49
Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты – отбасымен
қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдерді ендіру, тәжірибеде
қолдану.
Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа формаларын игеру,
озық тәжірибелерді ендіру;
Ата-аналардың белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін дәстүрден тыс қарым-
қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, рингтер, дөңгелек үстелдер, диспуттар,
пікірталастар т.с.с.);
Отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша өзінің жаңа авторлық жобасын ұсынған
педагогтарға қолдау көрсету.
Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні балабақшамызда кеңінен
қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Дегенмен, отбасымен
жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. Себебі, бүгінгі күннің ата-аналары
жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар
үшін балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-аналар
үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз
етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың
бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып
табылады. Ал ол үшін ата-аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу
керек. Қызықтырып ата-аналардың белсенділігін арттыру бұл балабақшаның басшысымен,
тәрбиешілерге жүктеледі.
Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы
үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу
ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.
«Тәрбие-тал бесіктен басталады» деп халқымыздың ежелгі салты мен тамаша дәстүрі
заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген
қанатты қағидасында да үйлесім табуы бекер емес.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Отбасы және балабақша №1.2015 қаңтар - ақпан
2. М.М.Мұқанов, «Жас және педагогикалық психология» ( Алматы 1982ж)
3. Ү.Тұрғынтаева, «Халық даналығы-адамгерішілік тәрбие құралы. Отбасы және балабақша»
(2001ж)
4. Ғаламтор көздерінен.
БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ
Акыжанова М.С.
№ 108 «Арман» балабақшасы КМҚК
«Адамның адамшылдығы- ақыл, ғылым,
жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».
Абай
Егеменді еліміз ерекше өркенниетке бет бұрған тұста бүлдіршіндерімізді заман талабына
сай, ел тізгінін ұстауға лайық, халық мүддесін ойлайтын жоғары рухты адамзат ретінде
50
тәрбиелеу әрқайсымыздың басты парызымыз. Бүгінгі таңда ата- ана мен балабақша
арасындағы ортақ мәселе- бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім.
Ата- ана үшін бала өмір жалғасы, үміт күткен шырағы, қызық көрсетер болашағы десек,
балабақша үшін педагог еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,
адамзаттық, қадір- қасиеттердің мән- мағынасын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді
патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз»- деп айтқандай, қоғам алдында үлкен
жауапгершілік тұрғаны сөзсіз. Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес, сонымен қатар
балабақша, оны қоршаған орта да әсерін тигізеді.
Отбасы тәрбиесі мен балабақшадағы тәрбие бір- бірімен тығыз байланысты. Ата- ана
балабақшаға көмекші, сенімді тірек болып, ортақ байланысты нығайтқанда ғана тәрбие
жұмысы нәтижелі болмақ.
Сондықтанда бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру- қазіргі білім беру және
тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру
мәселелерінде отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың бірлескен өзара тығыз байланыста
болып, нәтижелі жұмыс түрлерін ұсынып ұйымдастыруы қажет.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.
Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі
жалғасады. Балалақ шақтан бойына орныққан тәрбие, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері
оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған жерге, елге,
халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу- аса жауапты міндеттердің бірі.
«Жұмыла көтерген жүе жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске
асырушылар- балабақша мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса,
ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. Сондықтан тұлғаның қалыптасу
нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін үнемі естен шығармауымыз
керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында:
ата- аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процеске
тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс- әрекетін қамтамасыз ету
қажеттілігін ұсынады. Мектепке жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым- қатынас
барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата- ана мен педагог арасында
сенімділік қатынасты орнату, баламен тәрбие барысындағы кездесетін күйзелістермен бөлісу
және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата- аналардың өзара сабақтастығы мен
серіктестігін төмендегі ұсыныстар арқылы іске асыруға болады:
- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
- іс- әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттеріне, әр түрлі
мерекелік ертеңгіліктерге ата- аналарды қатыстыру, үйірмелерді, көрмелерді ұйымдастыру)
және қосымша қызмет көрсету;
- балалардың ата- аналармен бірлескен шығармашылық түрлерін дамыту;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
Ата- аналарды ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттеріне, бірлескен психологиялық
тренингтерге, мектепке дейінгі мекемеде өтетін түрлі іс- шараларға қатыстырудың маңызды
нәтижесі дегеніміз ата- аналар өз балаларының үйлерінен тыс ортадағы қылығын, оның
басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым- қатынасын
зерттей алады.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты педагог пен ата-
аналардың бала тәрбиелеудегі жауапгершілігі арта түсуде, сондықтан да біздің «Арман»
балабақшамыз оқыту мен тәрбиелеуде отбасымен бірлесе, ынтымақтаса отырып жұмыс
атқарады.
Біздің балабақша балаларды үш жастан бастап қабылдайды. Үш жасқа дейінгі бала
отбасында тәрбиеленеді. Отбасында алған тәрбиені біз одан әрі дамытып, жеке тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеміз.