Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері



жүктеу 39,47 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.02.2018
өлшемі39,47 Kb.
#8962


 

                                                                                 Қазақстан Республикасы    



                                                                              Денсаулық сақтау министрiнiң 

                                                                             2016 жылғы «___» ___________  

                                                                                       № ___ бұйрығына       

                                                                                қосымша 

 

Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік 

бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, 

қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша 

жұмыс өтiлiн есептеу қағидалары 

 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1.  Осы  Денсаулық  сақтау  саласындағы  азаматтық  қызметшілер, 

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, 

қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс 

өтiлiн  есептеу  қағидалары  (бұдан  әрі 

    Қағидалар)    «Азаматтық 

қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың 

қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлеріне  еңбекақы 

төлеу  жүйесі  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы                                            

31  желтоқсандағы №  1193  қаулысының  4-тармағының  3)  тармақшасын  іске 

асыру  мақсатында  және  денсаулық  сақтау  саласындағы  азаматтық 

қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың 

қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлерінің  мамандығы 

бойынша жұмыс өтілін есептеудің тәртібі мен шарттарын реттейді. 

2.  Мамандық  бойынша  жұмыс  өтiлiне  сол  мамандық  бойынша 

ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарға қарамастан мемлекеттiк денсаулық 

сақтау ұйымдары мен басқа да ұйымдардағы жұмыстың уақыты есептеледi. 

          3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

денсаулық  сақтау  ұйымы  –  денсаулық  сақтау  саласындағы  қызметті 

жүзеге асыратын заңды тұлға

        жұмыс  өтілі  –  қызметкердің  еңбек  мiндеттерiн  жүзеге асыруға  жұмсаған 

күнтiзбемен есептелген уақыт. 



 

 

2. Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік 

бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, 

қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мамандығы бойынша 

жұмыс өтiлiн есептеу тәртібi 

 

      


 4.  Мамандығы  бойынша  дәрiгер  жұмыс  өтiлiне  жоғары  медициналық 

бiлiмi  болған  кезде  дәрiгерлiк  және  басшылық  лауазымдарындағы  жұмыс 




 

уақыты,  сондай-ақ  клиникалық  практикаға  байланысты  біліктілігін  арттыру 



және  қайта  даярлау  курстарынан,  резидентурада,  клиникалық  ординатурада, 

аспирантурада, магистратурада, докторантурада оқудан өту уақыты есептеледi. 

     5.  Орта  медицина    персоналы  лауазымдарында  жұмыс  iстейтiн 

қызметкерлердiң  мамандығы  бойынша  жұмыс  өтiлiне  орта  медицина 

персоналы  лауазымдарындағы,  оның  iшiнде  денсаулық  сақтау  ұйымдарында 

басшылық  және  медициналық-әлеуметтiк  сараптама  комиссиясының  хатшысы 

лауазымындағы жұмыс уақыты есептеледi. 

 

6. 



Орта 

фармацевтикалық 

персонал 

(зертханашылар 

үшін) 

лауазымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс 



өтiлiне 

орта 


фармацевтикалық 

персонал 

(зертханашылар 

үшін) 


лауазымдарындағы,  оның  iшiнде  денсаулық  сақтау  ұйымдарында  басшылық 

лауазымдарында  және  медициналық-әлеуметтiк  сараптама  комиссиясының 

хатшысы лауазымындағы жұмыс уақыты есептеледi.  

           7.  Провизор  лауазымында  жұмыс  iстейтiн  қызметкерлердiң  мамандығы 

бойынша  жұмыс  өтiлiне  жоғары  фармацевтикалық  бiлiмi  болған  кезде 

фармацевтикалық персонал лауазымдарындағы, оның iшiнде денсаулық сақтау 

ұйымдарында басшылық лауазымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi.  

   


8.  Орта  фармацевтика  персоналы  лауазымында  жұмыс  iстейтiн 

қызметкерлердiң  мамандығы  бойынша  жұмыс  өтiлiне  орта  фармацевтика 

персоналы лауазымдарындағы, оның iшiнде басшылық лауазымындағы жұмыс 

уақыты есептеледi. 

             9.  Медициналық  емес  психолог,  зертханашы,  энтомолог,  зоолог,  биолог 

лауазымдарында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс 

өтiлiне  жоғары  оқу  орнында  алған  мамандығы  бойынша,  оның  iшiнде 

денсаулық  сақтау  ұйымында  басшылық  лауазымдарындағы  жұмыс  уақыты 

есептеледi. 

           10. Кiшi медицина персоналы лауазымында жұмыс iстейтiн адамдардың 

мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне барлық денсаулық сақтау ұйымдарындағы, 

сондай-ақ медициналық ғылыми ұйымдары мен денсаулық сақтау саласындағы 

білім беру ұйымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi. 

          11.  Медицина  және  фармацевтика  персоналы  лауазымында  жұмыс 

iстейтiн  адамдардың  мамандығы  бойынша  жұмыс  өтiлiне  осы  лауазымдарда 

жұмыс  iстеуге  медициналық  немесе  фармацевтикалық  бiлiм  талап  етiлетiн 

медициналық  емес  ұйымдардағы  лауазымдағы  жұмыс  уақыты  есептеледi,  бұл 

жұмыс iстеген ұйымның тиiстi құжатымен расталады. 

    

12.  Мамандығы  бойынша  жоғары  және  (немесе)  орта  медицина  және 



(немесе)  фармацевтикалық  білімі  бар  мамандардың  жұмыс  өтiлiне  денсаулық 

жағдайына  байланысты  өзгерген  бұрын  алған  мамандығы  бойынша 

лауазымдардағы жұмыс уақыты есептеледі. 

 

13.  Медицина  және  фармацевтика  персоналы  лауазымдарында  жұмыс 



iстейтiн  адамдардың  жұмыс  өтiлiне  қосымша  шарттар  мен  шектеулерсiз: 

       1)  жұмыстан  заңсыз  босатылған  жағдайда  амалсыз  бос  жүрген  уақыты; 




 

      2)  теріс  себептер  бойынша  қызметiнен  босатылған  адамдардан  басқа, 



Қазақстан  Республикасы  мен  бұрынғы  Кеңес  Социалистік  Республикалар 

Одағының  (бұдан  әрі  –  КСРО)  Қарулы  Күштерiндегi,  iшкi,  шекаралық 

әскерлерiндегi,  азаматтық  қорғаныс  басқармаларының  органдары  мен 

бөлiмдерiндегi,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  қауiпсiздiк  комитетi  мен 

бұрынғы  КСРО  Мемлекеттiк  қауiпсiздiк  комитетiнiң  органдары  жүйесiндегi, 

Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  Күзет  қызметiндегi  және  Қазақстан 

Республикасының 

Республикалық 

ұланындағы 

офицерлiк 

құрамдағы 

адамдардың,  прапорщиктердiң,  мичмандардың,  мерзiмнен  тыс  қызмет  әскери 

қызметшiлерiнiң нақты әскери қызмет өткерген уақыты

     


3) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтегі жұмыс уақыты;  

        4)  денсаулық  сақтау  саласында  кәсіподақ  органдарында  сайланбалы 

қызметтегі жұмыс уақыты; 

 

5)  Қазақстан  Республикасының  2015  жылғы  23  қарашадағы  Еңбек 



кодексіне  (бұдан  әрі  –  Еңбек  кодексі)  сәйкес  жүктiлiгi  мен  босануы  бойынша 

демалыс  уақыты,  сондай-ақ  бала  күтімі  бойынша  жалақысы  сақталмайтын 

демалыс уақыты; 

      


6)  медициналық  қызметi  бойынша  шетелге  жiберілген  жағдайда,  егер 

қызметкер шетелге барар алдында медициналық қызметте жұмыс iстеген болса, 

халықаралық ұйымдардағы жұмыс уақыты; 

   


7)  егер  осы  лауазымдар  медицина  және  фармацевтика  қызметкері 

лауазымдарына  жатқызылған  болса,  денсаулық  сақтау  ұйымына  техникалық 

қызмет  көрсетудi  жүзеге  асырған  және  оның  жұмыс  iстеуiн  қамтамасыз  еткен 

қызметкерлер лауазымдарындағы жұмыс уақыты; 

          8)  егер  қызметкер  сол  кезеңге  дейiн  медициналық  қызметте  жұмыс 

iстеген  және  оны  бiтiргеннен  кейiн  медициналық  қызметке  байланысты 

жұмысқа қайтып келген болса, жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және 

кадрлардың  бiлiктiлiгiн  арттыру  жөнiндегi  курстарда  оқыған  уақыты 

есептеледі. 

       14.  Қызметтің  барлық  саласы  үшiн  лауазымдарға  арналған  мамандық 

бойынша жұмыс өтiлiне: 

 

  1) 



осы 

Қағидалардың 

14-тармағында 

көрсетiлген 

шарттар; 

          2)    оның  еңбек  қызметiн  өткерген  қызмет  саласына  қарамастан 

мамандығы,  сондай-ақ  ұқсас  мамандығы  бойынша  жұмыс  өтiлi  есептеледi. 

          15.  Осы  Қағидаларға  сәйкес  есептелген  жұмыс  өтiлi  күнтiзбелiк 

есептеумен ескерiледi. 

     


16.  Мамандығы  бойынша  жұмыс  өтiлi  және  мамандықтардың  сәйкестігі 

денсаулық  сақтау  ұйымының  басшысы  бекiтетін  еңбек  өтiлiн  белгiлеу 

жөнiндегi ұйымның комиссиясы жұмысқа қабылдаған кезде айқындалады. 

      


17.  Мамандығы  бойынша  жұмыс  өтiлiн  белгiлеу  туралы  комиссияның 

шешiмi  хаттамамен  рәсiмделедi.  Хаттаманың  түпнұсқасы  кадр  қызметiне, 

хаттаманың көшірмесі - бухгалтерияға берiледi. 



 

           18. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеуге арналған қызметкердің 



еңбек  қызметін  растайтын  құжаттар  Қазақстан  Республикасының  Еңбек 

кодексіне сәйкес айқындалады. 



 

жүктеу 39,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау