C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет58/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

аяқталуының  рәсімделуі
.  Оның  нәтижесінің  қандай 
болғанына  қарамастан,    аяқталуы  барысында  талдаулар 
жасалуы  мен  объективті  бағалануы  басқа  ұйымдар  мен 
адамдар  үшін  маңызды  болып  есептеледі.  Рәсімделіп 
аяқталуына  кӛңіл  аудару,  жобалауға  қатысушылар  үшін  де 
қажетті  шара  ӛйткені  олар  белгілі  бір  деңгейдегі  жұмысты 
қорытындылап, таратады.   
Педагогикалық  жобалауды      ұйымдастырудың  ӛзіндік  
талаптары
 
бар, олар: 
1.
 
Жүйелік кӛзқарастарға сәйкес,   жүйенің   белгілі бір 
бӛлігін  немесе  оның  бір  компонентін  жобалау 
кӛзделмейді,  олар 
біртұтас  құрылым
  ретінде  алына 
отырып,  барлық  кіші  жүйелердің  ӛзара  әрекеттесуін 
басқару  жобаланады.  Бұл  жүйенің  жалпы  мақсаты 
мен  оған  сәйкес  барлық  құрылымдардың  тұтастығы 
негізінде  күтілетін  нәтижені  нақтылау,    оның 
мазмұнын,  құралдарын,  әдіс  -  тәсілдерін    қамтитын 
мақсаттық-бағдарлы  жобалау  қызметі      түрінде  
болады.  


 
121 
2.
 
Педагогикалық  жүйелерді  басқарудағы  инвариант 
ретінде  қызметтік      құрылымы  сақталып,  олар 
басқарудың  дәстүрлі  қызметтерін  атқару  арқылы 
жүйенің  тұрақтылығын,  қызметтік  тәртіптердің 
орындалуын  жүзеге  асырады.  Оның  қосымша 
міндеттері 
жобалау 
қызметін: 
талдауды, 
ұйымдастыруды, 
жағдайлар 
туғызуды, 
тапсырманың  орындалу  мерзімі  мен  деңгейін 
белгілеуді, қадағалауды қамтамасыз ету.  
3.
 
Мақсаттық-бағдарлы    жобалау  қызметі  жүйедегі 
адам  ресурстарын 
ӛзінің  ықпал  ететін  объекті, 
немесе нәтижеге қол жеткізуге қажет құрал ретінде 
қарастырмайды,  оны  дамыту  нәтижесінде  жалпы 
жүйенің  дамуын  қамтамасыз  ете  алатын  жобалау 
субъектісі ретінде алады.  Жобалау қызметін жүзеге 
асыру 
барлық 
деңгейлердегі 
жүйелерді  
басқарушылардың 
педагогтардың 
жаңа 
құзіреттіліктерін  қажет  етеді.  Соған  орай,      жобалау 
қызметімен 
қатар, 
міндетті 
түрде 
жүйені 
басқарушылардың,  педагогтардың  құзыреттілігін 
дамыту  сол  ұйым  ішінде  оқу  мен  тәжірибені 
ұштастыру арқылы жүргізілуі тиіс. 
4.
 
Жобалауға  қатысушы  педагогтарды  ынталандыру, 
олардың  жаңашылдықтары  мен  шығармашылығын 
қолдау,  табысты  болуға,  ӛз  бетімен  шешім 
қабылдауына қолдау кӛрсету,  кәсіби ӛсуіне, жоғары 
стандарттар  деңгейінде  жұмыс  жасау  жобалау 
қызметінің  басты  құндылықтары.  Жобалау  қызметі 
жаңа  идеялар  мен  ұсыныстар  тудыратын    және 
ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын жүйенің 
ішіндегі   
белсенді  топтар  құруды
  қажет  етеді  және 
олар уақытша жұмыс топтары ретінде болады.    
5.
 
Жобалауға 
қатысушылардың–басқарушылардың, 
педагогтардың, білім алушылардың  
ӛзіндік білім алу 
мақсатын  қоя    алатын,  ӛзінің  мүмкіндіктерін 
дамытатын   
құзыреттіліктерін      қалыптастыруға    
мүмкіндік туғызылады.  


 
122 
6.
 
Педагогикалық жүйені басқарудағы жобалау қызметі 
қатаң құрылымданбаған  матрицалық немесе желілік 
– матрицалық болуын қажет етеді
.
 
Сонымен  қатар,    мақсаттық-бағдарлы  жобаларды 
ұйымдастырудың  нарықтық  жағдайдағы  материалдық  және 
қаржылық  тиімділігін  тӛмендегі  белгілері  арқылы  кӛрсетуге 
болады:  
− жобалардың  индикативтік сипаты
  - әрбір жобаның 
орындалу мерзімі мен кӛрсеткіштерінің жобалардың қажетті 
материалдық  және  қаржылық  ресурстармен  қамтамасыз 
етілуіне тікелей тәуелді болуы; 
−  бірнеше  салалар  мен    түрлі  деңгейлердегі  жүйелерді 
қамтитын  күрделі  және  кешенді  мәселелерді  шешудегі  
негізгі мақсаттар мен міндеттердің жүйелі қойылуы

−  түрлі  деңгейлердегі  жүйелерді  дамыту  мәселелерін 
шешуде 
әдіснамалық және әдістемелік тұрғылардың бірлігі 
қамтамасыз етілуі;  
−  аз  мӛлшерде  бӛлінетін  материалдық  және  қаржылық 
ресурстарды  ең 
басты  мақсатқа  шоғырландыру
  (білім 
берудің  құзыреттілік  нәтижелерін  қамтамасыз  ететін  түрлі 
деңгейлердегі педагогикалық жүйелерді дамыту  мәселелерін 
шешу,  мысалы,  басқарушылар  мен  педагогтарды  дайындау,  
ата–аналар  мен  қоғамдық  ұйымдарды  серіктестікке  тарту, 
т.б.) мүмкіндігі;   
− 
мақсаттық-бағдарлы 
жобаларға 
бюджеттік 
қаржылармен  қатар    түрліше 
қосымша  қаржы  кӛздерін 
тарту
    жағдайлары  болуы,    кейде  мақсаттық  жобалардың  
перспективалық  мазмұны  жоғары  бағалануы  нәтижесінде 
жүйені  дамытуға  қосымша    қаржылық  мүмкіндіктер 
(гранттар, қолайлы кредиттер ) пайда болуы; 
−  педагогикалық  жүйелерді  дамытудың    мақсаты  мен 
міндеттерінің  нақты  құрылуын  тексеру,  оларды  жүзеге 
асыруда  қаржы  кӛздерінің  жұмсалуын  бақылау  үшін 
қоғамдық сараптамалар
 жасалуы.  
Жобалау  әдіснамасын  құрастырушылардың  бірі  Джон 
Кристофер Джонстың айтуынша,  жобалауды мәселені шешу 
ретінде  қарастыру  оның  белгілі  бір     
status  quo–
ны 


 
123 
ӛзгертетінін  ғана    емес,    ӛзіміздің  жаңа  мүмкіндіктерімізді 
білу мен  оған кӛзқарастарымызды  ӛзгертуге бағытталғанын 
түсіну.     
Бұл  ӛте  маңызды  тұжырым,  ӛйткені,  жобалау  қызметі 
қалыптасқан  тәжірибені    ӛзгертіп  қана  қоймайды,    сонымен 
қатар, 
жаңа  құралдар,  технологиялар,  жаңа  құрылымдар 
жасауға
  негіз  болады.  Ал,  жаңаны  құрастыру    қоршаған 
ортаны ғана емес, адамның ӛзін, оның айналаға кӛзқарасын, 
ӛз ортасын ӛзгертуге мүмкіндік береді.   
  

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау