Цель курса



жүктеу 1,08 Mb.
бет3/4
Дата10.12.2017
өлшемі1,08 Mb.
#3765
1   2   3   4

5- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 9.

Тақырыбы: Жазба құрылымдық типі.

Мазмұны:

1.Жазба құрылымдық типі.

2. Жазбаны қолданып қиынырақ есептерді программалау

Жазу деп әр типті элементтерден құралған күрделі типті мәліметтік берілгендерді атайды. Жазуды құрайтын элементтер жазу өрістері деп аталады.

Жазудың сипатталу үлгісі:

Type тип атауы= Record



1- өріс атауы:1- өріс типі;

2- өріс атауы:2- өріс типі;



n- өріс атауы:n- өріс типі;

end;

var жазу атауы: тип атауы;



Мұндағы Record- жазу.

Жазудың кез-келген элементі былайша көрсетіледі:



жазудың аты. өріс аты;

Мысалы: S1. Fio -1-студенттің фамилиясы

S1. Fak -1-студенттің факультеті

S2. God_r -2- студенттің туған жылы

S1 жазуын жадыға енгізу операторы төмендегіше жазылады:

read (S1. Fio, S1. Godr, S1. Fak, S1. Kurs, S1. Nom_ b );

Жазуды жадыға былайша енгізу күрделі программаларды оқуға қиындық келтіреді. Оны оңайлату үшін программада With (қосу, біріктіру) операторы қолданылады.



With жазу атауы do

begin


жазу өрістерінің аттары енгізілген операторлар

end;


2. Жазбаны қолданып қиынырақ есептерді программалау:

Есеп: 1.Мерзімнен (күн, ай, жыл) және уақыттан (сағат, минут, секунд) тұратын жазба массиві берілген. Массивті өсуі бойынша реттеңдер.

2. Апта күні, бұл күндегі пар саны, пардың басталу және аяқталу уақыты, пән атауы, оқытушы фамилиясы деректерінен тұратын Сабақ кестесі айнымалысы берілген. Бұл деректер ішінен «Информатика» пәндік аймағына қатысты сабақ туралы толық ақпаратты шығарыңдар.

Әдебиеттер: [1] 214- 225 б, [2] 72-76 б, [3] 104-108 б, қ[1] 38- 41б.

Практикалық жұмыс №10.

Тақырыбы: Жазба құрылымдық типі.

Тапсырма: Жазбаны қолданып қиынырақ есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:

  1. А және С әріптерінен басталатын жұмысшылардың фамилиялары мен айлық жалақысының шығарыңыз.

  2. Университетке түсушілер, егер бірінші емтиханды қанағатсыз бағаға тапсырса екінші емтиханға жіберілмейді. Абитурент фамилиясы мен олардың бірінші емтиханнан алған бағаларын белгілі деп алып, екінші емтиханға өткен абитуренттердің тізімін құрыңыз.

  3. Кесте айнымалысы төмендегідей тізімді қабылдайды:

  • Апта күні:

  • Сол күндегі парлар саны;

  • Пардың басталу және аяқталу мерзімі;

  • Пәннің аты;

  • Оқытушы фамилиясы.

«Информатика» пән аймағындағы сабақатар туралы толық ақпаратты шығарыңыз.
6- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 11.

Тақырыбы: Файлмен жұмыс. Программалауда файлды қолдану.

Мазмұны:

1. Файлмен жұмыс командалары.

2. Программалауда файлды қолдану.

Берілгендер файлы- жазулардан тұратын элементтер тізбегі. Файл ұзындығы, яғни бұл тізбектегі элементтер саны жұмыс процесінде өзгеріп отыратын кез-келген шама. Файлмен жұмыс жасау үшін бұл тізбектегі элементтерді оқу және жазу қажет. Файлмен жұмыс алдында файлдық айнымалы мен дискілік файл аты арасында байланыс орнатылады.



ASSIGN( файлдық айнымалы, файл аты);

(assign-тағайындау).

Файлдық айнымалы программаның Var айнымалыны сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Мысал: Var f1:text;

Begin


Assign(f1, ‘C:\ out. txt’);

…….


End.

Ашылған барлық файлдар программа аяқталған соң CLOSE(файлдық айнымалы) процедурасы арқылы жабылу қажет.



Мысал: Close(f1);

Сыртқы құрылғыда жазулы берілгендер файлын сыртқы файл деп, ал элементтері символ болып табылатын файлдар мәтіндік деп аталады. Текстік файлдың стандарт типі txt (текстік) болады.

Дискіде бар файлды ашу үшін

RESET( файлдық айнымалы ) ;

процедурасы қолданылады. Файлдан мәліметтерді оқу үшін қолданылатын READ енгізу процедурасының жазылу үлгісі төмендегіше болады:



READ( файлдық айнымалы, var1, var2,… );

Файлға жазу үшін



REWRITE( файлдық айнымалы ) ;

процедурасы қолданылады. (rewrite- жаңадан жазу).

2. Олимпиада есептерін шығару үшін студент ең алдымен, программалау тілін терең меңгеруі, оның компиляторымен жұмыс жасай алуы керек. Екіншіден, оқушы файлмен жұмыс істеуді білуі, сыртқы программамен іс-әрекетті ұйымдастыра білуі қажет. Файлмен жұмыс істеуді программалауға мысал ретінде 2002-жылғы қалалық олимпиаданың мынадай есебін келтіруге болады :

San.in кіріс файлында берілген N натурал санға дейінгі барлық жәй сандарды тауып, нәтижені San.out шығыс файлында шығарыңдар.

