Үшінші бөлім. С1.
Жасушаның пішіні, көлемі, құрылысымен атқаратын қызметінің байланысына үш мысал келтіріп, түсіндір.
Суреттегі жасушалар қандай организмдерге тән. Оларға салыстырмалы сипаттама бер
С2. 1. Артық ұғымды көрсетіп, жауабыңды түсіндір: а) ЭПТ, Гольджи аппараты, лизосома, ядро; ә) вакуоль, пластидтер,митохондриялар, жасуша орталығы
2. Дұрыс тұжырымды көрсет:
а) хлоропластардың сыртқы мембранасы тегіс; ә) АТФ рибосомада синтезделеді; б) лизосомалар вакуольден түзіледі; в) жасуша орталығы екі центроильден тұрады.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
Нәруыз бен РНҚ дан тұратын тығыз денешік:
а) ядро; в) ядрошық; с) лизосома; д) рибосома.
Рибосома орналасады:
а) Гольджи аппаратында; в)вакуольде; с) ЭПТ; д) хлоропласта.
Центроиль тұрады:
а) бес топ үш триплетті микротүтікшеден; в) екі үш топ микротүтікшеден;
с) тоғыз үш топ микротүтікшеден ; д) сегіз топ үш микротүтікшеден.
Жасушада тасымалдау қызметін атқарады:
а) рибосома; в) ЭПТ; с) вакуоль; д) лизосома.
РНҚ қайда түзіледі:
а) рибосомада; в) ЭПТ да; с) ядрода; д) ядрошықта
Митохондрияның пішіні мен көлемі:
а) ұзындығы-5 мкм,ені-0,5-1 мкм; в) ұзындығы-6 мкм,ені-0,7-2 мкм:
с) ұзындығы-7 мкм,ені-0,2-1 мкм: д) ұзындығы-8 мкм,ені-0,2-1,5 мкм.
Цитоқанқаның орналасуы мен қызметі:
а) цитоплазмада, тірек; в) цитоплазмада, қорғаныш;
с) митохондрида, тірек; д) митохондрияда, тасымалдау.
Плазмалық мембрана тұрады:
а) екі қабат фосфолипидпен және нәруыздан тұрады.
в) үш қабат нәруыздан және фосфолипидтен тұрады;
с) екі қабат нәруыздан және фосфолипидтен тұрады;
д) үш қабат липидтен және нәруыздан тұрады.
Жасушасыз тіршілік иесі:
а) бактерия в) вирус: с) цианабактерия; д) осцилатория.
Сферосоманың қызметі:
а) жануарлар жасушасында фосфолипидтер, нәруыздарды қорға жинау үшін және үшін;
в) өсімдіктер жасушасында фосфолипидтер, нәруыздарды қорға жинау және өсуі үшін;
с) бактериялардың жасушасында фосфолипидтер, нәруыздарды қорға жинау және өсуі үшін;
д) саңырауқұлақтардың жасушасында фосфолипидтер, нәруыздарды қорға жинау және өсуі үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |