97
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске
асырушылар – балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана
мақсатымыз нәтижелі болмақ. Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі –
айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге
баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге
үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы
болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.
Отбасы – барлығының басы, жан-жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты.
Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық,
дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше-баланың алғашқы
тәрбиешілері. Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына
дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы
«ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.
Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не
жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А.Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата –
аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде
отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата –
аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана
отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың
балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Ата – аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
* Ата – ананың бала тәрбиелеуге деген көзқарасын өзгерту;
* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер
ететінін атап өту;
* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;
Ал міндеттері:
* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата – ананың өміріндегі тұрақтылық пен
болашаққа деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие
жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата -
аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті
түрде қолданылуда. Олар ата – аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді. Отбасы
тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және
оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды
тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата –аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .
Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?
Ол үшін біз ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын,
отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата –аналардың ұсыныс -
пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады.
Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып
жасаған тиімді. Себебі, ата -аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне
байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс –
пікірлермен санаса отырып ата –аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар,
консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар,
ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс- тәсілдері қарастырылады.
Әлеуметтік
дамытушы
орта
қалыптастыруға
көмек
көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына
дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципінің
98
негізінде жүзеге асуынан байқауға болады. Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және
отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді. Егер де
тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық
жүктемелерге тап болады.
Дамытушы ортаға:
Демалыс аймағы;
Интеллектуальдық - танымдық аймақ;
Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
Ойын аймағы.
М.Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек,
одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек». Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің
құдіреттілігін байқатады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу,
ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата- аналар және топ жиналыстарына ата –
аналарды тартудың қажеттілігі:
*Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;
* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
* Балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды;
* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
* Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу
жоспарларымен танысады;
* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар
екендігін сезінеді.
*Тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі
туады.
Тәрбиешілер ата – аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында
төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:
бір – біріне көңіл бөлу
тыңдау
сыйлау
көзбе – көз қарау
тиімді орынды таңдау
әзілді сезіну
ұрыс – керістен сақтану сияқты
Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты
екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін:
Сиқырлы сөздер айту;
Баласының жетістігін айту;
Сенімді болу;
Көңіл - күйіне қарау;
Намысына тимеу;
Материал арқылы сөйлесу (анкета, тест, т.б);
Қарапайымдылық;
Пікірін сыйлау.
Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары
* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы, өнегелі ата-ана болуды
шешім етеді;
* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне
байланысты болады;
* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету
емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;