Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет107/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   363

221 

 

Сонымен қатар ата – аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне  байланысты  



екендігін  түсіндіріп  толық тыңдату үшін  сиқырлы сөздер:  баласының   жетістігін   айту, 

сенімді      болу,  көңіл    күйіне      қарау,  намысына      тимеу,  материал      арқылы    сөйлесу    ( 

анкета,  тест,  т.б), қарапайымдылық, пікірін  сыйлау жолдарын  қолдану. 

Сонымен  қатар      «Бәйтерек»  балабақшасының  директоры  мен  әдіскерлерінің 

бастамасымен  балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының 

әлеуетін  арттыруға  бағытталған  жұмыс  жоспары    құрылып,  ата-аналардың  педагогикалық 

және психологиялық және медициналық сауаттылығын көтеру, оқыту үшін түрлі  жұмыстар 

ұжымдасып жүргізілуде. Ол үшін ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста  жұмыс жасайтын 

мамандар қызметі  интеграциялануда. Балабақшамызда  тәжиреибелі мамандардан құрылған 

топ  бала, ата-ана, педагог арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыратын  басты тұлғалар. 

Ата-аналарға  берілетін    әрбір    кеңес,  әңгімелесу,  тесттер,  анкеталар,  ашық  есік  күні, 

байқаулар,   ермектік ойын – сауықтар , жарыстар т.б шаралар  ата-аналар үшін тиімді және 

түсінікті болу басты шарт.  Бұл бастама  жұмысы бойынша   ата-аналар қалауы  3  формада 

жұмыс жасайды жеке, топтық, топаралық.  Ата-аналарды пегагогикалық үрдіске тарту арқылы 

бала  тәрбиесінің  мақсат,  міндеттерінің  түсінуіне,  бала  тәрбиесін  ойдағыдай  іске  асыруына 

ықпал  етеді.  Ата-ана  баланың  мүмкіндігін  ескеру,  сонымен  қатар  кідіріс  те  болдырмау 

керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтайтын жағдайлардың 

кешені  өз  деңгейінде  болу  қажет.  Олар  отбасының  тұрмыстық  жағдайы,  құрылысы  және 

отбасы  мүшелерінің  саны,  психологиялық  жағдайы,  мәдени  білім  деңгейі,  ата-ана  өнегесі. 

Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс әрекеттеріне қалыптастырудың маңызды нәтижесі ата-

аналар  өз  балаларының  оларға  тән  емес  ортадағы  қылығын,  оның  басқалармен  қалай 

араласуын,  білім  деңгейін,  құрдастарының  оған  деген  қарым-қатынасын  зерттей  алады.  Өз 

баласының  дамуы  басқалардан  артта  қалған  жоқ  па,  балабақшада  ол  үйдегідей  емес,  өзін 

басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің 

өзге нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген сұрақтар  «іске қосылады».  

Балабақша      педагогтары    арнайы  жабдықталған  бөлмелерде  ата-аналар  балалардың 

логикалық  ойлау  қабілеті,  интелектуалдық  дарындылығы,  есте  сақтау  қабілеттері  түрлі 

логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілеттерін қалай дамыту 

керек екенін әр түрлі іс-әрекеттер арқылы көрсетеді. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді 

еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастырады. 

Балалар шығармашылығын дамытуды қалай және қай жастан бастау керек екенін мамандар 

арқылы  кеңес  алады.  Ата-аналармен  жүргізілген  жұмыстарда  ата-аналар  балалар  болып 

жұмыстар жасайды.  Балабақша ашылған күннен   жұмыс жасап келе жатқан  бұл  бағдарлама   

«Бәйтерек»  балабақшасына      келген  әр  ата-ананың    сұранысы  орындалып  жыл  соңында 

мамандар  тарапынан      сараптама  жасалып  отырады.  Ата-аналармен    жүргізілетін  мұндай  

жоспарлы  жұмыс   бізге не береді: 

-  Серіктестік  пен  ынтымақтастық  негізінде  отбасы  мен  мектепке  дейінгі  білім  беру 

ұйымдарында  балаларға  қойылатын  біркелкі  талаптармен  біріңғай  білім  беру  кеңістігін 

қамтамасыз ету

-  Балалардың  отбасы  мен  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  психикалық-физикалық 

денсаулығын қамтамасыз ету: 

- Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету; 

-  Отбасы  жағдайында  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  дамыту  мен  тәрбиелеу  мәселелері 

бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету; 

- Балалармен бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрінде қамтамасыз ету. 

- Баланың  ортаға тез бейімделуі, құрдастарымен қарым –қатынасын нығайту. 

«Еліңнің  келешегін  айтайын,  бүгінгі  тәрбиелеген  балаңды  көрсет»  деп  Төле  би  айтса, 

«Ел болам десең – бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай нақты түйіндеген серіктестік пен 

ынтымақтастықтың негізінде балабақшамен қамтылмаған балалары бар отбасы мен мектепке 

дейінгі  білім беру ұйымдарында балаларға берілетін  талаптар нақты болған  жағдайда бала, 

ата-ана, педагог ынтымақтастығы  орнайды, [4.57-б.]. Тәрбие жүйелі және нәтижелі болады. 



222 

 

Тағы  атап    өтетін  жайт,  жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа-



адамгершілік-рухани  тәрбие  беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды 

қалыптастыру  оның  туған  кезінен  басталуы  керектігі.  Халықта  «Ағаш  түзу  өсу  үшін 

оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп 

бекер  айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік, 

қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті 

тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани –адамгершілік тәрбие- екі 

жақты  процесс.  Бір  жағынан  ол  үлкендердің,  ата-аналардың,  педагогтардың 

балаларға  белсенді  ықпалын,  екінші  жағынан-  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын 

қылықтарынан,  сезімдері  мен  қарым-  қатынастарынан  көрінеді.  Сондықтан  белгілі  бір 

мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог 

істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. 

Адамгершіліктің  негізі  мінез-құлық  нормалары  мен  ережелерінен  тұрады.  Олар 

адамдардың  іс-қылықтарынан,  мінез-құлықтарынан  көрінеді,  моральдық  өзара  қарым-

қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара 

көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, 

мінез-құлық  пен  өзара  қарым-қатынастың  бөлінбес  элементтері,  олардың  негізінде 

қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. 

Баланың  өмірге  белсенді  көзқарасының  бағыты  үлкендер  арқылы  тәрбиеленеді. 

Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру 

арқылы  нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  өмірде,  үлкендердің 

қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске 

асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, 

жан-жақты  іс  әрекетінде,  қоғамдық  өмірдің  құбылыстарымен  танысу  кезінде, 

балаларға  арналған  шығармаларымен,  суретшілер  туындыларымен  танысу  негізінде  іске 

асады.  Мұндай  мақсатқа  бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек  сүйгіштікке,  ізгілікке, 

ұжымдық  пен  патриотизм  бастамасына  тәрбиелеуге,  көп  дүнеині  өз  қолымен  жасай  алуды 

және  жасалған  дүниеге  қуана  білуді  дамытуға,  үлкендер  еңбегінің  нәтижесін 

бағалауға  тәрбиелеуге  мүмкіндік  жасайды.  Балаларда  ортақ  пайдалы  жұмысты  істеуге 

тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне 

өздері  қатысуға  талпыныс  пайда  болады.  Мұның  бәрі  де  баланың  жеке  басының  қоғамдық 

бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.  

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің 

және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. 

«Балалар  бақшасындағы  тәрбие  бағдарламасы»  мектепке  дейінгі  балалардың  жан-

жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда 

басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы 

балалар үшін үлгі бола отыра,  ата-анадар мен  педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке 

басы  қалыптасады.  Оның  ықпалы  неғұрлым  белсендірек  болса,  баланың  сезімдерін  жан-

жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді. 

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы 

арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала 

қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, 

ойында  ұнамды  әдеттер,  өзара  қарым-қатынастар,  адамгершілік  сезімдер  қалыптасады, 

еңбекте-еңбек  сүйгіштік,  үлкендер  еңбегін  құрметтеу,  сондай-ақ  ұйымшылдық, 

жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. 

Т. Б. Қалыптасады.  

Ата-ананың  болашақ  тәрбиесі  үшін  жауапкершілігі  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасуда. 

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген 

жұмысы  – балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе 

соны  істегісі  келетінін  бәріміз  де  білеміз.  Баланың  үйден  көргені,  етене  жақындарынан 




жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау