Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат
Болашақ жеке тұлғалардың қауіпсіздігін және құпиялылығын қорғауға міндеттенеді,
сондай-ақ олардың дербес деректерін қорғауды өз жауапкершілігіне алады. Дербес
деректерді өңдеуге қатысты бұл саясат жеке тұлғалар туралы қандай дербес деректер
жинайтынымызды, оларды қалай және қандай мақсаттарда қолданатынымызды,
кімдерге жариялайтынымызды, сондай-ақ сіздің дербес деректеріңізді қалай
қорғайтынымызды түсіндіреді.
1.
Осы саясат
Бұл саясат (және онда атап өтілген кез-келген құжаттар) біз жеке тұлғалар туралы
деректерді қандай негіздерге сүйене отырып өңдейтінімізді белгілейді, соның ішінде:
• Мұнай-газ, тау-кен, машина жасау және басқа да салалардағы лауазымдарға
үміткерлер мен әлеуетті үміткерлер туралы(«Үміткерлер»);
• Мұнай және газ, тау-кен, машина жасау және басқа да салалардағы клиенттер
үшін іріктелген келісім-шарттық қызметкерлер туралы («Келісім-шарттық
қызметкерлер»); және
• Болашақтың клиенттері / тапсырыс берушілері туралы («Клиенттер»);
• Біздің сайтқа кіретін кез келген тұлға туралы(«Веб-сайт кірушілері»).
•
Болашақтың осы саясатқа мезгіл-мезгіл өзгерістерді енгізу құқығы бар. Саясатқа
енгізілген кез келген өзгерістер осы бетте жарияланатын болады. Дербес деректердің
өңделуіне байланысты саясатымызға енгізілген кез-келген жаңартулар немесе
өзгерістер туралы хабардар болу үшін үнемі осы бетке кіріп тұрыңыз.
Болашақтың бұл саясаттан басқа қызметкерлерінің дербес деректерін жиналуын,
өңделуін және қорғалуын реттейтін ережесі бар; ол ереже жеке тұлға Болашақтың
қызметкері болған кезінен бастап қолданылады.
Сіз өзіңіздің деректеріңізді тіркеу не түйіндемеңізді енгізу, немесе біздің веб-
сайтымызда жарияланған бос қызмет орнына өтініш беру, сондай-ақ басқа байланыс
құралдары арқылы бізге өз деректеріңізді ұсына отырып, олардың жинақталуына,
сақталуына, жариялануына және өңделуіне келісіміңізді бересіз.
2.
Сіздің деректеріңіз үшін жауапты тұлға
Біздің саясатымыз Болашақ жинақтайтын және пайдаланатын жеке деректерге
қатысты қолданылады.
Осы дербес деректерді өңдеуге қатысты саясаттағы «Болашақ», «Біз», «Бізге» немесе
«Біздің» деген сілтемелер, «Болашақ-Атырау» ЖШС-ін білдіреді (Қазақстан
Республикасында тіркелген бизнес-сәйкестендіру нөмірі 001240000920, Марат
Темірханов көшесі 6А, Атырау, Атырау облысы, 060002 мекен-жайы бойынша
тіркелген кеңсесі бар компания). Біз сіздің дербес деректеріңізді жинау тәсілдерін және
олардың Болашақпен пайдаланылу мақсаттарын бақылаймыз. Болашақ Қазақстан
Республикасының 2013 жылдың 21 мамырындағы №94-V «
Дербес деректер және
оларды қорғау туралы»
Заңының (өзгерістер мен толықтырылуларын қоса) және басқа
қолданылуға жататын дербес деректер туралы заңдарды («деректерді қорғау туралы»
Заңнамасымен қоса) қолдану барысындағы «дербес деректердің операторы» болып
табылады.
3.
Біздің сіз туралы жинайтын дербес деректеріміз
Біздің дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатымыздағы «дербес деректер»
термині сізге қатысты, және сізді тікелей танытатын мәліметтерді және бізде болуы
мүмкін басқа да мәліметтермен бірлесе, сізді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін
деректерді білдіреді. Мысалы сіздің жеке деректеріңіз, сіздің атыңызды, байланыс
деректеріңізді және туған күніңізді қамтуы мүмкін.
4.
Сіз туралы мәліметтерді жинау әдістері
Біз сіз туралы ақпаратты екі негізгі жолмен жинаймыз: (1) сіздің бізге ұсынған
ақпараттарыңыз; және (2) басқа ақпарат дереккөздерінен алынған деректер (мысалы,
мінездеме беретін тұлғалардан, біздің клиенттерімізден және LinkedIn немесе басқа
жұмыспен қамту веб-сайттары сияқты үшінші тұлғалардан).
5.
Біз жинайтын деректердің категориясы
Біздің сіз туралы жинай және өңдей алатын мәліметтердің санаттары туралы
ақпаратты тіркелген қосымшадан көріңіз.
6.
Деректердің ерекше санаттары
Сізге қызмет көрсету барысында біз «деректердің ерекше санаттарын» (мысалы,
сіздің физикалық немесе психикалық денсаулығыңызға қатысты деректер) анықтай
алатын ақпаратты жинай аламыз. Біз бұл ақпаратты тек сіздің нақты келісіміңізбен
немесе басқа да ерекшелік жағдайларды қолданғанда (мысалы, еңбек заңнамасына
сәйкес міндеттемелерімізді орындау қажеттілігі туындағанда) ғана жинаймыз.
.
7.
Сіздің дербес деректеріңізді жариялау
Біз сіздің дербес деректеріңізді түрлі амалдармен және әртүрлі себептермен келесі
тұлғалар санаттарына жариялай аламыз:
Үміткерлерге қатысты: сіздің жұмысқа орналасу мүмкіндігіңізді арттыру
мақсатында, Болашақтың клиенттеріне, серіктестеріне және қосалқы
мердігерлеріне;
Мердігерлерге қатысты: Болашақтың сіз қызмет көрсетуге жолданатын
клиенттеріне;
Сізді жұмысқа орналастыру және / немесе жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін
іздеу мақсатында сіздің жеке мәліметтеріңізбен жұмыс жасайтын Болашақтың
қызметкерлеріне;
Салық органдарына, аудиторларға немесе басқа өкімет органдарына, бізді заң
немесе басқа заңдық нормалар осы деректерді жариялауға міндеттейтіні
туралы салмақты негіздемеміз болған жағдайда (мысалы, салық органының
өтініші бойынша немесе кез-келген соттың талқылауына байланысты);
Біздің функцияларымызды біздің атымыздан орындайтын үшінші тараптың
қызметтер жеткізушілеріне ( соның ішінде мамандандырылған кеңесшілер:
заңгерлер, аудиторлар, бухгалтерлер, техникалық қолдау функциялары және
біздің бизнес-технологиялық жүйемізді тестілеуді өткізетін АТ-кеңесшілері );
Туристік агенттіктер мен визалық агенттіктер, сақтандырушылар мен
медициналық қызметтер жеткізушілеріне; және
Деректерді және / немесе ақпаратты жариялау жергілікті заңдар мен
ережелерге сәйкес жариялануға жатса немесе тиісті құзыретті мемлекеттік
органдарға, құқық қорғау органдарына, соттарға немесе лауазымды тұлғаларға
жариялануы талап етілсе.
8.
Сіздің ақпаратыңызды беру
Сізге қызмет көрсету мүмкіндігі болуы үшін Болашақ сіздің ақпаратыңызды беруі
қажет. Біз сіздердің мәліметтеріңіздің қауіпсіз сақталуын және берілуін қамтамасыз
етеміз. Сондықтан біз деректерді беру тек деректерді қорғау туралы заңнамаға сәйкес
жүзеге асырылған, ал берілу құралдары сіздің деректеріңіздің қажетті сақталуына
кепілдік беретін жағдайларда ғана береміз, мысалы:
• Деректеріңізді елдің заңнамасы арқылы тиісті деректерді қорғау деңгейі
анықталған елдерге ғана беру; немесе
• Егер деректерді беру біздің және үшінші тараптың арасында келісім-шарт жасау
немесе орындау үшін қажет болып, ал ақпаратты беру сіздің мүдделеріңізді
жүзеге асыру үшін сол келісім-шарттың мақсатына сай болса;
• Сіз бен біздің арамызда келісім-шарт жасау немесе орындау, не сіздің
өтініміңізбен қабылданған алдын-ала келісім-шарттық шараларды орындау үшін
қажет болғанда; немесе
• Сіз деректерді берудің ықтимал тәуекелдері туралы хабардар бола тұра,
келісіміңізді берген жағдайда.
•
9.
Ақпаратыңызды сақтау / жою
Біздің компанияға жұмысқа қабылданған табысты үміткерлердің дербес деректері
заңдар мен ережелерге сәйкес еңбек міндеттерін сақтау үшін қажетті мерзімге
сақталады.
Жұмысқа қабылданбаған үміткерлердің дербес деректері біз немесе біздің еншілес
компания немесе серіктесіміз әділ ниетпен сізді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін
іздестіруді жалғастыру үшін қажет деп есептеген мерзімге немесе заң әлде тиісті
реттеуші органдар сондай деректердің бізбен, немесе біздің еншілес компаниямен
немесе серіктесімізбен сақталуы талап етілген мерзімге сақталады.
10.
Қауіпсіздік
Біз ақпаратыңызды қорғау үшін техникалық және ұйымдастырушылық шараларды,
пайдаланамыз, мысалы:
• Біз пошта жүйемізде, брандмауэрлерде, VPN, сертификаттарда, және доменнің
есептік деректерін аутентификациялауда шифрлау тәсілін пайдаланамыз;
• Ақпаратыңызды үшінші тұлғаларға берген кезде, сіздің ақпаратты қамтитын
файлдарды қорғау үшін, біз шифрлау және құпиясөз арқылы қорғау тәсілдерін
қолдана аламыз;
• Біз ақпаратты қорғалған серверлерде сақтаймыз;
• Сіздің ақпаратыңызды қорғау үшін қолжетімдіі бақылау әдістерін қолданамыз.
11. Cookie
файлдары
Біздің сайтты қарастырған кезіңізде, сізге оң тәжірибе беру, мазмұнды қызықты және
сізге ыңғайлы ету, сондай-ақ сайтты жетілдіріп, біздің трафикті талдау мақсатында
сайтымызда cookie файлдары қолданылады.
.
12.
Сіздің құқықтарыңыз
Сіздің өз деректеріңізге қатысты келесі құқықтарыңыз бар:
12.1.
Деректеріңіздің көшірмесін сұрату құқығы. Сіз бізде сақталатын
деректеріңіздің көшірмесін сұрата аласыз (бұл дербес деректердің субъектісі туралы
ақпарат сұранысы деп аталады).
12.2.
Сіздің деректеріңіздегі кез-келген қателерді түзету құқығы. Сіз бізде бар
деректеріңіздегі қандай да болмасын қателердің түзетілуін талап ете аласыз.
12.3.
Сіздің деректеріңіздің өңделуін тоқтатуды талап ету құқығы. Белгілі бір
жағдайларда сіз деректеріңіздің өңделуін тоқтатуды талап ете аласыз.
12.4.
Сіздің деректеріңізді жою туралы сұраным салу құқығы. Сіз белгілі бір
жағдайларда деректеріңіздің («ұмыту құқығы» деп белгіленетін) жойылуын сұрай
аласыз.
12.5.
Деректерді ауыстыру құқығы. Белгілі бір жағдайларда сіз жеке деректерді
операторлардың арасындаауыстыруға құқығыңыз бар.
Жоғарыда көрсетілген сұранымдардың кез келгенін орындағыңыз келсе, бізбен
info@bolashak.com
электронды мекен-жайы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз. Кез
келген осындай сұранымдарға жауап берген кезде, біз дербес деректерді қорғау
туралы заңнаманы ұстанамыз.
13.
Шағым беру құқығы
Егер сіздің деректеріңізді жинау, сақтау және пайдалану тәсілдеріне қатысты
шағымдарыңыз болса, сіз Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті мемлекеттік
органдары мен соттарына шағым бере аласыз.
ҚОСЫМША: БІЗ ЖИНАЙТЫН ДЕРЕКТЕРДІҢ САНАТТАРЫ
ҮМІТКЕРЛЕР ТУРАЛЫ
Не
Не үшін
Негіздеме
Толық есімі
Сізбен сөйлесу үшін
Келісім-шарты орындау
Байланыс ақпарат
Сізбен байланысу үшін
Келісім-шартты орындау
Оқу орны туралы мәліметтер
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Келісім -щартты орындау
Біліктілігі туралы мәліметтер
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Келісім- шартты орындау
Еңбек қызметі туралы мәліметтер
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Келісім -шартты орындау
Иммиграциялық мәртебе
Жұмыс жасау құқығын растау үшін
Заңды міндеттемелерді орындау
Мінездемелер
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Келісім-шартты орындау
МЕРДІГЕРЛЕР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТУРАЛЫ
Не
Не үшін
Негіздеме
Толық есімі
Сізбен сөйлесу үшін
Келісім-шартты орындау
Контактная информация
Сізбен байланысу үшін
Келісім-шартты орындау
Байланыс ақпарат
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Келісім-шартты орындау
Оқу орны туралы мәліметтер
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Келісім-шартты орындау
Біліктілігі туралы мәліметтер
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Келісім-шартты орындау
Иммиграциялық мәртебе
Жұмыс жасау құқығын растау үшін
Заңды міндеттемелерді орындау
Мінездемелер
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Келісім-шартты орындау
Жақын туысқандары туралы мәліметтер
мен деректер
Төтенше жағдайларда сізбен байланысу
үшін
Келісім-шартты орындау
Банк деректері
Сіздің қызметтеріңізге төлем жасау үшін
Келісім-шартты орындау
Төлқұжат деректері
Сіздің қызмет барысыңызда шетелге
сапар шегу қажеттілігі туындаған
жағдайда, визаларды және сапарларды
ұйымдастыру үшін
Келісім-шартты орындау
Дәрігерлк тексеріс
Сізге сәйкес келетін лауазымды анықтау
үшін
Заңды міндеттемелерді орындау
КЛИЕНТТЕР ТУРАЛЫ
Не
Не үшін
Негіздеме
Толық есімі
Сіздермен үміткерлерді талқылау үшін
Келісім-шартты орындау
Байланыс деректері
Сіздермен үміткерлерді талқылау үшін
Келісім-шартты орындау
Достарыңызбен бөлісу: |