Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



жүктеу 325,75 Kb.
бет2/2
Дата23.05.2018
өлшемі325,75 Kb.
#16684
1   2

СИЛЛАБУС


ОРГАНИЗАЦИОННОЕ ПОВЕДЕНИЕ


СИЛЛАБУС
Мамандығы: 5В030400-Кеден iсi, 5В050700-Менеджмент

Оқыту нысаны: күндізгі


Курс: 2

Семестр: 3

Кредиттер саны: 3

Сағаттар саны: 135

Дәрістер: 15

Практикалық сабақтар: 30

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45


Емтихан: 3

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Силлабус 5В030400-Кеден iсi, 5В050700-Менеджмент бағыттары бойынша күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге арнайы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес «Инновациялық менеджмент» кафедрасында құрылды.

Инновациялық менеджмент кафедрасының отырысында бекітілді


Кафедра меңгерушісі Ж.Т.Конурбаева
Хатама №____ ____________________ж.

Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды (ЭжМ)


Төраға Г. Пестунова

Хаттама №____ ______________________ж.


Жасаған А.Т.Казыкешова


Лауазымдары оқытушы

Нормабақылаушы Т.В.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫЛАР ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАР
«Инновациялық менеджмент» кафедрасы, «Экономика және менеджмент» факультеті (ауд. Г-3-204)

Оқытушылар: Казыкешова Акмарал Турсынбековна, оқытушы, экономика магистрі, Жұмыс телефоны: 540-939

Аудиториялық сағаттар және кеңес беру уақыты: сабақ кестесі мен оқытушының жұмыс кестесіне сәйкес.

1.1 Курстың саясаты
«Ұйымдық мінез-құлық» курсын игеруде студенттер міндетті түрде келесі ережелерді сақтауы керек:

- университеттің ішкі тәртіп ережесі мен жарғысын мүлтіксіз орындау;

- сабаққа міндетті қатысу;

- оқу үдерісіне белсенді араласу;

- үй тапсырмасы мен басқа да жұмыс түрлерін орындау;

- барлық бақылау жұмыстарын міндетті орындау.

Студентке қойылатын негізгі талаптар:

Студент оқытушы белгілеген уақытқа дейін барлық тапсырмаларды орындауға міндетті (ерекше жағдайларда тапсырмалар кеш тапсырылуы (қорғалуы) мүмкін, бірақ тапсырма үшін баға 20-30% төмендетіледі). Студент уақытты тиімді қолдану үшін, яғни материалды талқылау, өзін қызықтыратын және қажетті сұрақтарды қою, сабақта қарастырылатын мәселелерді сыни тұрғыдан шешу үшін дайныдалып келу керек.


1.2 Пәнге сипаттама
Пән 1 семестрге есептелген, 15 дәрістен, 30 семинар сабақтарынан, 45 сағат СОӨЖ-ден тұрады. Атаулы пәнді оқыту әдістемесі білім берудің теориялық және практикалық нысандарына сәйкес негізделген. Пәнді игеруде оқылатын материалды бекітудің түрлі насындары қолданылады: есептерді шешу, тестілеу, тірек кестелерді қолдану арқылы ауызша жауап беру, сауалнамалар, коллоквиумдар, сынақтар, конференциялар.

    1. Қысқаша курс туралы

Ұйымдық мінез-құлық ғылым ретінде, ол ұйымның жеке жұмыскерлері мен жұмыскерлер тобына әсер етуші факторларды зерттеу. Қазіргі заманғы ұйымдарды және олардың қызмет етуін қамтамасыз ететін адам ресурстарын тиімді басқару күрделі проблемалармен ұштасады. Штатты қысқарту, жұмыс күшін диверсификациялау, ақпараттық жарылыс пен білім дамуындағы сәттіліктер, ғаламдық бәсеке, сапаны кешенді басқару – бұлардың барлығы тек қазіргі терминдердің жинағы ғана емес: бұл құбылыстар менеджерлер қазіргі кезде тап болып отырған және болашақта тап болатын қатаң ақиқатты сипаттайды. Бұл кешенді проблемаларды шешуді көптеген әдістері ұсынылған. Бірақ ең қарапайым, неғұрлым дұрыс шешімді Сэм Уолтонның «Адамдар – сәтілікке қол жеткізудің кілті» деген сөздерінен табуға болады.

Адамдарды түсіну, сонымен қатар оларды тиімді басқару пәннің мәні болып табылады. Ұйымдық мінез-құлық адам факторын ұйымда және менеджментте қолдануды зерттеуді жүзеге асырады.





    1. Курстың мақсаты мен міндеттері

Курстың мақсаты келесі мәселелер бойынша теориялық білімді игеру болып табылады: қазіргі заманғы менеджер қызметінің мазмұны мен сапаларын үлгілеу; адамның ұйымда өзін ұстауы; топтық динамика; басшы мен оның қарамағындағылар арасындағы қарым-қатынастар; ұйымдағы лидерлік; жаңалықтады енгізуге психологиялық дайындық. Қоршаған орта мен парадигма өзгерістерімен байланысты проблемаларды қарастыру. Ұйымдық мінез-құлықтың үлгісі құрылатын теориялық әдістерді салғастыру. Ұйымдық мінез-құлықтың қазіргі заманғы теориясын дамытуға негіз болған Хоторндық зерттеулердің нәтижелерін қалыптастыру. Ұйымдық мінез-құлыққа жаңаша көзқарасты менеджерге жеткізу.

Курстың міндеттері ұйымдық мінез-құлық бойынша білімдерді алу, халықаралық тәжірибені игеру болып табылады.

Осылайша, алға қойылған мақсаттарды шешу болашақ менеджерлердің ұйымдық мінез-құлық саласындағы негізгі білімді игеру және кәсіби дағдыны игеруге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Ұйымдық мінез-құлық» курсы аяқталған соң студент:


  1. білуге міндетті:

- ұйымдық мінез-құлық курсының маңызды түсініктерін;

- ұйымдық мінез-құлық курсының мәнін, қызметін және мақсаттарын;

- ұйымдардың құрылымы мен негізгі типтерін;

- менеджер қызметінің мазмұны мен сапасының үлгісін;

- ұйымдағы жеке тұлғаны, ұйымдағы лидерлікті, ұйымдық мәдениетті;

- ұйымда өзін өзі ұстау теориясын, топтық динамиканы, қызметкерлердің мотивациясын.

2) келесілер бойынша дағдыларды игеруі керек:

- отандық және шетелдік тәжірибені жалпыландыра алу;

- басқару стилін анықтай алу, ұйымдағы қықтығысты жоя алу;

- сыртқы жағдайларға сүйенбей, өзінің жеке мұмкіндіктерін қолдана алу.

3) келесілер туралы түсінігі болуы тиіс:

- өндірістік ұйымдарда жиі кездесетін жағдайлардың құрылымы мен маңызы туралы;

- ұйымда шешім қабылдаушы адамның психологиялық ерекшеліктері туралы.



    1. Курстың пререквизиттері

«Ұйымдық мінез-құлық» курсы студенттердің келесі пәндер бойынша білімдеріне негізделеді: менеджмент теориясы мен практикасы, ұйым теориясы, стратегиялық менеджмент, инновациялық менеджмент, қызметкерлерді басқару, макроэкономика, мемлекет және бизнес, құқық негіздері.





1.6 Ұқсас пәндердің тізімі
Еңбек ресурстарын басқару, Өндірістік менеджмент, Қызметкерлерді басқару, Еңбек ұжымын басқару және басқару жұмысын ұйымдастыру, Әкімшілік менеджмент және т.б.

Тиімді басқару шешімін таңдау – кез келген қызметтің тиімділігінің қажетті шарты. Басқару шешімдерінің негізделуінен ұйым менеджменті жүйесінің тиімділігі, ең алдымен ресурстарды қолдану мен өнім сапасының нәтижелігі тәуелді.



2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Дәріс сабақтарының тақырыптары


      1. Ұйымдық мінез-құлықтың негіздері – 1 сағат.

Ұйымдық мінез-құлыққа кіріспе. Пайда болып жатқан ұйымдар: ақпараттық технологиялар, сапаны кешенді басқару және ұйымдық үйрету. Қазіргі заманғы проблемалар: жұмыс күшін әр тараптандыру және этика.


      1. Ұйымдық мінез-құлыққа микро көзқарас – 1 сағат.

Сезіну мен қабылдауды салыстыру. Қабылдау үрдістері. Қабылдаудың мәні мен маңызы. Қабылдау үрдісі мен әсерді басқару. Қабылдауды ұйымдастыру: Фон-фигура; Қабылдауды топтау; Қабылдаудың константтылығы; Қабылдаудың контекстісі; Перцептивті қорғану.


      1. Жеке тұлға мен нұсқаулар – 1 сағат.

Жеке тұлға деген не? Адамның өзі туралы ойы: өзін-өзі сыйлау және өзіндік тиімділік. Лидерлік: дереккөздері мен үрдіс ретінде. Лидерлік: стильдері, қызметі мен дағдылары.


      1. Жұмыс орнын жобалау арқылы еңбекті мотивациялау – 1 сағат.

Мотивация: сұраныстар, мазмұны мен үрдістері. Үйрету: үрдістері, ынталандыру жүйелері мен мінез-құлықты басқару.


      1. Ұйымдық мінез-құлыққа макро көзқарас – 1 сағат.

Коммуникациялар техникасы мен тұлғааралық үрдістер. Коммуникацияның көлі туралы мәселелердің тарихы. Файольдің қосқан үлесі. Барнардтың қосқан үлесі. Қазіргі заманғы әдістер. Коммуникациялық технологиялар. Вербальды емес коммуникациялар. Төмен түсетін және өрлеп келе жатқан коммуникациялар.


      1. Ұйымдардың теориясы мен құрылуы – 1 сағат.

Классикалық теория және ұйымның құрылуы. Бюрократтық құрылымдардың модификациясы. Ұйымдардың қазіргі заманғы теориясы: Ұйым ашық жүйе ретінде. Ұйым ақпаратты өңдеу көзқарасы тұрғысынан. Ұйымды құрудың заманға сай әдістері.


      1. Ұйымдық мәдениет - 2 сағат.

Түсінік пен сипаты. Күшті және әлсіз мәдениеттер. Мәдениеттің типтері. Мәдениетті қалыптастыру және қолдау. Ұйымдық мінез-құлықтың халықаралық аспектілері. Ұйымдық өзгерістер мен ұйымдық даму.
2.1.8 Шешімдерді қабылдау. Шешімдерді қабылдаудың психологиялық негіздері – 1 сағат.

Шешімдерді қабылдау үрдісінің табиғаты. Шешімдерді қабылдаудың тиімділігі. Креативтілік пен шешімдерді топпен қабылдау. Адамның мінез-құлқын зерттеудің когнитивтік психологиясы. Адамның есіндегі ақпараттарды өңдеу кезеңдері. Адам есінің модельдері. Күрделі ақпаратты өңдеу әдістері. Шешімдерді қабылдауда адамның мінез-құлық теориясы. Ойлау үрдісіндегі баламалардың генерациялауының кезеңдері мен әдістері. Басқару шешімдерін өңдеуде сезуді қолдану.




      1. Ұйымдағы қақтығыстар – 1 сағат.

Ұйым түсінігі мен ондағы қақтығыстар. Ұйымдағы қақтығыстарды таптастыру. Конфликтогендер, қарым-қатынастың«саботажшылары», қақтығысты жағдайлардың образдары, қақтығысты жағдайдың картасы. Құрылымдық қатынас дағдысын игеру. Қақтығыстың алдын алу. әріптестікті қолдау мен дамытудың әдістері.


      1. Басқару қатынасы – 1 сағат.

Тиімді қатынас пен орынды мінез-құлық технологиялары. Тиімді қатынас технологияларының түсінігі және олардың негізгі мазмұны. Сын өнері. Қарым-қатынас үрдісіндегі серіктестердің мінез-құлқының үлгілері. Қарым-қатынас үрдісіндегі манипулятивті технологиялар мен оларға қарсы тұру. Қарым-қатынас үрдісіндегі стратегиялар мен тактикалардың технологиялары.
2.1 11 Менеджердің қызметінің мазмұны мен сапасының үлгісі – 2 сағат.

Менеджердің жеке сапалары. Менеджердің негізгі құзыреттері. Жалпы компетенциялар, дифференциалды компетенциялар, жеке компетенциялар.




    1. Семинар (практикалық) сабақтардың тақырыптары



  1. ЛИО әдістемесі бойынша жеке тұлғаның кәсібін құру.

  2. Лидер және басшы. Салыстырмалы сипаттама. Басшы рөліне психологиялық дайындық.

  3. Іскерлік қатынас. Жұмыскерлермен, ИТЖ, орынбасарлармен, басшылармен іскерлік қатынас тактикасы. Вербальды және вербальды емес қатынас. Жаттығулар.

  4. Қатынастың үш жағы. Коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

  5. Ықпал етудің психологиялық және психологиялық емес құралдары. Ықпал етудің мақсаттары. Ықпал етудің түрлерін таптастыру. Айлалы әрекет және өнімді қатынас.

  6. Басқарудың әлеуметтік жауаптылығы. Ақша табу мен экологияны сақтауды ақылмен біріктіре алу қабілеті. Қабылданған шешімдердің нәтижелерін зерттеу.

  7. «Дельфи» әдісі.

  8. Ұйымдық мәдениет ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын көрсету нысаны ретінде. Топта өзін ұстаудың ережелерін сипаттау.

  9. «Ниеттің түзулігін тәрбиелеу» кейс-стадиясын талқылау (Корпоративтік мәдениет)

  10. Х, Y, Z мәдениеттері. Келтірілген мысалдардан мәдениеттің типін анықтау.

  11. Т.Лиридің тұлғаарлық қатынас диагностикасы әдістемесі.

  12. Қоршаған ортаны танудың когнитивтік үрдістері.

  13. «Новичок» кейс-стадиясын талқылау.

  14. Тиімді шешімдерді қабылдау әдістері.

  15. Басқару шешімдерін қабылдаудың психологиялық аспектілері.



    1. СОӨЖ-ді өткізу кестесі

СОӨЖ консультациялық сабақтарды өткізуде. Кеңес алу сабақтарында неғұрлым күрделі дәрістік материалдар, сонымен қатар пәнді ары қарай игеру мүмкін емес қосымша материалдар қарастырылады. Осы сабақтарда қорғау мерзімі алдын ала келісілген рефераттарды тыңдау орындалады.

2.4 СӨЖ-ді орындау мен тапсыру мерзімінің кестесі

Студенттердің өздік шығармашылық жұмысы келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

- үй тапсырмаларын орындау (жеке тақырыптар бойынша есептерді өздігінен шешу, есептелген көрсеткіштер бойынша қорытындыларды жасау);

- осы силлабуста ұсынылған тақырыптар бойынша екі реферат жұмысын орындау;

- кроссвордтарды, тестерді, тапсырмаларды құрастыру;

- «Орынды басқару шешімін жасау және таңдау – кез келген қызметтің тиімділігінің қажетті шарты» тақырыбына эссе жазу (2 баспа беттен кем емес).


Рефераттардың тақырыптары:

  1. Ұйымдық мінез-құлық: түсінік, зерттеу пәні мен мазмұны.

  2. Ұйымдық мәдениет ұйымдық мінез-құлықты қалыптастырудың факторы ретінде.

  3. Инновациялық үрдістегі ұйымдық мінез-құлық.

  4. Менеджердің әлеуметтік-психологиялық портреті және оның ұйымдық мінез-құлықты қалыптастыруға әсері.

  5. Басшылықтың корпоративтік философиясы.

  6. Ұйым жүйе ретінде.

  7. Ұйым үрдіс ретінде.

  8. Ұйымдық мінез-құлықтың құрылымы.

  9. Ұйымдағы коммуникациялар.

  10. Ұйымдық мінез-құлықтағы ықпал ету психологиясы.

  11. Ұжымды басқару ерікті ықпал етудің бір түрі ретінде.

  12. Ұйымдық мінез-құлықтың субъектілері.

  13. Жеке және топтық мінез-құлықтың диагностикасы.

  14. Ұйымдық мінез-құлықтың диагностикасы.

  15. Ұйымдық өзгерістер үрдісіндегі басшының мінез-құлқы.

  16. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты.

  17. Ұйымдағы қақтығыстар.

  18. Ұйымның имиджі – ұйымдық мінез-құлықтың көрінісі.

  19. Бұрмаланған ақпарат және оның ұйымдық мінез-құлыққа әсері.

  20. Ұйымдық мінез-құлық түсінігі мен типтері.

  21. Тиімді команданы қалыптастыру және дамыту.

22. Қазіргі заманғы ұйымдық мінез-құлықтың тарихи негіздері.

23. Сыртқы байланыстардың ұйымның жағдайына әсері.

24. Ұйымдық қатынастар.

25. Әлеуметтік ұйымның арнайы заңдары.

26. «Ұйым» түсінігіне жүйелі тұрғыдан қарау.

27. Тиімді жұмысқа кедергі жасайтын шектеулер.

28. Ұйымдық мінез-құлықтың нормалары, мазмұны, критерийлері.

29. Ұйымдық мінез-құлықтың нәтижелілігі. Құндылықтар.

30. Ұйымдық өзгерістер мен ұйымдық даму.

31. Лидерлік: дереккөздері мен үрдіс, қызмет пен дағды.

32. Ұйымдық мінез-құлыққа микро көзқарас.


  1. Ұйымдық мінез-құлыққа макро көзқарас.

  2. Қабылдау үрдісі мен әсерді басқару.

  3. Жеке тұлғаны дамыту мен әлеуметтендеру. Адамның өзі туралы ойы: өзін-өзі сыйлау және өзіндік тиімділік.

  4. «Дельфи» әдісі негізіндегі басқару шешімдері.

  5. Нұсқаулардың табиғаты мен негізгі сипаттары. Жұмыспен байланысты нұсқауларды тудыратын факторлар.

  6. Еңбекке қанағаттану. Еңбекке қанағаттануға әсер етуші факторлар.

  7. Топтардың табиғаты. Топтардың қалыптасу динамикасы. Топтардың типтері.

  8. Ынталандырулардың ұйымдық жүйесі. Ақшалай ынталандыру. Материалдық емес ынталандару.

  9. Формальды емес топтардың динамикасы. Формальдық емес топтардағы нормалар мен рөлдер.

  10. Қазіргі заманғы жұмыс жағдайларындағы командалар. Командалардың табиғаты. Командалардың тиімділігі.

  11. Лидерліктің дереккөздері мен классикалық зерттеулері.

  12. Лидерліктің жалпы теориясы. Лидердің мінез-құлқының теориялары. Лидерліктің ситуациялық теориясы. «Жол-мақсат» лидерлігінің теориясы.

  13. Лидерлікке жаңа теориялық тұрғыдан қарау. Харизматикалық лидерліктің теориялары. әлеуметтік үйрету теориялары. Қайта құрушы лидерліктің теориясы.


2.5 Рефераттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
Студенттің рефераты зерттеудің мақсаты мен құрылған жоспарға сәйкес орындалады. Рефераттың мәтіні қолмен түсінікті жазумен жазылады немесе компьютерде теріледі (14 шрифт Times New Ro­man) формат беттері А4, аралық интервал – 1,5, жалпы көлемі: машинкаға басылған мәтін - 10-15 бет, қолмен жазылған мәтін - 15-20 бет, реферат келесілерден тұрады:

1. Титулды бет. Оны дұрыс ресімдеу беттің жоғарғы бөлігінде білім беру басқармасы республикалық органының атауы, оқу орнының атауын толық жазуды талап етеді. Төменірек кафедраның атауы жазылады. Титулды беттің ортасында рефераттың тақырыбы жазылады. Сәл төменірек, оң жақта рефератты орындаушы (тобы, аты-жөні) мен ғылыми жетекшінің (ғылыми дәрежесі, атағы, аты-жөні) аты-жөні жазылады. Титулды беттің төменгі жағында қаланың атауы мен рефераттың жазылған жылы көрсетіледі.

2. Мазмұны (рефераттың жоспары мен құрылымы).

3. Кіріспеде тақырыпты таңдау негізделеді, реферат тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығы көрсетіледі, тақырып бойынша әдебиеттерге қысқаша шолу жасала отырып рефераттың мақсаты мен міндеттері анықталады.

4. Негізгі бөлім таңдалған тақырып бойынша аналитикалық шолудан тұрады, ол атаулы жұмысты жазудың қажеттілігін анықтауға және мақсаттарын қалыптастыруға негіз болады. Негізгі бөлім зерттеліп отырған тақырып бойынша статистикалық мәліметтерді біріктіреді, сонымен қатар онда жинақталған статистикалық мәліметтер бойынша қорытындылар жасалады.

Тарау мен тараушалардың атауын толық жазу керек. Беттер нөмірленуі қажет. Сілтемелер екі тік жақшаның ішіне алынып, беттің төменгі бөлігінде көрсетіледі. Беттердің нөмірленуі ретімен, сілтемелердің келтірілуі бойынша қойылуы тиіс.

5. Қорытындыда теориялық қорытындылар, қажет болған жағдайда практикалық ұсыныстар келтіріледі.

6. Қолданылған әдебиеттердің тізімі – жұмыстың соңында алфавиттік ретте келтіріледі. әдебитеттердің жалпы тізімі келесі тәртіппен беріледі: мақала авторының аты-жөні, тегі, журнал немесе заңнама жиынтығының атауы, басып шыққан жері, жылы, нөмірі мен беті көрсетіледі.

Жұмысты орындау барысында келесі парамертлерді сақтаған жөн: сол жағы - 30 мм, оң жағы - 15 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, төменгі жағы - 15 мм.

Беттердің нөмірленуі кіріспеден басталады(3 бет). Беттің нөмірі парақтың оң жақ бұрышына қойылады.

Тараулардың атауы бас әріппен мәтінге симметриялы жазылады.

Параграфтардың атауы жаңа абзацтан басталып жазылады, соңында нүкте қойылмайды.

Жұмыстың әрбір құрылымдық бөлігі жаңа беттен басталып жазылуы тиіс. Тараулар мен параграфтардың атауы олардың мазмұнын ашатындай нақты болуы керек. Бұл жерде «тарау» және «параграф» деген сөздер жазылмайды.

Құрылымдық бөліктер мен мәтін арасындағы қашықтық үш интервалдан тұруы керек. Осындай қашықтық келесі мәтін мен одан кейінгі параграфтың атауы арасында да сондай.

Сандық материал кесте түрінде келтірілуі тиіс. Әрбір кестенің атауы болуы керек, ол «Кесте» деген сөзден кейін жазылады, «Кесте» сөзі беттің оң жағында, оның атауы беттің ортасында орналасады. Кестелер араб цифрларымен нөмірленеді. Мысалы: бірінші тараудың 1 кестесі (Кесте 1.1). Сызбалар, суреттер оларды қарауға ыңғайлы етіп орналастырылуы керек. Сонымен қатар олардың атауы мен нөмірі болуы керек.

Жұмыста келтірілген барлық суреттерге жұмыстың мәтінінде сілтемелер келтірілуі керек. Мысалы: «1 суретті қара».

Рефератты қорғау

Рефератты қорғау дәрісханада бекітілген уақытта жүзеге асырылады. Қорғау үшін студент рефераттың тақырыбы бойынша баяндама дайындайды. Қорғау уақыты - 10 минут. Студент баяндаманы оқып аяқтаған соң оған жазылған жұмыс бойынша сұрақтар қойылады. Жұмыстың қорғауға жіберілмеуіне әсер етуші критерийлер:



  • Жұмыстың тақырыбы мен мазмұны пәнге қатысты емес.

  • Реферат жоспарының дұрыс құрылмауы.

  • Жұмыстың көлемі 10 беттен кем және 20 беттен артық емес.

  • Рефератты ресімдеу әдістемелік нұсқау мәліметтерінің талаптарына сәйкес келмейді (беттердің нөмірленуі, әдебеттер тізімінің қате немесе толық емес рессімделуі және т.б.).



3 СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
«Ұйымдық мінез-құлық» пәні бойынша студенттің білімін бағалау бақылаудың ағымдық, аралық және қорытынды нысаны көмегімен жүзеге асырылады.

Ағымдағы бақылаудың түрлеріне сабаққа қатысуын, дәрістер конспектісін тексеру, практикалық сабақтардағы жұмыстарды апта сайын бағалау, өздік жұмыстарының тапсырмаларын апта сайын тексеру, ағымдағы бақылау жұмыстарын тексеру, тест тапсырмаларының жауаптарын тексеру жатады.

Аралық бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 14 аптасында өткізіледі және тақырыптық модуль бойынша студенттің білімін бағалауға арналады.

Семестр 2 аттестацияны қарастырады (2 рейтингтік мерзім): 1 аптадан 7 аптаға дейін, 8 аптадан 14 аптаға дейін. Әрбір рейтингтік мерзімде (бірінші және екінші) студент сабаққа қатысу, дәрістердің конспектісін апта сайын тапсыру, практикалық сабақтардағы апта сайынғы жұмыс пен үй тапсырмасын орындау, сонымен қатар аралық бақылауда тест тапсырмасын жазу арқылы максималды 100 баллды жинайды. Баллдарды тапсырма түрлері мен семестр апталары бойынша бөлу 1.1 кестеде келтірілген.

100 шегінде ұсынылған тақырыптардың ішінен СОЗЖ бен СҒЗЖ орындағаны үшін қосымша 30 балл жинай алады. СОЗЖ бен СҒЗЖ тақырыптарының тізімі төменде берілген.

Қорытынды бақылау нысаны – емтихан. Емтихан тест түрінде өткізіледі. Тест 40 сұрақтан тұрады. Емтихан үшін максималды балл – 100.


Кесте 3.1 – Рейтингті семестрдің апталары мен жұмыс түрлері бойынша саралау

баллдар


Ағымдағы бақылаудың (жұмыстың) түрі

Апта семестр

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысуы

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1




Дәрістердің конспектісі

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1




Практикалық сабақтардағы жұмыс

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2




СӨЖ-ді тапсыру




5

5

5

5

5

4

5

5

5

5

5

5

5




Негізгі тақырыптар бойынша СӨЖ-ді қорғау




3

3

3

3

3

3

3

3

4




4




4




Ағымдағы бақылау



















10



















10




Шығармашылық жұмыстар






















4






















Бақылау жұмыстары







5




5




5










5













Барлығы

Жұмыс түрлері бойынша апта сайынғы рейтинг:



4

12

17

12

17

12

26

16

12

13

14

13

9

23




Рейтингтік мерзім

Рейтинг 1 (100 балл)

Рейтинг 2 (100 балл)




Тақырыптың нөмірі

1

2

3

4

5

5

6

6

7

7

8

9

10

11

11


4 ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Ұйымдық мәдениет түсінігіне анықтама беріңіз.



  1. Вербальды емес коммуникациялардың рөлі қандай?

  2. «Үйретуші ұйым» термині нені білдіреді?

  3. Лидердің ұйымдық ортадағы рөлі қандай?

  4. Ұйымдық мінез-құлықтың мәні неде?

  5. Жұмыс орындарын жобалаудың негізгі әдістерін сипаттаңыз.

  6. Ұйымдық мінез-құлыққа микро көзқарас.

  7. Ұйымдық мінез-құлыққа макро көзқарас.

  8. Тұлға деген не? Жеке тұлғаның дамуы мен әлеуеттену.

  9. Әлеуметтік қабылдау. Атрибуция. «Ореол» эффектісі. Стереотипизация.

  10. Жұмыскерлердің құзыреттерін бөлу.

  11. Сапаны кешенді басқару.

  12. Ұйымдық мінез-құлықтың үлгісі.

  13. «Мотивация» түсінігінің мәні.

  14. Бастапқы мотивтер. Жалпы мотивтер. Құмарлық мотивтері. Тәуелділік мотиві. Манипуляция жасау тілегінің мотиві.

  15. Қайталама мотивтер. Билік мотивтері. Қол жеткізу мотивтері. власти. Статус мотиві.

  16. Еңбек мотивациясының тәсілдері.

  17. Еңбек мотивациясының мазмұндық теориялары (Маслоу, Герцберг, Альдерфер).

  18. Еңбек мотивациясының процессуалдық теориялары (Теория Врума, Модель Портера-Лоулера).

  19. Еңбек мотивациясының қазіргі заманғы теориялары (Әділеттілік теорияы, Атрибуция теориясы, Жаңадан қылаптысқан теориялар).

  20. Жұмыс орнын жобалау (ЖОЖ).

  21. Жұмыс орындарын жобалау тәсілдерінің мәнін сипаттаңыз.

  22. Ұйымды құрудың қызіргі заманғы әдістері (Жобалық, матрицалық, желілік, виртуалды ұйымдастыру, горизонталды ұйымдастыру).

  23. Әлеуметтік ақпаратты өңдеу әдісін сипаттаңыз.

  24. Еңбек өмірінің сапасы мен әлеуметтік техникалық жобалау.

  25. Еңбек өмірі сапасының әдістері: өздігінен басқарылатын бригадалар.

  26. «Дельфи» әдісін қандай жағдайларда қолдану орынды?

  27. Миға шабуыл әдістемесін жүргізудің мәні неде?

  28. Топтарды қалыптастыру динамикасы.

  29. Тұлға ішіндегі қақтығыс. Фрустрациядан туындаға қақтығыс. Мақсаттар қақтығысы.

  30. Тұлға арасындағы қақтығыс. Тұлға арасындағы қақтығысты талдау.

  31. Тұлға арасындағы қақтығыстарды шешу стратегиялары.

  32. Ұйымдық қақтығыс. Құрылымдық қақтығыс.

  33. Қазіргі заманғы ұйымдардағы қақтығыстардың алатын рөлі.

  34. Келіссөздерді енгізудің дәстүрлі әдістері.

  35. Ұйыммен байланысты стрес факторлары.

  36. Стрестің топтық факторлары.

  37. Стрестің жеке факторлары: мінездің рөлі.

  38. Тұлға аралық коммуникация үрдісі үшін кері байланыстың маңызы.

  39. Ұйымдағы стреспен күресу тәсілдері.

  40. Биліктің мәні. Билік, құзырет және әсер арасындағы айырмашылықтар.

  41. Өрлеп келе жатқан коммуникацияның тиімділігін арттыру әдістері.

  42. Ұйымдардағы интерактивті коммуникациялар.

  43. Интерактивті коммуникациялардың салдары мен оларды қолдану диапазоны.

  44. Интерактивті коммуникациялардың мақсаттары мен әдістері.

  45. Шешімдерді қабылдаудың мінез-құлықтық аспектілері.

5. СҒЗЖ мен СОЗЖ тақырыптары


  1. Биліктің классификациясы.

  2. Биліктің ситуациялық әдістері.

  3. Жекелік әдіс адам мен оның ұйымдағы қызметін басқарудың кілті ретінде.

  4. Лидерлердің әрекеттері мен рөлдері. Табысты және тиімді лидерлер.

  5. Ұйымдағы өзгерістерді басқару. Ұйымдағы арнайы даму.

  6. Қызметкерлердің әлеуметтік-рөлдік және кәсіби-рөлдік типтері және оларды басқарудың ерекшеліктері.

  7. Ұйымдық мінез-құлықты басқарудың практикалық психологиясы.

  8. Ұйымдық мінез-құлықтың қазіргі заманғы теориясының дамуына негіз салған Хоторндық зерттеулер.

  9. Серіктестер және бәсекелестермен әрекет ету стратегиясы.

  10. Ұйымдық мінез-құлық қақтығыстарын шешу және талдау.

  11. Қызметкерлер мотивациясының ұйымдық факторлары.

  12. Адам мінез-құлқының когнитивті әдістері.

  13. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік стильдері.

  14. Басқарудың мотивациялық стильдері.

  15. Ұйымдық мінез-құлық менеджменттің бихевиористік әдісі ретінде.

  16. Ұйымдық мәдениетті тәрбиелеу мен ұйымдық мінез-құлықты қалыптастырудағы лидердің рөлі.

  17. Ұйымдық мәдениет: құндылықтар, клиенттерге, қызметкерлерге, ұйым басшылығына, бәсекелестерге, ақпаратқа, мемлекетке қатынас нормалары.

  18. Ұйымның миссиясы ұйымның мәдени-мінез-құлықтық құрастырушыларының негізі ретінде.

  19. Ойындар теориясының негіздері. Олардың қақтығысты жағдайларда қолданылуы.

  20. Ықпал: ерікті және еріксіз, конструктивті және конструктивті емес.

  21. Жыныс ерекшеліктерінің кәсіби қыметті орындауға және қызметкерлердің мінез-құлқына әсері.

  22. Бсақару қатынасы. Қызметкерлермен қарым-қатынас. Басшымен қарым-қатынас. Қоластындағымен дара кеңес.

  23. Адамның өзіне көзқарасы басқа адамдарға, табиғатқа, еңбекке және ақшаға қатынасының призмасы ретінде.

  24. Ұжымның даму кезеңдері және әрбір кезеңнің басқару ерекшеліктері.

  25. Ұйымдық мінез-құлықтың әлеуметтік үйрету әдісі.

  26. Қатынас ішкі қатынастың сыртқы көрінісі ретінде.

  27. Жұмыс күшінің әр алуандығының табиғаты.

  28. Жұмыс күшінің әр алуандығын басқару.

  29. Иерархия мен мақсаттылық. Беймәлімділікті ретімен шешу принципі.

  30. Ұйымдық мінез-құлықтың моделі.

  31. Қазіргі заманғы проблемалар: жұмыс күшінің диверсификациясы мен этика.

  32. Полимәдениетті ұйымды қалыптастыру.

  33. Назар аударудың сыртқы факторлары. Әсер етудің жылдамдығы, жаңашылдығы мен танымалдылығы, қайталануы, жылжуы, қарама-қарсылығы, көлемі.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ




        1. Алиев В.Г., Дохолян С.В. Организационное поведение: Учеб.пособие. – Махачкала: ИПЦ Даггосуниверситета, 1998.

        2. Громкова М.Т. Организационное поведение: Учеб.пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.

        3. Джордж Дж.М., Джоунс Г.Р. Организационное поведение. Основы управления: Учеб.пособие для вузов: Пер.с англ./ Под ред.проф.Е.А. Климова. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.

        4. Еропкин А.М. Организационное поведение: Конспект лекций. – М.: ПРИОР, ИВАКО Аналитик, 1998.

        5. Карташова Л.В., Никонова Т.В., Соломанидина Т.О. Поведение в организации: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 1999.

        6. Карташова Л.В., Никонова Т.В., Соломанидина Т.О. Организационное поведение: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2000.

        7. Кочеткова А.И. Введение в организационное поведение. – М.: ЗАО Бизнес-школа «Интел-синтез», 2001.

        8. Кравченко В. Ф., Кравченко Е.Ф., Забелин П.В. Организационный инжиниринг. – М.:ПРИОР, 1999.

        9. Красовский Ю.Д. Организационное поведение: Учеб.пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ, 2000.

        10. Лютенс Ф. Организационное поведение: Пер.с англ. – М.: ИНФРА-М, 1999.

        11. Мастербрук У. Управление конфликтными ситуациями и развитие организации: Пер.с англ. – М.: ИНФРА-М, 1996.

        12. Молл Е.Г. Организационное поведение: Учеб. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 2000.

13. Ньюстром Дж. В., Дэвис К. Организационное поведение: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Н. Каптуревского. – СПб.: Питер, 2000.

14. Организационное поведение: Учебник для вузов / А.Н. Силин, С.Д. Резник, А.Н. Чаплина и др. // Под ред. Проф. Э.М. Короткова и проф. А.Н. Силина. – 2-е изд., испр. и доп. – Тюмень: Вектор Бук, 2001.

15. Резник С.Д. Организационное поведение: Учебник. – Пенза: ПГУАС, 2005.

16. Резник С.Д., Игошина И.А. Организационное поведение: Методические указания к практическим занятиям. – Пенза: ПГАСА, 2002.

17. Рева В.Е. Теория организации и организационное поведение (организационная психология): Учеб.пособие. – Пенза: ПГАСА, 1999.

18. Спивак В.А. Организационное поведение и управление персоналом. – СПб.: ПИТЕР, 2000.



19. Человек и бизнес. Путь к совершенству: Научно-популярное издание / Под общ. Ред. А.И. Аппенянского. – М.: Барс, 1995.

20. Шкатулла В.И. Настольная книга менеджера по кадрам. – М., 1998.
жүктеу 325,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау