479
анасы үйде бекіткені маңызды. Ата-ананың “айналайынынан” гөрі, тәрбиешінің тегеурінді
талабы баланың болашағына көп пайдасын тигізерін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр.
ХХІ ғасыр – білім ғасыры, сапалы білімге талап күшейе түскен қазіргі таңда тәрбиешінің
қатаң қадағалауы керек-ақ. Сондықтан “тәрбиеші балама қатал талап қояды” деген ойдан
аулақ болып, ата-ана тәрбиешімен жақсы қарым-қатынас орнатып, жақсы нәтижеге жетуге
бірге атсалысу керек.Ата-ана мен тәрбиешінің ойы, сөзі, қойылатын талабы бір жерден шығып
отырса баланың тәрбиешіге деген жағымды көзқарасы қалыптасады. [4]
Ата-ана баланың көзінше тәрбиешінің беделін арттырып, оны үлгі етіп, мақтан тұту
керек. Тәрбиеші де балаға үлгі болатындай өзінің іс- әрекетін, сөйлеу мәнерін қадағалап, жан-
жақты білімді болу керек. Баланың мектепке тез бейімделуі де көп жағдайда балабақшадағы
тәрбие мен тәрбиешінің біліктілігіне байланысты болады.
Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық
сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан
болады. Көп ата-аналар уақыттың жоқтығын сылтау етіп, баланы тәрбиелеуді тәрбиешінің
еншісіне қалдырады. Кейбір ата-аналар өзінің ісімен, сөзімен балаға дұрыс тәрбие бермей
жүргенін байқамайды. Баланы киіндірдім, тамағын тойдырдым, осымен менің жұмысым бітті
деген сияқты пікірді білдіретіндер де кездесіп қалады.
Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу
тәрбиешілердің міндеті . Бірақ қазіргі заманда өзгенің пікірімен санаспайтын, берілген ақыл-
кеңеске құлақ аспайтын ата-аналарымыздың саны жыл сайын артып келеді. Астарына шет
елдік қымбат көлік мініп алып, үстеріне соңғы үлгідегі бағалы киімдерді киіп алған жас
аналарымыз тәрбиешінің ақыл-кеңесін тыңдамақ түгіл, оларды көзге де ілмейтін сияқты. Оны
көрген бала да тәрбиешіні аса бағалай қоймайтындығы белгілі. Ашып ешнәрсе айтып,
тәрбиешінің сөзіне қарсы келмесе де, көзінен «өзім білемін, өз ақылың өзіңе» дегенді анық
оқуға болатын сияқты.
Отбасы мен балабақша - бұл екі түрлі тәрбие ошағы. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі
мен өмірге, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы бар, олардың балаға берер тәрбиесі де
бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал
жасайды. Ата-аналар және балабакшаның өзара қарым-қатынасының бірден қалыптасуы
сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі,
шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара
қарым-қатынасы өте қиын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және
талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық
бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін,
ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата
- аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі мен міндеттері арта түсуде. Балаларды
тәрбиелеу мен оқытуда отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау
керек. Әрбір тәрбиеші ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа
технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында
жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға
бағытталған жұмыс түрлері алуан.
баланың әрбір жеткен жетістігіне ата- анамен бірге қуанып, баланы шабыттандырып
отыру;
баланың бойындағы қабілеттерін бірлесе отырып дамыту, ал кемшіліктеріне шынай
көзбен қарап түзету;
топтағы балаларды тәрбиелеу ісіне ата - аналарды тарту;
ата-аналармен балалардың бірлескен сайыс, жарыстарын өткізу;
балабақша мен отбасының бір-біріне әсерін нығайту;
Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
480
ата - аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру;
ата-аналарды психологиялық біліммен қаруландыру;
бала тәрбиесінде ортақ тіл табуға шақыру.
Қазіргі заман талаптары мен қажеттіліктеріне орай тәрбиеші ата-аналармен сабақтастық
жұмыстары, дөңгелек үстелдер, пікірталас, жеке әңгімелесу, ашық есік күні, сауалнамалар
таратылып,
көрмелер
ұйымдастырылып,
спорттық
сайыстар
жоғары
деңгейде
ұйымдастырылып, жүргізілсе ата- аналардың балабақша өмірінің тыныс- тіршілігіне
қызығушылығы артып, тәрбиешіге деген сенімділігі ұлғайып, бала тәрбиесіне басқаша
қарайтындығы сөзсіз.[2]
Жаңа өсіп, жетіліп келе жатқан бала гүл тәрізді күтімді керек етеді. Гүлдің сусырап,
шөлдейтіні сияқты, бала да ынта, ықыласқа шөлдейді. Күні бойы қасында аймалайтын анасы
болмаған бала тәрбиешіден жылулықты, аналық мейірімді күтетіні анық. Сондықтан да
тәрбиеші балаға жан-жақты білім беріп, тәрбиелеп қана қоймай , сонымен бірге алақанның
жылуын, аналық мейірімін, жылуын, қамқорлығын аямау керек. Көзі жәудіреп отырған балаға
анасының орнын жоқтатпай, анасындай түсінушілікпен қарап, сонымен бірге қатал талаптар
да қоя білу керек. Ұзын сөздің қысқасы, мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істейтін әрбір
педагог
балаға
туған
анасындай
болу
керек.
«Тәрбиеші баланың екінші анасы » деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы болу
керек. Осы қағиданы ата – ана мен тәрбиеші бірігіп пайдалансақ балабақша мен отбасының
бірлігі нығайып, арта түседі. Тәрбиеші - бала психологиясын жете меңгерген, қазіргі өмір
талабына сай педагогикалық технологияларды өз жұмысында қолдана білетін, бала ренжісе
көңілін көтеретін сайқымазақ,та, ән үйрететін әнші, би үйрететін биші, қысқасын айтқанда
жан-жақты дамыған әмбебап педагог болу керек. Педагог көреген, сезімтал, балаға жүрек
жылуын төге білетін , оның ішкі дүниесін, сезімін көре білетін жан болуы керек. Бала жанына
үңіліп, оның жан-дүниесінде не болып жатқанын анасындай сезе білетін, баланың жанашыры,
досы болу керек.әр баланың өзіндік ерекшеліктерін байқап, бейімділік қабілеттерін жан-
жақты
жетілдірудің
алғашқы
кірпішін
қалайтын
тәрбиеші
педагогтар.
Ойымызды қорытындылар болсақ, бала балабақшаға қуанып келіп, үйіне қуанып қайтуы
керек. Балабақшада жайлы, көңілді, қызықты болатынын, достары көп екенін, ал үйде оны
отбасы жақсы көретінін, үлкендердің оны асыға тосып отыратынын сәби сезсе балабақша мен
отбасы арақатынасының дұрыс жолда екендігі анық. Бала мен тәрбиешінің балабақшада күні
бойы көңілді немесе көңілсіз жүруіне ата-ананың қосар үлесі мол. Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, ата - ана – бала – балабақша тырнақ асты кір іздемей,
бір отбасының мүшесіндей болып, бірінің – бірі кемшілігін жасырып, жақсылығын арттырып
қоян-қолтық, ауыз-бірлікте жұмыс істеу керек. Әрбір ата-ана, әрбір тәрбиеші үштік одақтың
қарым-қатынасын нығайтып, баланың тәлімді тәрбие мен сапалы білім алуына мүмкіндік
жасауы керек. Үштік одақтың берік, ынтымақты болуы тәрбиеші мен ата-ананың тәрбиелік
тұрғыдан көзделген мақсатқа жетуіне көмектеседі. Бүлдіршіндеріміздің жарқын болашағы
үшін барлығымыз ат салысып бір кісідей жұмыс істейік. Бірлестік, түсінушіліктің арқасында
көптеген нәтижелі жетістіктерге жетеміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Отбасы және балабақша. №1.2014жыл
2. Отбасы және балабақша №4 2014 жыл
3. Бала мен балабақша. №8 2010жыл.
4. Мектепке дейінгі тәрбие. №5 2011 жыл.
БАЛАБАҚША МЕН АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ
МАҢЫЗЫ