  үшін  оны  сақтайтын,  жеткізетін 

және  өңдейтін  құралдарды   көптен  жасау  керек  болды.  Соның  нәтижесінде 

ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық 

машиналарға өте көп көңіл бөлінуінде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін 

қолданылатын негізгі  электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. 

Сонымен  қазіргі  кезде  информатиканы  кеңінен  қолданатын  орындарға 

мыналарды жатқызуға болады: 

1.

 



еңбек  ету  аспаптарын  басқару,  яғни  станоктарды,  роботтарды, 

машиналарды басқару; 

2.

 

ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру; 



3.

 

ЭЕМ-дерді  



халық 

шаруашылығындағы 

экономикалық 

ұйымдастыру, басқару жұмыстарында пайдалану; 

4.

 

ЭЕМ-дерді  оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар 



даярлауда қолдану; 

5.

 



ЭЕМ-дерді  халыққа  ақпараттық  қызмет  көрсетуге  пайдалану 

(медецина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.) 

 Өткен  ғасырдың  80-жылдары  Дж.  Мартин  (АҚШ)  "жаңа  ақпараттық 

технология"  -  (ЖАТ)  деп  атап  жобасын  ұсынды.  Жаңа  технологияның 

қажеттілігі  ірі  көлемдегі  автоматтандырылған  жүйелерді  талдауда  әдеттегі 

әдістердің ұзақтылығы оның өзіндік ескіргендігінен уақыт өте келе туындады. 

Болашақ жүйеге талаптар құрылғаннан және бекітілгеннен кейін, және оның 

эксплуатациялық  тәжірибенің  басталуына  дейін  көп  уақыт  өтті  де  алғашқы 

талаптар ескіре бастады. Мұнда жалғыз ғана жол-жүйені құру барысында оған 

болашақ пайдаланушының тікелей араласуы. Машықтанған мамандар мұнда 

болашақ  жүйенің  бағдарламамен  қамтамасыз  етуді  қалыптастырумен 

айналысуы тиіс болды. Бұл жаңа ақпараттық технологияның мәнін құрды. 




жүктеу 493,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау