SIM картасын салу
ЕСКЕРТУ:
SIM салу кезінде картаның кесілген бұрышын суретте көрсетілгендей
орналастырыңыз. SIM картасының артын алдына қаратып немес алдыңғы жағы төмен қарай
орналастырылған болса, батареяны өз орнына салу мүмкін емес жəне SIM картасы мен SIM
картасының қосқышына зақым келуі мүмкін.
Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты күш
салмаңыз.
SIM картасын салу үшін
1.
Компьютердің жұмысын аяқтаңыз. Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде
тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат қосқышын басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін
компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
2.
Дисплейді жабыңыз.
3.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
4.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
5.
Компьютерді төңкеріңіз де, батарея ұясын сізге қаратып, жалпақ бетке орналастырыңыз.
6.
Батареяны алып тастаңыз.
7.
SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына
жайлап басыңыз.
8.
Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Егер батарея өз орнына орналастырылмаса, мобильді кең ауқымды НР желісі
ажыратылады.
9.
Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
10.
Компьютерді қосыңыз.
34
Бап 3 Интернет
SIM картасын алып тастау
SIM картасын алып тастау үшін
1.
Компьютердің жұмысын аяқтаңыз. Егер компьютердің өшірулі немесе күту күйінде
тұрғандығына сенімді болмасаңыз, қуат қосқышын басып, компьютерді өшіріңіз. Одан кейін
компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
2.
Дисплейді жабыңыз.
3.
Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
4.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суырыңыз.
5.
Компьютерді төңкеріңіз де, батарея ұясын сізге қаратып, жалпақ бетке орналастырыңыз.
6.
Батареяны алып тастаңыз.
7.
SIM картасын басып (1), картаны ұясынан шығарып алыңыз (2).
8.
Батареяны орнына салыңыз.
9.
Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.
10.
Сыртқы құрылғыларды қайта жалғаңыз.
11.
Компьютерді қосыңыз.
Мобильді кең ауқымды НР желісін пайдалану (таңдаулы модельдерде ғана)
35
Мобильді кең ауқымды НР желісін теңшеу утилитасын
пайдалану (таңдаулы модельдерде ғана)
Мобильді кең ауқымды НР желісін теңшеу утилитасы обильді кең ауқымды НР желісін орнату
туралы жалпы ақпаратты қамтиды.
ЕСКЕРІМ:
Мобильді кең ауқымды НР желісін теңшеу утилитасы барлық аудандарда
қолданылмайды.
Мобильді кең ауқымды НР желісі бірінше рет қосылған кезде Приступая к работе с HP Mobile
Broadband (Мобильді кең ауқымды НР желісімен жұмысқа кіріскенде) беті ашылады.
36
Бап 3 Интернет
Bluetooth сымсыз құрылғыларын қолдану
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
●
Телефондар (ұялы, смарт телефон)
●
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
●
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
рангілі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғысын теңшеу мен пайдалану туралы
ақпарат алу үшін, Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Bluetooth жəне Интернетке қосылуды ортақ пайдалану (ICS)
НР компаниясы Bluetooth қосылымы бар бір компьютерді басты компьютер ретінде орнатып, оны
басқа компьютерлер Интернетке қосылатын шлюз ретінде пайдаланбауды ұсынбайды. Екі
немесе одан да көп компьютер Bluetooth арқылы қосылған кезде жəне компьютерлердің біреуінде
Интернетке қосылуды ортақ пайдалану мүмкіндігі қосылған кезде басқа компьютерлер
Интернетке Bluetooth желісі арқылы қосылмауы мүмкін.
Bluetooth күші сіздің компьютеріңіз бен ұялы телефон, принтер, камера жəне қалта компьютерлер
арасында берілетін мəліметтерді қадамдастыруға негізделген. Екі немесе одан да көп
компьютердің Bluetooth арқылы Интернетті ортақ пайдалану үшін үздіксіз қосылу мүмкінсіздігі
Bluetooth жəне Windows амалдық жүйесінің шектеуі болып табылады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын қолдану
37
4
Мультимедиа
Мультимедиа мүмкіндіктері
Музыканы тыңдауға, киноларды қарауға жəне суреттерді қарауға мүмкіндік беретін компьютерде
мультимедиалық мүмкіндіктер қамтылған. Компьютерде төмендегідей мультимедиа бөліктері
болуы мүмкін:
●
Музыка тыңдауға арналған кірістірілген үндеткіштер
●
Суретке жəне бейнеге түсіруге мүмкіндік беретін кірістірілген веб-камера
●
Музыканы, киноларды жəне суреттерді ойнатуға жəне басқаруға мүмкіндік беретін алдын ала
орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құрал
ЕСКЕРІМ:
Компьютерде барлық тізімделген бөліктердің қамтылмауы мүмкін.
Мына бөлімдерде компьютермен бірге жабдықталатын мультимедиалық бөліктерді анықтау мен
пайдалану əдісі сипатталады.
Мультимедиалық бөліктерді анықтау
Компьютердің мультимедиалық функциялары мына суреттер мен кестелерде сипатталады.
38
Бап 4 Мультимедиа
Достарыңызбен бөлісу: |