27
- ӛрт қауіпсіздігі;
- ӛнеркәсіптік қауіпсіздік;
- термиялық қауіпсіздік;
- химиялық қауіпсіздік;
- электр қауіпсіздігі;
- ядролық және радиациялық қауіпсіздік;
- аспаптар мен жабдықтар жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бӛлігіндегі электромагниттік үйлесімділігі;
- ӛлшем бірлігі;
- қауіпсіздіктің басқа түрлері.
Техникалық регламентте техникалық реттеу объектілерінің тізбесі
және (немесе) сипаттамасы, осы объектілерге қойылатын талаптар және
техникалық регламентті қолдану мақсатында оларды сәйкестендіру
қағидалары болуға тиіс.
Техникалық
регламент
тәуекел
дәрежесін
ескере
отырып
айқындалатын сәйкестікті бағалау қағидалары мен нысандарын (оның
ішінде техникалық регламентте сәйкестікті растау схемалары, берілген
сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін
ұзарту тәртібі болуы
мүмкін), техникалық реттеудің әрбір объектісіне қатысты сәйкестікті
бағалаудың шекті мерзімдерін және (немесе) терминологияға, орауға,
таңбалауға немесе затбелгілерге және оларды салу қағидаларына
қойылатын талаптарды қамтуы тиіс.
Сәйкестікті бағалау құрылысы аяқталған объектіні мемлекеттік
бақылау (қадағалау), аккредиттеу, сынау, тіркеу, сәйкестікті растау,
қабылдау және пайдалануға беру нысандарында және ӛзге де нысанда
жүргізіледі.
Техникалық регламенттерде қамтылған ӛнімге немесе олармен
байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), ӛндіру, салу, монтаждау,
баптау,
пайдалану, сақтау,
тасымалдау, ӛткізу
және кәдеге жарату
процестеріне, сәйкестікті бағалау ережелері мен нысандарына қойылатын
міндетті талаптар, сәйкестендіру ережелері, терминологияға, орауға,
таңбалауға немесе затбелгілерге және оларды салу ережелеріне қойылатын
талаптар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей
қолданылады және тиісті техникалық регламентке ӛзгерістер мен
толықтырулар енгізу жолымен ғана ӛзгертілуі мүмкін.
Техникалық регламенттерге енгізілмеген ӛнімге немесе олармен
байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), ӛндіру, салу, монтаждау,
баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, ӛткізу және кәдеге жарату
процестеріне, сәйкестікті бағалау ережелері мен нысандарына қойылатын
талаптар, сәйкестендіру ережелері, терминологияға, орауға, таңбалауға
28
немесе затбелгілерге және оларды салу ережелеріне қойылатын талаптар
міндетті сипатқа ие бола алмайды.
Техникалық регламент ӛнімнің сипаттамасына немесе олармен
байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), ӛндіру, салу, монтаждау,
баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, ӛткізу және кәдеге жарату
процестеріне қойылатын талаптарды қамтуы тиіс.
Техникалық регламенттерде зиян келтіру қатерінің дәрежесін ескере
отырып, ӛнімге немесе олармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса
алғанда), ӛндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау,
ӛткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын арнайы талаптар,
азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандар, жүкті
әйелдер, бала емізетін аналар, мүгедектер) қорғауды қамтамасыз ететін
терминологияға, орауға, таңбалауға немесе заттаңбаларға және оларды
салу ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін.
Техникалық регламенттер ӛнімнің шығарылған еліне және (немесе)
орнына немесе ӛнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау, ӛндіру,
салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, ӛткізу және
кәдеге
жарату процестерін, мәмілелердің түрлерін немесе ерекшеліктерін
және дайындаушы, орындаушы, сатушылар, сатып алушылар болып
табылатын жеке және заңды тұлғалардың және заңды тұлғалардың жүзеге
асырылуын тәуелсіз бірдей түрде және тең шамада қолданылады.
Техникалық регламентте азаматтардың ӛміріне немесе денсаулығына
зиян келтіретін, осы ӛнімді ұзақ пайдаланған кезде жинақталатын және
жол берілетін тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін басқа
факторларға тәуелді ӛнімге қойылатын талаптар қамтылмайды. Мұндай
жағдайларда техникалық регламент сатып алушыны ықтимал зиян туралы
және ол тәуелді факторлар туралы хабардар етуге қатысты талапты қамтуы
мүмкін.
Халықаралық
стандарттар, егер мұндай пайдалану Қазақстан
Республикасының
климаттық
және
географиялық
ерекшеліктері,
техникалық және технологиялық ерекшеліктер салдарынан немесе ӛзге де
негіздер бойынша мүмкін емес деп танылса, не егер Қазақстан
Республикасы белгіленген рәсімдерге сәйкес халықаралық стандарттарды
немесе олардың жекелеген ережелерін қабылдауға қарсы болса,
техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу үшін негіз ретінде толық
немесе ішінара пайдаланылуға тиіс.
Ұлттық стандарттар техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу
үшін негіз ретінде толық немесе ішінара пайдаланылуы мүмкін.
Техникалық регламент ӛнімге немесе олармен байланысты жобалау,
ӛндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, ӛткізу
және
кәдеге жарату процестеріне, терминологияға, буып - түюге,
29
таңбалауға немесе заттаңбаларға және ӛнімнің жекелеген шығу
орындарында қолданылатын оларды салу ережелеріне қойылатын арнайы
талаптарды қамтуы мүмкін.
Техникалық регламенттер сондай-ақ жекелеген елдерден және
орындардан шығарылатын ӛнімге қатысты ең аз қажетті ветеринариялық-
санитариялық және фитосанитариялық шараларды, оның ішінде
биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әкелуді, пайдалануды,
сақтауды, тасымалдауды, ӛткізуді және
кәдеге жаратуды шектеуді
(дайындаушы пайдаланған қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдеріне
қарамастан) белгілейді.
Заңмен немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
немесе техникалық реттеу жӛніндегі атқарушы ӛкімет мемлекеттік
органының нормативтік құқықтық актісімен қабылданатын техникалық
регламент ресми жарияланған күнінен бастап кемінде алты ай ӛткен соң
күшіне енеді.
Достарыңызбен бөлісу: