319
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына арналған
«Қазақстан-2030. Өркендеу, барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі және әл-ауқатын
жақсарту» Жолдауында медициналық және медициналық емес сипаттарды құрайтын
халықтың денсаулығын қорғау деңгейін жоғарылату қажеттілігін белгілейді: «Біз қоғам құру
барысында, біздің азаматтардың денсаулықтары өмір бойы сау болу деңгейін
жоғарылатуымыз қажет және оларды табиғи орта қоршауы тиіс»
Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті. Соңғы жылдардағы статистика
мәліметтері бойынша балалар денсаулығы күрт төмендеп кеткендігі байқалып отыр.
Бұның барлығы балалар денсаулығын сақтайтын технологияларды оқу-тәрбие
үрдісіне қолдануын туғызып отыр. Бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі оқу
орындарында денсаулықты сақтайтын технологиялар қолданылады.
Қазіргі таңда біздің елімізде әлемдік білім алуға бағытталған білім берудің жаңа жүйесі
қарқын алуда. Бұл процесс педагогикалық теория мен практикадағы өзгерістермен қабаттаса
жүреді: яғни мектепке дейінгі мекемелер баламен жұмыс істеудің мазмұны мен оның әдіс-
тәсілдерін таңдау құқығына ие. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі
мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты
мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен
тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Білім беру жүйесінде
инновациялық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім
алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып
табылады. Сондықтан балабақшадағы оқыту, тәрбие беру қызметін ұйымдастыру мен балада
рухани байлықтарды қалыптастыру біздің қоғамның табысты дамуына себепші болады.
Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген инновациялық технологиялардың бірі -
денсаулық сақтау технологиясы. Денсаулық сақтау технологиясы – денсаулыққа әсер ететін,
баланың өмір сүру жағдайы мен білім алу сипатын есепке ала отырып, бала денсаулығын
сақтау және нығайту бойынша шаралар жүйесі. Денсаулық сақтау технологиясын қазақ тілі
ұйымдастырылған оқыту іс-әрекетіне енгізудің бағыты – баланың қазақ тілін үйренуге деген
қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызатын әдіс-тәсілдерді қолдану, шаршағандық пен
жалығуды болдырмауға әкелетін эмоционалдық көңіл-күй құру.
Бала шаршаған кезде ішкі тежелу пайда болады да, баланың зейіні әлсірейді, олар басқа
нәрсеге алаңдап, сөйлесе бастайды. Аз уақытты жаттығулар мен ойындар ойналып, бала қысқа
уақыт белсенді дем алса, баланың зейіні көтеріліп, оқу материалдарын қабылдау жақсарады,
бала ағзасын белсендіреді. Сондықтан ақыл-ойдың жұмысқа қабілеттілігін көтеру үшін,
шаршағандықтың алдын алу үшін мен сергіту сәттерін өткізе отырып, ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті барысындағы психологиялық ахуалды анықтап, эмоционалдық бәсеңдету жүргізіп,
баланың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын қатаң қадағалай отырып, осыған сай
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жұмыс жүргізіп, қимыл-әрекеттерді алмастыру
жұмыстарын жүргіземін. Сергіту сәттерін тиімді өткізудің міндетті шарты-жағымды
эмоционалдық фон. Егер жаттығуларды қызықсыз, жалықтыратын күйде өткізсеңіз, онда
баладан өзің күткен нәтижені ала алмайсың. Педагогтың денсаулық сақтау жұмысының негізгі
құрамдас бөлігі – оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру.
Оқыту-тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастырудың көрсеткіші: оқу-тәрбие
жүктемесінің көлемі – ұйымдастырылған оқыту іс-әреттері мен олардың жас ерекшеліктеріне
сай ұзақтығы.
Оқыту-тәрбиелеу жұмысының негізгі формасы – мұғалімнің шеберлігі мен осы мәселені
шешуде басқа да қорларды пайдаланатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. Әрбір жаңа
ұйымдастырылған оқыту іс-әрекеті – тәрбиеленушінің дамуы мен білімінің баспалдағы, оның
ақыл-ой және адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы жаңа үлес, сондықтан әрбір
өткізілген оқыту іс-әрекетін құрастыру мен оны жүзеге асыру өте маңызды болып табылады.
Менің оқыту іс-әрекетімнің құрылымы: сәлемдесу; шаттық шеңбері; тілдік дағдыларды
қалыптастыру жаттығулары; рефлексия; қоштасу.
320
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жиі өткізілетін белсенді – қимыл сипаттағы сергіту
сәттері, динамикалық үзіліс, аз қимылды ойындардың маңызы ерекше. Сондықтан денсаулық
сақтау технологиясы педагогтың әрбір ҰОІӘ гі негізгі мақсат екендігін біліп, түсіну өте қажет.
Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мадақтау әдісі де қолайлы, кез-келген баланың
атқарған жұмысын мадақтап, оның қандай да жаттығуды орындай алатынына мүмкіндік беру
керек. Кез –келген оқу іс-әрекетінде баланың жақсы эмоциясын оята білу керек. Жағымды
эмоция: қуану, сүйіспеншілік, жайдары, ақ жарқын, ал жағымсыз эмоция: қорқыныш, қайғы,
үрейлену.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалардың бойында тек жағымды эмоцияларын
қалыптастыру қажет, сонда балалардың сабаққа деген ынта жігерлері молайып,
қызықғушылықтары арта түседі.
Балалардың бойы әрдайым шынығып тұруы керек. Оқу іс-әрекетінде қанша отырып
жұмыс істесе, соншалықты қозғалыста болуы керек.
Шынығу –ағзаның қорғаныш механизмін жоғарлатады, әр түрлі ауруларға, қарсы тұру
қабілетін тұрақтандырады;
жұмыс істеу қабілетін жоғарлатады;
көңіл күйді жақсартады;
сергек сезінуге көмектеседі;
адамның жәгерлі қабілетін дамытады;
мақсатқа жету мен дегеніне ұмтылуын қалыптастырады;
ағзаның зат алмасу процесін жақсартады;
Осы шынығу, әрдайым қозғалыста болу адам ағзасына зор ықпал етеді.Тек қазақ тілі
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ғана емес, басқа да оқу іс-әрекеттерінде баланың
денсаулығына аса мән беру керек деп ойлаймын.
Оқу іс-әрекет барысында оқушылардың шаршауын болдырмау мүмкін емес. Әйтсе де,
мұғалімнің міндеті – баланы шаршататын әсерлерді азайту, оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда
денсаулыққа зияны, әсері тимейтін әдістерді, технологияны қолдану. Мұғалімнің үлгерімі
жақсы балалармен қарым –қатынаста олардың есімін атап, сөйлесетін жағдай жиі кездеседі.
Ал керісінше үндемейтін, тұйық баланың бар – жоғын елемей, назарын аудармауы да балаға
жайсыз әсер етеді, білім алуға деген ынтасын төмендетеді. Әр адам баласының жаратылысы
әр түрлі, сол табиғатына қарай қабілеттері де әр түрлі болып жатады. Мұғалім баланың осы
жаратылысына баса назар аударуы тиіс, кейбір бала мұғалімнің өзін елемегендігін өте ауыр
қабылдауы мүмкін, ал керісінше екінші бір бала мұғалімнің өзіне назар аудармағанын
пайдаланып, өз ісімен айналысып уақытын бос өткізеді. Жалпы денсаулыққа зиянды әсер
ететін факторлар:
Дұрыс тамақтанбау.
Зиянды әдеттерге үйірсектік.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалармен жұмыс
Дене белсенділігінің шектеулілігі.
Бала денсаулығы басты мақсат сондықтан баланың денсаулығын нығайту, жетілдіру
үшін аянбай еңбек ету керек. Әрқашан жан –жақты ізденісте болып, баланың мінез-құлығына
аса назар аудару керек. Балабақша ұжымы мен балалар қауымы салауатты өмір салты үшін
күресе білуі қажет.
Өзімнің тәжірибемнен түсінгенім, денсаулық сақтау технологиясы өзіне өте терең, өте
күрделі көзқарасты қажет етіп, теория, технологияларды өңдеуді талап етеді. Педагогикалық
денсаулық сақтау технологиясына релаксация, динамикалық үзіліс, жаттығулар (саусақ, көзге,
демалуға арналған), қатынас ойындары, ертегітерапиясы, психологиялық жаттығулар,
фонетикалық жаттығулар жатады. Өзімнің жеке тәжірибем көрсеткендей, оқытуға денсаулық
сақтау технологиясын енгізу, денсаулық сақтау технологиясының кешенін қолдану мектеп
жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын оятады,
балалардың науқастану көрсеткішінің төмендеуіне, ұжымдағы психологиялық ахуалдың
жақсаруына әкеледі. Осы технологияны меңгерген мұғалімдер өз жұмыстарын қызықты әрі