Дін мен Діл
болғандығы үшін басқаша амал жасаған. Сондықтан сөзі
емес, ісі негізге алынады.
Үшінші шарт:
Сахих хадис дәлел ретінде қабылдануы үшін хадисті
риуаят еткен кісі егер фақиһ, яғни шариғи мағыналарды
терең түсінетін әрі ижтиһадымен танылған адам болмаса,
ондай кісінің риуаят еткен хадисі – сол мәселеге байла
-
нысты фиқһ ілімінде одан да тереңірек басқа бір адамның
риуаят еткен хадисіне қайшы келмеуі керек.
Демек, Ханафи мәзһабында ахад жолмен жеткен
сахих хадис діндегі жалпы ережеге және басқа сахих
хадиске қайшы келген жағдайда, хадисті риуаят ет
-
кен кісілердің фиқһ ілімін меңгеріп-меңгермегендігі,
пәтуа
берумен
шұғылданып-шұғылданбағандығы
ескеріледі. Егер хадисті жеткізген кісілер фақиһ болма
-
са, яғни, хадистердегі сөздердің шариғи мағынасын терең
түсінетін болмаса, ондай кісілер риуаят еткен хадисі –
басқа сахих хадистермен қайшылыққа түскен жағдайда
негізге алынбайды. Себебі, хадистерді сөзбе-сөз емес,
мағынасы бойынша риуаят ету жиі болғандықтан, ха
-
дис сөздерінің шариғи мағынасын жетік түсінбеген адам
Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолданған сөздің дәл мағынасын
білдіретін сөзді таңдап қолданбауы ықтимал. Ал бір
сөздің, тіпті, бір әріптің өзі дұрыс таңдалмаған жағдайда,
көптеген үкімдерге әсер етуі мүмкін. Сондықтан сахих
хадистер арасында қайшылық туған жағдайда, сөздердің
мағынасын жақсы түсінетін фақиһ рауилердің риуаяттары
негізге алынады. Ханафи мәзһабындағы осы ұстанымға
байланысты Әбу Ханифа мен әл-Әузағидың арасында
болған мына бір қызық оқиғаны бере кетейік:
Суфиян ибн Ъуиайна риуат етті:
«Әбу Ханифа мен
Әл-Әузағи Мекке қаласында Дарул-хаййатинде кездесті.
28
Дін мен Діл
Әл-Әузағи Әбу Ханифаға:
– Сендер, рүкүғқа бара жатқанда және одан
қайтқанда қолдарыңды неліктен көтермейсіңдер?, –
деді.
Әбу Ханифа:
– Себебі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) намазға кірерде
және рүкүғқа бара жатқанда әрі одан қайтқанда қолын
көтергендігіне байланысты хадисі сахих емес, – деп
жауап берді.
Әл-Әузағи:
– Қалайша? Маған Зүһри Сәлімнен, ал Сәлім әкесінен
(Абдуллаһ ибн Омардан), ал әкесі: «Пайғамбарымыздың
намазға бастарда және рүкіғқа бара жатқанда әрі одан
қайтқанда қолын көтергендігін» риуаят етті, – деді.
Әбу Ханифа:
– Ал бізге Хаммад Ибраһимнен, ал ол Алқама
және әл-Әсуадтан, ал олар Ибн Мәсғудттан:
«Пайғамбарымыздың (с.а.у.) намазға бастағанда ғана
қолын көтергендігін және бұл ісін намазда қайта
қайталамайтындығын» риуаят етті, – деді.
Әл-Әузағи:
– Мен саған Сәлімнен және оның әкесінен (Абдулла
ибн Омардан) хадис риуаят етіп отырмын. Ал сен болсаң
Хаммад Ибраһимнен риуаят етті дейсің, – дейді.
Әбу Ханифа:
– Хаммад фиқһта Зүһриден де терең, Ал Ибраһим
Нәхаъи болса, Сәлімнен де терең, Алқамә да Абдулла
ибн Омардан кем емес. Абдулла ибн Омардың сахабалық
артықшылығы бар болса, әл-Әсуадтың да көптеген
артықшылықтары бар. Ал Ибн Масғудтқа аты
аталғандардың ешқайсысы жете алмайды, – деп жауап
берді»
14
.
14
Мұхаммед Әбу Зәһра, Әбу Ханифа, 244-бет.
«Дарул-фикрил-
араби»
баспасы. Египет, Каир қаласы, 1997 ж.
|