Дін мен Діл
4.
Хадис қажет емес дейтіндер ислам әлемінің
әртүрлі мәзһабқа бөлінуі мен кейінгі ғасырда артта қалуын
мұсылмандардың хадистерді ұстануынан көреді.
Ал, шынтуайтында, бұл олай емес. Мұсылмандардың
бірнеше мәзһабқа бөлінуі бұл діннің негіздерінде
емес, кейбір тармақтарында. Адам болған жерде түрлі
көзқарастардың болатыны табиғи құбылыс. Ал егер
мұсылмандар ориенталистер айтқандай хадистерді
ұстанбағанда, онда әркім Құранды жалаң ойы мен қисық
қиялына қарай бұрмалайтын болғандықтан, бірнеше
көзқарас емес, исламның өзі бір-бірінен мүлде алшақ
түрлі діндерге бөлініп кетер еді.
Ал мұсылмандардың кейінгі ғасырда артта қалу
мәселесіне келер болсақ, бұл жағдай мұсылмандардың
хадисті ұстануынан емес, керісінше хадистерде айтылған
ақиқаттарға мән бермей, салғырт қарағандығынан туын
-
дауда. Әйтпесе, Алла елшісінің қай хадисі мұсылманды
білімнен бездіріп, еңбектен еріндірген екен?! Кеше күллі
әлемге ғылым мен мәдениетті үйретіп, Әл-Бируни, әл-
Хорезми, Алфарғани, ибн Сина секілді астрономия, алгеб-
ра, медицина секілді ғылым салаларының негізін қалаған
данышпандарды жетілдірген шақта да мұсылмандардың
хадисті бекем ұстанғанын сүннеттен кінә іздейтіндер
білгісі келмесе, онда оған Алла елшісінің хадистері кінәлі
емес.
–
Пайғамбар сөздерін қабылдамайтын бұл топ
қазақ еліне қаншалық қауіпті? Бұл ағым жетегіне
кеткендер санының кейбір ақпарат көздерінде жетпіс-
сексен мыңға жуықтағаны айтылады. Осы рас па?
Әуелі, Қазақстанда бас көтере бастаған бұл жаңсақ
пікірдің жақтаушыларының бәрінің ниеті дін бұзу деп
жалпылай айту қате. Олардың көпшілігі діни ілімі
271
Дін мен Діл
таяз болғандықтан ориенталистердің уәждері мен
бұрмалауларына алданған адамдар болуы ықтимал.
Себебі, олар сүннеттің бізге дейін жетуі мен жазылу та
-
рихын сенімді қайнар көздерден оқыған адамдар емес.
Керісінше сүннетке қарсы субьетивті сыңар езу пікірлерді
ғана тыңдаған немесе оқыған жандар. Мұндай адамдар
ақиқатты түсінген кезде дереу әлгіндей қате ойларынан
бас тартып жатады. Қазақ:
«Адасқанның айыбы жоқ,
қайта үйрін тапқан соң»
демей ме?
Ал іштеріндегі серкелері көп жағдайда қоғамға
таңсық пікірлерді айту арқылы назарын өздеріне
бұрғысы келетін
«лидерлікке»
құштар пенделер. Мұндай
адамдардың жасап жүргені
«Атың шықпаса жер өрте»
дегеннің кері.
Сондай-ақ мұндай пікірлерді жақтаушы секілді
көрінетін кейбір жандар – олар діннен үнемі жеңілдік
іздеп жүрген, құлшылыққа құлықсыз әрі кейбір
күнәларына ақтау іздеп шыққан нәпсіқұмар пенделер.
Олар өздерінің іздегенін осы хадистерді мойындамау
пікірінен тапқан соң, оның дұрысы мен бұрысын анықтап
жатпастан, дереу жақтап шыға келеді.
Қазақ жерінде бас көтере бастаған сүннетті мойын
-
дамайтын бұл ағымның жақтаушыларының сан мөлшері
сұрақта білдірілгендей көп емес. Әсілінде, кез келген
ағым өз жақтаушылырының санын көп көрсеткісі келеді.
Бұл – кез келген тамыры жоқ ағымдарға ортақ құбылыс.
Өздерінің жақтаушыларының санын көп көрсету арқылы
олар санаға психологиялық қысым жасауды көздейді.
Яғни, кейбір адамдар бұлардың артына мұнша адам
ергеніне қарағанда, айтқандары, шынымен де, ақиқат па
деген пікірге баруы мүмкін.
Қазақ жерінде бұл ағымның анау айтқандай ықпалы
болады деп ойламаймын. Себебі, бұл адасқан ағым
272
Достарыңызбен бөлісу: |