Есепті шығарудың Turbo Pascal тіліндегі программасы:



program p1;

var f1,f2:text; N,I,j,s:integer;

begin

assign(f1, ’c:\san.in’); reset(f1); {файлды ашу}

assign(f2, ’c:\san.out’); rewrite(f2); {файлға жазу}

read(f1,N); {файлдан N-ді оқу}

for i:=1 to N do begin s:=0;

for j:= 1 to i do

if i mod 2=0 then s:=s+1; {санның бөлгіштерін санау}

if s=2 then writeln(f2,i);end; { жәй сандарды f2 файлына жазу}

close(f1); close(f2); {файлдарды жабу}

end.

Төмендегі есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар.


Есеп.

Берілген N-ге дейінгі жай сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар. Кіріс файлы hp1.in. Ол N-нің мәні болатын натурал санннан тұрады.(0< N<=100) Шығыс файлы hp1.out. N-нің жай бөлгіштерінен тұрады.

1)Кіріс файлы hp1.in. 2)Кіріс файлы hp1.in.

20 10


Шығыс файлы hp1.out. Шығыс файлы hp1.out.

2 2


3 3

5 5


7 7

11

13



17

19

Әдебиеттер: [1] 230-238б, [2] 78-86б, [3] 119-138 б, қ[1] 41-44 бет.



Практикалық жұмыс №12.

Тақырыбы: Файлды қолданып программалау.

Тапсырма: Файлды қолданып олимпиадалық есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:

  1. кездейсоқ сандар генераторы көмегімен f файылын бүтін сандармен толтырыңыз. g файылында f файылындағы жұп сандарды көшіріңіз.

  2. кездейсоқ сандар генераторы көмегімен файлға N бүтін сандарын енгізіңіз.Осы файлдағы қарама-қарсы сандар жұбын есептеңіз.

  3. Әртүрлі даталары бар файл берілген. Әрбір дата күні, айы және жылынан тұрады. Осы даталардың ішінен көктемге сәйкес келетіндерін табыңыз.

  4. Мәтіндік файл және кез-*келген бір әріп берілген. Берілген әріптен басталатын файлда неше сөз бар екенін анықтаңыз.



7- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 13.

Тақырыбы: Құрылымдық типтерді түрлендіруге берілген олимпиадалық есептер.

Мазмұны:

Құрылымдық типтерді түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді программалау.

Құрылымдық типтерге мыналар жатады:


  • Массив

  • Жиын

  • Жазу

  • Файл

Құрылымдық типтерді түрлендіруге берілген төмендегі олимпиадалық есептерді программалауды қарастырамыз.

1- есеп:

N элементтен тұратын массив берілген. Массивтің барлық элементтерінің қосындысын тауып, массивтің әрбір элементін осы қосынды мен сәйкес элементтің айырымына алмастыру жүзеге асырылатын түрлендіру Конфуз деп аталады. Берілген массивке Конфуз амалын к рет қолдану нәтижесінде алынған массивтің ең үлкен және ең кіші элементтерінің айырмасын табыңдар. Конфузды процедурада ұйымдастыр.

2- есеп:

Массивтің элементтерін өсуі бойынша реттеу процедурасын қолданып, берілген матрицаның әрбір жолын элементтерінің өсуі бойынша реттеңдер.



Әдебиеттер: [1]-[7], [1] 214- 225 б, [2] 72-76 б, [3] 104-108 б, қ[1] 38- 41б.


Практикалық жұмыс №14.

Тақырыбы: Құрылымдық типтерді түрлендіруге берілген олимпиадалық есептер.

Тапсырма: Құрылымдық типтерді түрлендіруге берілген төмендегі олимпиадалық есептердің Паскаль тілінде программасын құрыңдар:

  1. ағылшын алфавиті әріптерінен тұратын жол берілген. Осы жолда қай әріптер бірнеше рет кезедесетінін табыңыз.

  2. m..n бүтін сандар арлығынан

а) k-ға немесе 1-ге (k жай сан) қалдықсыз бөлінетін сандар жиынын

б) k*1-ге қалдықсыз бөлінетін сандар жиынын табыңдар.


8- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 15.

Тақырыбы: Модуль. Модуль құрылымы.

Мазмұны:

1.Стандарт модульдер.

2.Модуль құрылымы.

Модуль- оны қолданатын программаға тәуелсіз жасалатын және сақталатын ресурстар жиынтығы. (функция, процедура, тұрақты, айнымалы, тип т.б) Ішкі программадан айырмашылығы модуль процедура мен функцияның үлкен жиынтығынан тұрады.

Турбо Паскальда 8 стандарт модуль бар. Олар: SYSTEM, DOS, CRT,PRINTER, GRAPH, OVERLAY, TURBO3 және GRAPH3.

GRAPH, TURBO3 және GRAPH3 жеке TPU файлда, ал қалғандары TURBO.TPL кітапханалық файл құрамына кіреді.

Тек SYSTEM модулі кез-келген программаға автоматты түрде қосылады. Ал қалған модульді программада қолдану үшін оны программа тақырыбында USES (USE -пайдалану) сөзі арқылы хабарлау қажет.



USES модуль аты;

Мысалы: USES CRT, GRAPH;

Модуль құрылымы:

Unit<модуль аты>;

Interfase

<Интерфейстік бөлім>

Implementation

<Орындалатын бөлім>

Begin

<инициялизацияланатын бөлім>

end.

Осылайша модуль тақырыптан және 3 құрамдас бөліктен тұрады. Оның кез- келгені бос болуы мүмкін.



Әдебиеттер: [2] 108-112 б,[3] 182-190 бет.
Практикалық жұмыс № 16.

Тақырыбы: Стандарт модульдер. Модуль құрылымы.

Тапсырма: Стандарт модульдермен жұмыс:

Комплекс сандарға қолданылатын ішкі программалардың модулін келесі операциялардың орындалуы үшін іске асырыңыз:

а) қосу;

б)алу;


в) көбейту;

г) бөлу;


д) комплекс сан модулін табу;

е) комплекс санды n дәрежесін табу (n – натурал сан).

Комплекс санды келесі түрде беріңіз:

Type Complex=Record

R: Real;


M: Real

End;

Осы модульді қолданып келесі есептерді шығарыңыз.



  1. А комплекс сандар массиві берілген. Элементтері қатар жатқан комплекс сандардың модульдерінің қосындысы болатын С массивін алыңдар.

  2. А[M] – комплекс сандар массиві берілген. Әрбір жолы берілген А массивін осы жолдың номеріне сәйкес сан дәрежесіне шығаратын B[N,M] матрицасын алыңыз


9- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 17.

Тақырыбы: Модуль жасау. Жасалған модульді программада қолдану.

Мазмұны:

1. Модуль жасау.

2. Модульді компиляциялау

3. Модульді программада қолдану

Модуль қосымша объект, сондықтан оны RUN командасы арқылы орындауға жіберуге болмайды. Ол тек программаны, ішкі программаны немесе басқа модульді жасау үшін қолданылады. Модуль жасау 2 этаптан тұрады. 1- этапта бөлек файлда модуль мәтіні беріледі. Бұл файл аты модуль атындағы 8 символмен сәйкес келу керек және типі pas болуы қажет. Модуль және программа файлы 1 каталогта болуы қажет. Әр модульді TPU (Turbo Pascal Unit) деп аталатын арнайы библиотекаға орналастыру қажет. Ол үшін программаны компиляциялау қажет. Нәтижеде сол атпен, tpu типті файл жасалады. Ол модуль файлы болып табылады.



Мысалы: Комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолдануды жүзеге асыратын модуль листингі төмендегіше болады:

Unit CompChisla;

Interfase

Procedure Sum(a,b,c,d:real;Var x,y:real);

Procedure Raz(a,b,c,d:real;Var x,y:real);

Procedure Proiz(a,b,c,d:real;Var x,y:real);

Implementation

Procedure Sum;

Begin

x:=a+c; y:=b+d;

end;

Procedure Raz;

Begin

x:=a-c; y:=b-d;

end;

Procedure Raz;

Begin

x:=a*c-b*d-c; y:=a*d+b*c;

end;

end.

Жасалған модуль компиляцияланады. Сонан соң ол uses CompChisla; командасы арқылы негізгі программада қолданылады.



Әдебиеттер: [2] 108-112 б,[3] 182-190 бет.

Практикалық жұмыс № 18.

Тақырыбы: Модуль жасау. Жасалған модульді программада қолдану.

Тапсырма: Қолданушы модулін жасап, оны программада қолданыңдар.

Квадрат матрицалар қолданылатын ішкі программалардың модулін келесі операциялардың орындалуы үшін іске асырыңыз:

а) екі матрицаны қосу;

б) бір матрицаны екіншісіне көбейту;

в) транспортирленген матрицаны табу;

г) матрица анықтауышын табу;

Матрицаны келесі түрде беріңіз:

Const NMax=10;

Type Matrica=Array[1..NMax,1..NMax] of Real;

Осы модульді қолданып келесі есептерді шығарыңыз.



  1. N-ші ретті сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен есептеңіз (2≤N≤10).

  2. Матрица мәндері берілген деп алып, осы матрицаның анықтауыштарының өсуі бойынша матрица элементтерін реттеңіз.


10- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 19.

Тақырыбы: Объектілер. ОБП- ның негізгі принциптері. Объект жасау.

Мазмұны:

1.Объектілер.

2. ОБП- ның негізгі принциптері.

3. Объект жасау.

Паскальда объектіні сипаттау үшін Object қызметші сөзі қолданылады. Object типі өрістен және әдістен тұратын деректер құрылымы болып табылады. Объектілік типті сипаттау түрі төмендегіше болады:



Type <объектілі типті идентификатор>= Object

<өріс>;



<өріс>;



<әдіс>;



<әдіс>;



End.

Өріс деректер атынан және типінен тұрады. Әдістер- объектілік тип ішінде хабарланған процедура және функция. Объектілік тип ішінде сипатталған әдісті хабарлау тек қана тақырыптан тұрады. (Модульдің Interface бөліміндегі сияқты)

Объектілі- бағдарлы программалаудың (ОБП) 3 принципі бар:

Инкапсуляция- ОБП-ның деректерді және оларды өңдейтін алгоритмдерді біртұтас біріктіру принципі болып табылады.

Мұрагерлік- ОБП-ның объектінің өз ұрпағын тудыру қасиеті болып табылады.

Полиморфизм -ОБП-ның “туыс” объектілердің мағнасы бойынша жақын проблемаларды әртүрлі тәсілмен шешу қасиеті болып табылады.

Мысал:

«Бөлшектің алымы мен бөлімінің ЕҮОБ», «қысқарту»,«натурал көрсеткіш» әдістері бар «қарапайым бөлшек» объектісін сипаттаймыз:



Type Natur=1..32767;

Frac= Record P:integer;Q:Natur End;

Drob=Object A:Frac;

Procedure NOD(Var C:Natur);

Procedure Sokr;

Procedure Stepen(N:Natur;Var C:Natur);

End;

Әдебиеттер: [3] 191-202 бет, [9] 152-161 бет, [5] 271-299 бет,
Практикалық жұмыс №20.

Тақырыбы: Объектілер. Объект жасау.

Тапсырма: Объект жасау.


  1. «қосу», «алу», «көбейту», «бөлу» әдістері бар «Есептегіш» объектілі типін және «дәреже», «n-ші дәрежелі түбір асты» әдістері бар «жетілген есептегіш» объектілі типтерін жасаңыз

  2. Паралелограмм, ромб және квадрат фигураларының төбелерінің координаталары берілген деп есептеп, берілген фигуралардың «бұрыштарын табу», «диагональдарын табу», «қабырғаларының ұзындығын табу», «периметрін табу» және «ауданын табу» әдістерін жазып шығыңыз.

11- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 21.

Тақырыбы: Динамикалық жады. Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары.

Мазмұны:

1. Динамикалық жады.

2. Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары

Біз осыған дейін статикалық деректерді өңдеумен байланысты ғана программалауды қарастырдық.



Статикалық деп компиляциялау кезінде жады бөлінетін және программаның барлық жұмысы кезінде сақталатын шамаларды айтады.

Паскальда деректерге жады бөлудің басқа да тәсілі болады, оны динамикалық деп атайды. Бұл жағдайда шамаларға жады программаның орындалу барысында бөлінеді. Мұндай шамаларды динамикалық деп атайды. Оперативті жадының статикалық бөлінген жады бөлігі статикалық жады деп, динамикалық бөлінген жады бөлігі динамикалық жады деп аталады.

Динамикалық шамаларды қолдану программалаушыға бірнеше қосымша мүмкіндік береді.

Біріншіден, динамикалық жадыны қосу өңделетін деректер көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, егер қандай да бір деректердің қажеттігі программаның соңына дейін жойылған болса, онда оған бөлінген жадыны басқа ақпарат үшін босатуға болады.

Үшіншіден, динамикалық жадыны қолдану айнымалы өлшемді деректер құрылымын жасауға мүмкіндік береді.

2. Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары:

ADDR функциясы- аргумент адресі сақталған Pointer типті нәтижені қайтарады.

CSEG функциясы- микропроцессордың CS регистрінде сақталған мәнді қайтарады.

DISPOSE процедурасы типтелген көрсеткішке бөлінген динамикалық жады фрагментін қайтарады.

FREEMEM процедурасы типтелмеген көрсеткішке бөлінген динамикалық жады фрагментін қайтарады. т.с.с.

Әдебиеттер: [3] 140-154 бет, [9] 135-145 бет, [5] 241-256 бет,
Практикалық жұмыс №22.

Тақырыбы: Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары.

Тапсырма: Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедураларын қолданып программалау.


  1. L тізімінен барлық E элементтерін жоятын программа құрыңыз

  2. L тізімінде кемінде екі бірдей элементтері бар ма екенін тексеретін программа құрыңыз

  3. Натурал сандар тізімі берілген. Тізімнің берілген k санына қысқаратын элементтерін кетіріп тастаңыз.

12- апта

1,2 кредит сағат.

Практикалық жұмыс №23,24.

Тақырыбы: Көрсеткіштер. Көрсеткіштерді қолдану.

Мазмұны:

1. Адрес және көрсеткіш.

2.Көрсеткішті қолдану.

Динамикалық шамалармен жұмыс істеу деректердің тағы бір типімен сілтеме (ссылочный) деректерін қолданумен байланысты болып келеді. Сілтеме типі бар шамалар көрсеткіш деп аталады.



Көрсеткіш белгілі бір типті шамалар сақталатын динамикалық жады өрісінің адресінен тұрады. Көрсеткіштің өзі статикалық жадыда орналасады. (1- сурет)



Шама адресі – ол шама орналасқан жады өрісінің бірінші байтының нөмірі.

Сілтеме типті шама (көрсеткіш) айнымалыларды сипаттау төмендегіше сипатталады:

Var <идентификатор>:<сілтеме типі>

Паскаль стандартында әрбір көрсеткіш қандай да бір белгілі типті шамаға сілтенеді, ол көрсеткіш үшін базалық деп аталады.

Базалық тип аты келесі формада көрсетіледі:

сілтеме типі>:= ^ <тип атауы>

Көрсеткіш мысалдары:



Type Mssiv=Array[1..100] of Integer;

Var P1: ^Integer;

P2: ^Char;

PM: ^Massiv;

Көрсеткішке төмендегі процедуралар қолданылады:



NEW(<көрсеткіш>); -көрсеткішпен байланысты динамикалық шамаға жады бөлуді жүзеге асырады.

DISPOSE(<көрсеткіш>);- көрсеткішпен байланысты динамикалық шама жадысын босатуды жүзеге асырады.

Тапсырма: Көрсеткіштерді қолданып программалау.

  1. екі n-мәнді санды салыстыратын программа құрыңыз. n>20

  2. Курс қыздарының есімдері берілген. осы курста қайсылары параллель барлық топтарда кездесетін, қайсылары тек бірерлерінде кездесетінін және қайсылары мүлдем кездеспейтінін табыңыз.

  3. N ретті квадрат матрицаны 1, 2, 3, ...,n2 натурал сандарымен «спираль» бойынша толтыратын программа құрыңыз

Мысалы n=5 үшін келесі матрица алынады:

1

2

3

4

5

16

17

18

19

6

15

24

25

20

7

14

23

22

21

8

13

12

11

10

9

Әдебиеттер: [3] 140-154 бет, [9] 135-145 бет, [5] 241-256 бет,
13- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 25,26.

Тақырыбы: Комбинаторика элементтерін қолданып программалау.

Мазмұны:

1)орналастыру (размещение),

2)алмастыру (перестановка),

3)теру (сочетание).

Комбинаторика – математика тарауларының бірі. Мұнда шекті жиын элементтерінің түрлі комьинациясы, басқаша айтқанда, әр қилы конфигурациялары қарастырылып, олардың сандары саналады және есептеледі.

Комбинаториканың негізгі принципі. Әрқайсысы шеткі А1, А2,...,Аk жиындары берілсін. Осы жиындардың жазылу номерлеріне қарап, бұл міндетті түрде, бір- бірлеп ап1 А1, ап2 А 2 ,..., апk Аk элементтерін алалық. Осындай тәртіппен алынған an1, an2 ...,ank элементтерін кортеж деп атайды және оны былай жазады (an1, an2 ...,ank ).

Теру деп n элементтен тұратын, айырмашылығы ораналасу ретінде ғана болатын комбинацияны айтады.

Терудің мүмкін болатын саны: Pn = n!, мұндағы n! = 1 * 2 * 3 ... n.

Орналасу деп ең болмағанда бір элементке айырмашылығы бар әртүрлі n элементтен m элемент бойынша жасалған комбинацияны айтады.

Орналасу саны:

С mn = n! / (m! (n - m)!).

Алмастырулар деп әртүрлі элементқұрамы немесе олардың ретінде болатын элементтен m элемент бойынша жасалған комбинацияны айтады, мұнда . Барлық мүмкін болатын алмастыру саны:

Amn = n (n - 1)(n - 2) ... (n - m + 1).



Мысалдар.

1. «Математика» сөзіндегі әріптерді алмастыра отырып, қанша «сөз» жасап шығуға болады?

Шешуі. Әріптерді алмастыра отырып «математика» сөзіндегі 10 әріптен 10! сөз шығарып алуға болады.

2. n бұрышты көпбұрыштың диаганальдарының санын табу керек.



Әдебиеттер: [2] 112-115 б, [3] 262-274 б, қ[1] 46-50 бет.

Тапсырмалар:

Келесі есептердің программасын құрыңдар:



1. Цифрларды қайталамай 3,4,5,8 цифрларынан неше 5 таңбалы сан шығаруға болады?

2. 30 оқушыдан 15 оқушы ғана қатысу қажет болса информатика пәнінен олимпиадаға қатысатын оқушыларды неше тәсілмен таңдауға болады?

3. Әрбір телефон нөмірі 7 цифрдан тұратын болса, тек 1,4,5,7 цифрларынан тұратын неше телефон нөмірі болады?
14- апта

1,2 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 27,28.

Тақырыбы: Криптография есептерін программалау.

Мазмұны: Криптография есептерін программалау.

Криптография ақпаратты қорғаудың неғұрлым қуатты әдісі.

Криптография египет пирамидасынан да бұрын шықты. Өте ежелде пайда болған криптография XX ғасырдың ортасында ғана математикалық ғылым болып табылды. Бұған дейін ол ғылым емес, өнер болып табылды. Криптография мемлекеттердің ішкі саясатына , олардың сыртқы саясатына, әскери шайқастардың нәтижесіне, экономикалық күреске т.б. үлкен ықпал етеді.

Криптография – деректердің қауіпсіздігін жүзеге асыратын ғылым. Ол қауіпсіздіктің 4 негізгі проблемасын шешумен айналысады- конфиденциальдығы, аутентификация, тұтастығы және өзара әрекетке қатысушыларды бақылау. Шифрлау –ол шифрлау-шифрды ашу кілттерін қолданып, деректерді оқылынбайтындай түрге түрлендіру. Шифрлау ақпараттың құпиялығын сақтай отырып, оның конфиденциалдығын қамтамасыз етеді.



Төмендегі есептердің Паскаль және Дельфи тілінде программасы қарастырылады.

Полибий квадраты.

Берілген хабардың алфавитін матрица түрінде өрнектеңдер.

Әрбір әріп сандар жұбымен (матрица жолы мен бағаны) кодталады. Берілген хабарды кодтайтын және декодтайтын программа құрыңдар.

Цезарь шифрлау жүйесі.

С3 Цезарь шифрлау жүйесін қолданып, берілген хабарды шифрлау және дешифрлаудың программасын құрыңдар. (Паскаль тілдерінде).


Тапсырма:

Келесі есептердің программасын құрыңдар:

Есеп1. Берілген хабардың алфавитін матрица түрінде өрнектеңдер.

Әрбір әріп сандар жұбымен (матрица жолы мен бағаны) кодталады. Берілген хабарды кодтайтын және декодтайтын программа құрыңдар.



Есеп2. С3 Цезарь шифрлау жүйесін қолданып, берілген хабарды шифрлау және дешифрлаудың программасын құрыңдар. (Паскаль тілдерінде).

Әдебиеттер: [1] 116-120 б, [3] 276-336 б, қ[1] 53-62б.

15- апта

1,2 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 29,30.

Тақырыбы: Информатика пәнінен қалалық, облыстық олимпиада есептерін шешу.

Мазмұны:

1. Информатика пәнінен қалалық, олимпиада есептерін шешу.

2. Облыстық олимпиада есептерін шешу.

Информатика пәнінен қалалық, облыстық олимпиада есептерін шешу қарастырылады. Есептердің алгоритмі құрылып, талданып, оның Паскаль тілінде программасы құрылады.



Есептер:

1. Фибоначчи сандары Fn=Fn-1+Fn-2 (F0=F1=1) рекуренттік формуламен анықталатыны белгілі.

1,1,2,3,5,8,13,21,...

Берілген n бойынша Фибоначчи санының соңғы цифрын экранға шығаратын программа құрыңдар.

Мысалы: n=6 Жауабы: 3

n=20 Жауабы: 6

n=45 Жауабы: 3

2. N саны берілген. 1- ден N-ге дейінгі барлық сандар ішінен бөлгіштерінің саны ең көп болатын санды табыңдар. (0

Мысалы: n=5 Жауабы: 4

n=10 Жауабы: 6

n=20 Жауабы: 12

n=50 Жауабы: 48

n=2000 Жауабы: 1680

3. Абракадабра. Латынның кіші әріптерінен тізбек төмендегіше құрылады. Алғашқыда тізбек бос. Келесі қадамда латын алфавитінің бірінші әрпі екі еселенеді. Сонан соң пайда болған тізбектің сол жағына латын алфавитінің келесі әрпі жалғанады.

1- қадам. а

2- қадам. bаа

3- қадам. сbааbаа

4- қадам. dсbааbаасbааbаа

...

Берілген N бойынша 26- қадамнан кейін пайда болған тізбектен n-ші символды табатын программа құрыңдар.



Мысалы: N=4 Жауабы: w

N=10 Жауабы: q

N=26 Жауабы: a

N=46 Жауабы: c



Тапсырма: Информатика пәнінен қалалық, облыстық олимпиада есептерінің программаларын құру.

Тізбек


Exe-файл: 1_3.exe

Кіріс файлы:Seq.in

Шығу файлы: Seq.out

Бір тесттен өту уақыты: 1 сек.

Келесі жолмен анықталған тізбек берілсін: тізбектің алғашқы екі саны 1 және 2. Әрбір келесі сан - өзінің алдындағы мүшесімен ортақ бөлгіші бар бірақ осы тізбекте әлі кездеспеген сандардың ішіндегі минимумы. Сонымен берілген тізбектің үшінші мүшесі – 4 саны болады(минималды қолданылмаған жұп сан). Ал сонан кейінгілері 6 және 3 болады. Төменде тізбектің алғашқы 10 мүшесі көрсетілген:

1, 2, 4, 6, 3, 9, 12, 8, 10, 5

Сіздің міндетіңіз- берілген санның осы тізбектегі позициясын(орнын) анықтау.

Әдебиеттер: [1]-[9], қ[1]-[11]
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (СОБӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
1- апта.

1. СОБӨЖ. (Студенттің оқытушы басшылығымен өздік жұмысы)



Тақырыбы: mod және div элементтеріиен жұмыс

Тапсырмалар:

1.Барлық екі таңбалы сандар ішінен 3-ке бөлінетін,бірақ 5-ке бөлінбейтін сандарды тап.

2.Берілген сан жәй сан ба?

Әдебиеттер: Абрамов 36-37 беттер

1. СӨЖ. (Студенттің өздік жұмысы)



Тақырыбы: Қиындатылған есептерді шығару

Тапсырмалар : Геометриялық прогрессияның алғашқы n элементінің қосындысын тап. (Семакин 83-бет)

Әдебиеттер: Абрамов 36-37 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Тұрақты және айнымалы типтер. Олардың форматы

Тапсырмалар:Есептер шығару (Семакин 88-бет)

Әдебиеттер: Марченко 28-29 беттер, Попов 52-63 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Таблица сызу

Тапсырмалар: Экранның центріне 100х100 размерлі терезе қойып,оны сары түске бояйтын және арасы 4-орынды болатын көк нүктелер толтыратын программа. (Семакин 92-бет)

Әдебиеттер: Марченко 28-29 беттер, Попов 52-63 беттер

2-апта

1. СОБӨЖ.
Тақырыбы: Символдық типтің 6 түрі. Бастапқы 3 түрі. Жазылу ерекшеліктері.

Тапсырмалар: Роботтың басын салатын программа (Семакин 93-94 беттер)

Әдебиеттер: Марченко 34-40 беттер, Попов 45-47 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Қиындатылған есептерді шығару

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 97-98 беттер)

Әдебиеттер: Марченко 34-40 беттер, Попов 45-47 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Символдық типтің 6 түрі. Қалған 3 түрі. Жазылу ерекшеліктері

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 97-98 беттер)

Әдебиеттер: Масанов 17 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Литерлік тип

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 97-98 беттер)

Әдебиеттер: Масанов 17 беттер

3-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Процедуралар. Процедураларды қолдану.

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 112-113 беттер)

Әдебиеттер: Попов 45-47 беттер

Масанов 60-64 ,74-76 беттер

1. СӨЖ.

Тақырыбы: Күрделі циклдер

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 112-113 беттер)

Әдебиеттер: Попов 45-47 беттер

Масанов 60-64 ,74-76 беттер

2. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Ішкі программаларды дәстүрлі емес қолдану

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 112-113 беттер)

Әдебиеттер: Попов 151-153 беттер,

Масанов 76-78 беттер

2. СӨЖ.

Тақырыбы: Функцияны қолдану

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 112-113 беттер)

Әдебиеттер: Попов 151-153 беттер,

Масанов 76-78 беттер



4-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Екі өлшемді массив тақырыбына есептер шығару

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 129 беттер)

Әдебиеттер: Попов 186-188 беттер,

Масанов 68-70 беттер

1. СӨЖ.

Тақырыбы: Сызықтық және көпіршік әдісімен сұрыптау

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 134 беттер)

Әдебиеттер: Попов 186-188 беттер,

Масанов 68-70 беттер

2. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Реттелген массивтен бинарлы іздеу

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 143-144 беттер)

Әдебиеттер: Попов 189-192 беттер,Марченко 47-48 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Жазбаның құрылымдық типі

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 143-144 беттер)

Әдебиеттер: Попов 189-192 беттер,Марченко 47-48 беттер.

5-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Жазба түрінің тұрақтылары

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 168-169 беттер)

Әдебиеттер: Марченко 48-49,35-36 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Жазба типі

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 168-169 беттер)

Әдебиеттер: Марченко 48-49,35-36 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Олимпиядалық есептермен жұмыс

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 168-169 беттер)

Әдебиеттер: Абрамов 221-224 беттер,Попов 235-237 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: текстік файлдар

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 201-202 беттер)

Әдебиеттер: Абрамов 221-224 беттер,Попов 235-237 беттер

6-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Файл түрлері

Тапсырмалар: Жаттығулар ( Семакин 201-202 беттер)

Әдебиеттер: Попов 235-251, 269 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Қосымша функциялар мен процедуралар

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Попов 235-251, 269 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Буферлік айнымалы және оны қолдану

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 219-221,224-225 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Шығару және енгізу процедуралары

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 219-221,224-225 беттер

7-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Коллоквиум

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 51 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Программа денесі

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 51 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Бақылау жұмысы

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 51-60 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Құрылымдық ұғымы. Паскаль программасының структурасы

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 51-60 беттер

8-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Модульді программалау

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 236 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: TextМode процедурасының режимі

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 236 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Реттелген массивтен бинарлы іздеу

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 237 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: LastMode процедурасының режимі

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 237 беттер

9-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Dos модулінің процедуралары мен функциялары

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 351-358 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Қиындатылған есептер шығару

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 351-358 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Модуль жасап,программада қолдану

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Журнал,газеттерден іздеу

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Олимпиада есептерін шығару

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Журнал,газеттерден іздеу

10-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Обьект түрі мен данасын мазмұндау

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 241 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Обьектілер мен модульдер

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 241 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Директивтер: private, public

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 247-248 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Күрделі есептер шығару

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 247-248 беттер

11-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Динамикалық обьектілер мен сұрыптаулар

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 238-241 беттер, Марченко 272-273 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Декструкторлар

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 238-241 беттер, Марченко 272-273 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Динамикалық мәліметтер құрылымы

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 251 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Қиындатылған есептер шығару

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Абрамов 251 беттер

12-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Адрес бойынша есептер шығару

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Семакин 140-141 беттер,

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Жалғанған тізбектер

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Семакин 140-141 беттер,

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Көрсеткіштер және динамикалық сызбалар

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Семакин 135-140 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Комбинаторика элементтеріне берілген олимпиада есептерін шешу.

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Семакин 135-140 беттер

13-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Олимпиада есептерін шығару

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 359-360 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Комбинаторика элементтеріне берілген олимпиада есептерін шешу.

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 359-360 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Комбинаторика элементтеріне берілген олимпиада есептерін шешу.

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 361-363 беттер

14-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Криптография элементтері бар олимпиада есептерін шешу Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Масанов 89 беттер

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Криптография ғылымының теориясы

Тапсырмалар: Әдебиетпен жұмыс

Әдебиеттер: Масанов 89 беттер

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: Криптография элементтері бар қиынырақ есептерді шешу Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 363-376, 320-323 беттер

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Криптография элементтері бар олимпиада есептерін шешу

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Марченко 363-376, 320-323 беттер.

15-апта

1. СОБӨЖ.



Тақырыбы: коллоквиум

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Газет,журналда

1. СӨЖ.



Тақырыбы: Күрделі есептерді қарастыру

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Газет,журналда

2. СОБӨЖ.



Тақырыбы: бақылау

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Газет,журналдар

2. СӨЖ.



Тақырыбы: Барлық есептердің шығарылуын қорытындылау

Тапсырмалар: Есептер шығару

Әдебиеттер: Газет,журналдар.

«Қиын есептерді шешу» пәні бойынша глоссарий



Ағылшын тілінде

Орыс тілінде

Қазақ тілінде

1

2

3

A

array

массив

жиым

and

и

және

arc

дуга (имя процедуры)

доға (процедура аты)

assign

назначать

орнату(процедура аты)

B

background

фон

фон

begin

начало

басы

boolean

булевский, логический

логикалық

break

прерывать

үзу, тоқтату

build

строить

тұрғызу, жасау

blink

мигание

жыпылықтау

byte

байт

байт

C

cancel

прервать

үзу

case

случай

жағдай

char (character)

буква, литера, алфавит

әріп,литер, алфавит

clear

очищать

тазарту

close

закрывать

жабу

color

цвет

түс

copy

копия

kөшірме

concat

связывать

біріктіру

create

создавать

жасау

D

delay

задержка

кідіріс

delete

удалять

жою

detect

обнаруживать

білдіру

device

устройство

құрылғы

default

по умолчанию

үнсіз келісім бойынша

do

делать

орындау

downto

вниз, вплоть до

төмен қарай

E

edit

редактировать

редакциялау

else

иначе

әйтпесе

empty

пустой

бос

eof (end of file)

конец файла

файл соңы

erase

стирать

кетіру, жою

error

ошибка

қате

exe (execute)

выполнять

орындау

end

конец

соңы

exit

выход

шығу

execution

выполнение

орындау

extended

расширенный

кеңейтілген

F

file

файл

файл

fill

наполнять

толтыру

first

первый

бірінші

floating point

плавающая точка

жылжымалы нүкте

for

қадам

үшін

frac

дробный

бөлшек

function

функция

функция

font

шрифт

қаріп

G

group

группа

топ

graph

графика

графика

go to

идти к

өту

gothic font

готический шрифт

готикалық қаріп

T

time

время

уақыт

text

текст

мәтін

then

то

онда

to

к (предлог)

(жұрнақ)

tool

инструмент

құрал

top

верх

жоғары

topic

тема, предмет

тақырып

tree

дерево

ағаш

trunc (truncate)

сокращать

қысқарту

type

тип

тип

U

unit

модуль

модуль

until

до тех пор, пока

оған дейін, әзір

user

пользователь

қолданушы

uses

подключать

қосу

V

val(value)

значение

мән

var(variable)

переменная

айнымалы

view

вид

түр

W

what

что, как

қалай

while

пока

әзір

wight

ширина

ені

with

с (предлог)

бірге (жұрнақ)

write

писать

жазу

word

слово

сөз

Z

zero

нуль

нөл

zoom

увеличивать

үлкейту

justify

выравнивать

туралау


10. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы практика жоспарланбаған.


  1. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.

Білімді бағалау схемасы








Баға 

Баға критерииі

Жұмыс үшін

Бар лығы

Бар лығы%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16/18

 

балл=%

балл






Сабаққа белсенді қатысу(дәріс)

15=0.7

100

5

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

 

2

Практикалық тапсырманы уақытында орындау деңгейі

15=1.5

100

10

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

 

 

Өзіндік жұмыс жаттығуларын орындау

15=0.6

100

 

+

+

+

+

+

+

+

 

+

+

+

+

+

+

+

 



Жеке жұмыс жаттығуларын орындау Жаңа басылымдармен жұмыс (газет, журнал, т.с.с.қосымша тың ақпараттар жинақтау)

15=0.8

100

4

 

+

+

+

+

+

+

 

+

+

+

+

+

 

+

 

4

Өзіндік менеджмент(идея, алгоритм, жүзеге асыру, т.б.)

6- шы немесе 15 - аптада

100= 2.8


100

2,8

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

5

Бақылау жұмысы.

 100=3.4

100

3,4

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

+

 

 




Емтихан

 

100

40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15- апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Баға

Әріптік жүйе бойынша

Ұпай саны бойынша

%-дық көрсетілуі

Дәстүрлі жүйе бойынша

А

4,0

95 – 100

өте жақсы



А-

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

жақсы


В

3,0

80 – 84

В-

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

қанағаттанарлық



С

2,0

65 – 69

С-

1,67

60 – 64

Д+

1,33

55 – 59

Д

1,0

50 – 54

F

0

0 - 49

қанағаттанғысыз


Бағалау саясаты.

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8)- аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15- аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Курс саясаты.

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.



Студенттер міндетті:

  1. Сабаққа кешікпеуге.

  2. Сабақ үстінде қатты сөйлемеуге.

  3. Сабаққа таза келуге.

  4. Себепсіз сабақ жібермеуге, ауырып қалған жағдайда ол жөнінде анықтама қағаз әкелуге.

  5. Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға.

  6. Оқу процесіне белсенді араласуға.

  7. Тапсырмаларды ұқыпты орындауға.

  8. Оқытушылар мен курстастарына сыйлы, шыдамды, байсалды болуға.

  9. Барлық сабақтарда кері байланысты жүзеге асыруға.

  10. Пунктуальді және жауапты болуға.

  11. Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеуге.


Студенттерге қойылатын талаптар:

  1. Сабаққа қатысу.

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.

  1. Дәрісханадағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.

  1. жүктеу 1,08 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау