Функция
Пернелер тіркесімі
Ұйқы күйін қосады.
fn+f1
Кескінді ауыстырады.
fn+f2
Экран жарықтығын төмендетеді.
fn+f3
Экран жарықтығын ұлғайтады.
fn+f4
QuickLock құралын іске қосады.
fn+f6
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта
қосады.
fn+f8
Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f10
Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f11
Компьютер пернетақтасында жылдам перне пəрменін пайдалану үшін мына əрекеттердің біреуін
орындаңыз:
●
fn
пернесін аз уақыт басып, жылдам перне пəрменінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз.
– немесе –
●
fn
пернесін басып ұстап тұрып, жылдам перне пəрменінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз
да, пернелердің екеуін бір уақытта босатыңыз.
Ұйқы күйін қосу
Ұйқы күйін қосу үшін
fn+f1
пернелер тіркесімін басыңыз.
Ұйқы күйі қосылғаннан кейін ақпарат жадқа сақталады, экран бос болады да, қуат үнемделеді.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда қуат шамы жыпылықтайды.
60
Бап 8 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта
ЕСКЕРТУ:
Ақпарат жоғалту қаупін азайту үшін ұйқы күйі іске қосылмас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз.
Ұйқы күйін қосу əрекетін орындамас бұрын компьютер қосылған болуы тиіс.
ЕСКЕРІМ:
Егер компьютер ұйқы күйінде болғанда батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе,
күту күйі іске қосылады да, жадқа сақталған ақпарат қатты дискіге сақталады. Өте төмен батарея
деңгейі жағдайына арналған зауыттық параметр ждущий режим (күту күйі) болады, бірақ бұл
параметрді қосымша қуат параметрлері астында өзгертуге болады.
Ұйқы күйінен шығу үшін қуат қосқышын аз уақыт жылжытыңыз.
fn+f1
пернелерінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы,
fn+f1
пернелерін ұйқы күйінің
орнында күту күйін іске қосатындай етіп орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ:
Windows амалдық жүйесінің барлық терезелерінде қолданылатын кнопка спящего
режима (күту күйі түймешігі) жəне
fn+f1
пернелер тіркесімі бірдей əрекет орындайды.
Экранды ауыстыру
Жүйеге қосылған дисплей құрылғыларының арасында экран кескінін ауыстырып қосу үшін,
fn
+f2
пернесін басыңыз. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса,
fn+f2
пернелер
тіркесімі басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне
ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ:
Монитор немесе проектор сияқты сыртқы дисплейді компьютердегі сыртқы монитор
портына қосу үшін VGA кабелін (бөлек сатылады) пайдалануыңыз тиіс.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды.
fn+f2
пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпаратын
қабылдайтын басқа да құрылғылар арасында кескіндерді ауыстырып көрсете алады.
Видео көрсетудің мына түрлерімен бірге
fn+f2
пернелер тіркесімі қолданылады, бұл түрлерді
пайдаланатын құрылғылар мысалға келтірілген:
●
СК дисплей (көру құрылғысы)
●
Сыртқы VGA (сыртқы мониторлардың көпшілігі)
Экран жарықтығын төмендету
Экран жарықтығын төмендету үшін
fn+f3
пернелерін басыңыз. Экран жарықтығын қадам бойынша
төмендету үшін пернелерді басып ұстап тұрыңыз.
Экран жарықтығын ұлғайту
Экран жарықтығын ұлғайту үшін
fn+f4
пернелерін басыңыз. Экран жарықтығын қадам бойынша
ұлғайту үшін пернелерді басып ұстап тұрыңыз.
QuickLock құралын іске қосу
QuickLock қауіпсіздік функциясын іске қосу үшін
fn+f6
пернелерін басыңыз.
QuickLock функциясы ақпаратты амалдық жүйеге кіру терезесін экранға шығару арқылы
қорғайды. Жүйеге кіру терезесі көрсетілгенде Windows жүйесінің пайдаланушы құпия сөзі
немесе Windows жүйесінің əкімші кұпия сөзі енгізілгенше компьютерге кіру мүмкін емес.
пернетақтаны пайдалану
61
ЕСКЕРІМ:
QuickLock мүмкіндігін пайдаланбас бұрын Windows жүйесінің пайдаланушы құпия
сөзін немесе Windows жүйесінің əкімші кұпия сөзін теңшеу қажет. Нұсқауларды Анықтама жəне
қолдау орталығынан қараңыз.
QuickLock функциясын пайдалану үшін жүйеге кіру терезесін көрсетіп, компьютерді бұғаттауға
fn
+f6
пернелерін басыңыз. Windows жүйесінің пайдаланушы құпия сөзі немесе Windows жүйесінің
əкімші кұпия сөзі енгізіп, компьютерге кіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Үндеткіш дыбысын өшіру
Үндеткіш дыбысын өшіру үшін
fn+f8
пернелерін басыңыз. Үндеткіш дыбысын қайта қосу үшін
пернелерді қайта басыңыз.
Үндеткіш дыбысын төмендету
Үндеткіш дыбысын төмендету үшін
fn+f10
пернелерін басыңыз. Үндеткіш дыбысын қадам
бойынша төмендету үшін пернелерді басып ұстап тұрыңыз.
Үндеткіш дыбысын жоғарылату
Үндеткіш дыбысын жоғарылату үшін
fn+f11
пернелерін басыңыз. Үндеткіш дыбысын қадам
бойынша жоғарылату үшін пернелерді басып ұстап тұрыңыз.
62
Бап 8 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта
9
Диск жетектері
Орнатылған диск жетектерін анықтау
Компьютерде орнатылған диск жетектерін көру үшін Пуск (Бастау) > Компьютер (Компьютер)
пəрмендерін таңдаңыз.
Диск жетектерін ұстау
Диск жетектері құрылғының сызғыш бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін
ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын
үрдістерде қамтылған.
Орнатылған диск жетектерін анықтау
63