414
мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, тасымалдау, тарату және
пайдалану қызметтерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау
қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи
объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі
мақсат болып айқындалады.
Музыка пәнінде жаңа әдістерді пайдалану арқылы балабақшадағы сабақтарды жаңаша
ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми –
педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың
құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері
арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас
ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.
Мен осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: жаңаша
тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас
ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген
адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны
ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында
балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа ,
айтыс өнеріне үйретуде - ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен
тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін
біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз
тұғырнамасы болу қажет.
Музыка пәнінің басақа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен
оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу,
қабілетін дамыту, музыкаға деген қызығушылығын арттыру, жақсы ұйымдастрылған сабаққа
байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта
тақырыпқа байланысты, музыка түрлерінің шығу тарихы, музыка түрлері дамыған елдерде,
музыка әр саласындағы белгілі компазиторлар өмірімен Қазақстандағы әлем елдеріндегі
компазиторлар мен музыка жұлдыздары тағы басқа, музыка туралы толық мәліметтер беріп
отыру. Сонымен бірге оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың тағы басқа,
әлем елдеріндегі атақты компазиторлар және мәдени жаңалықтарға шолу жасап отыру қажет.
Осы тұрғыда оқушылар атақты компазиторлардың жетістіктерге жетудегі еңбектерімен
таныса отырып, өздеріде, сабақта әр тапсырманы ыждағаттылықпен, белсенділікпен
орындауға жұмыстанады.
Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының
арттатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып
береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» - дегенді.
Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол
жаңа инновациялық әдіс тәсілдері болып табылады. Бұл-мұғаліммен оқушыға арасындағы
қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, музыкаға деген бейім оқушылармен белсенді жұмыс
істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар, туғызып қабілеті
жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру.
Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып ой толғау жасауға
болады. (мыс: музыка сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек).
Осы арқылы оқушылардың биімділігін арттыруға болады
Күтілетін нәтижені, музыка пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы
шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады.
415
Қорыта айтқанда: Мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды
керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зеттеуге қол жетіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы
әлеуеті артты.
Қолданылған әдебиеттер:
-Сайт бетінен А.З.Сисенованың «Ақпараттық технология-бүгінгі күн талабы» атты мақаласы.
-Сайт бетінен Б.Жолмұқанов «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты мақаласы.
-К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. Тараз. 2003
БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
М.Р Макашева
№ 79 НОМ жанындағы шағын орталықтың қазақ тілі мұғалімі
Бүгінде мемлекеттік тіл туралы көп айтылып жүр. Мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды
да ең өзекті мәселе. Қазіргі таңда қазақ тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам
қажеттілігі болу қажет. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту
жолында әрбір Қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруы тиіс. Білім үрдісінің жеке
тұлғаларының құзырлығын дамыту Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бәсеке басы – білім
деген. Ендеше ұстаздар мен тәрбиешілер қауымы ел басқаратын болашақ жастардың
білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасымыздың үкілі үмітін ақтауға барлық күш-
қуатымызды жұмсағанымыз жөн.
- Әртүрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін қолдану;
- әңгеме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;
- құзіреттіліктің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
Құсқа екі қанат қажет болса, бүгінгі күні мемлекеттік тілді білу сондай қажет екенін бәрі
біледі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы берілген, бұл білім мекемелерінің
мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез
келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді [1].
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде – іс-әрекет жүйесінің барлық элементтері
және әрекетті құрастыру технологияларын қолдану мен қатар, мұғалім келесі педагогикалық
технологияларды пайдалана алады: ойын технологиялары, ұйымдастыру технологиясы,
ақпараттық – коммуникациялық технологиялар. Осылардың ішіндегі ойын технологиясы
туралы айтпақшымыз.
Өзге ұлтты балаларды оқытып-тәрбиелеу ұйымдарда жұмыс істейтін ұстаздар
қауымының басты мақсаты- өзге ұлттың баласын мемлекеттік тілде сөйлету, сұрақтарға жауап
қайтара білуге үйрету. Қазақ сөзінің құдіреттілігін, сырын сезіндіру, тіл үйренуге
ынталандыру. Қазақ тілі оқу әрекетінде өзге ұлтты балаларға қызықты да, тартымды өту үшін
ойынның рөлі өте жзоғары. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып, өткен
тақырыпты берік меңгерту, саналарында сақталып қалуға жұмыс жасау. Сондықтан ойынның
тақырыптық мазмұны басты назарда болуы керек. Тек сол жағдайда ғана балалардың ойлдау
қабілетін дамытып, білімділік, тәрбиелік мақсаттарға жетунге септігін тигізеді.
Оыйндарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар.
Олар: