412
Егер «Неліктен тәрбиеші болу – бақыт?» деген сұрақ қойылса, мен былай деп жауап берер
едім:
- әр тәрбиеші таң нұрымен ілесе келген әр сәбидің мөлдіреген көздерін көруімен бақытты;
- әр тәрбиеші сол балақайлардың періште тілінде сөйлеген бал тілін естуімен бақытты;
- әр тәрбиеші бүлдіршіндердің шынайы да сыңғырлаған күлкісін естуімен бақытты;
- әр тәрбиеші біріне-бірі ұқсамайтын балалардың тәтті де, ерке қылығын сезінуімен бақытты;
- әр тәрбиеші икемсіз саусақтарға жан бітіріп, түрлі дағдылар үйретуімен бақытты;
- әр тәрбиеші қанша балаға қызықты ертегі айтып, қиялын самғатып-ұшыруымен, алғашқы
білім
беруімен,
сауатын
ашуымен
бақытты;
- әр тәрбиеші бүлдіршіндерінің тәтті ұйқыға енген сәтін көруімен бақытты;
- әр тәрбиеші сол кішкентай шәкірттерінің ұядан ұшып, өмірдің толқынына қосылып, үлкен,
мықты, дарынды азаматтар болғандығына куә болып, сол жеткіншектердің тағдырына аз да
болса,
өзінің
үлесін
қосқандығымен
бақытты…
…Мен де сол бақытты тәрбиешілердің бірімін.
Өзімнің шығармашылығымнан мына өлеңді назарларыңызға ұсынамын.
Ұстаз – Ұлы адам
Ұстаз болу келе бермес, әр адамның қолынан,
Бұл тарап тұрады екен, ізденіс пен жаңашылдық жолынан.
Шәкірті шыңға шығып, қол жеткізсе мақсатқа,
Мәртебесі көтеріліп, айы туар оңынан.
Әр баланың жүрегіне жол табу,
Ұстаз деген ұлы адамның міндеті.
Бойдағы бар қасиетті көрмесе,
Ұстаз емес, ол ғасырдың індеті.
Талабыма нұр жауып, бағаланса еңбегім,
Алдымдағы асуларды ойымда бар жеңбегім.
Үлгі тұтам даналардың ілімін,
«Ұстаз» деген Ұлы адамның бірімін.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә.« Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». -2007
2. М.Б. Ибраимов, А.Қ. Сарсенбаева, Р.Н. Ахметова «Жетекші тәрбиеші»
« МУЗЫКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР»
Майпасова З.С.
«Қарлығаш» б/б КМҚК ән жетекшісі
Қарағанды қаласы
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық
прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне
де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ
413
жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі
түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың
жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсатым - әрбір сабақтың оқу - тәрбиелік
мүмкіншіліктерін ескере отырып, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Бүгінде оқыту жұмысын
осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты
оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың
жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға
итермелейді.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері
арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты
дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі
мақсаты-балаларға сапалы білім саналы тірбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық
дамуын қорғау және нығайту.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен
берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін
табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы
ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру
жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. Сонымен қатар,
мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы
зор.
Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті
білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады.
Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік
қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға
білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру
керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы
бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз
тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ
балабақшаларында ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі
де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті
педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі , ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп тәрбие
үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы
да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра,
шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу
музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды
да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани
бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару -
ұстаздардың басты мақсаты.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті
тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік
кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға
мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып қолданыс табуда.
Осындай құралдардың бірі- мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен
пайдалану. Бұл жағдайда мұғалім ә оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер
ауыстырмаған болар еді.
Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі
«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін
қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім
кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлемде
индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық