Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет167/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   361
file20200121044531 (1)

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
143
шоғырының басын біріктірді. Ал ол зиялылардың өнегесі кейінгі буынға еркіндікке ұмтылған 
ұлтжандылықтың дәнін себе алды. Газет шын мәніндегі Түркістан ұлттық элитасын топтастырушы 
идеялық орталыққа айналды. Осы газет арқылы көрнекті қайраткерлердің көтерген ұлттық идеялары 
Түркістандағы қалың қазақ бұқарасына жол тауып жатты. 1920 ж. 18 сәуірден бастап жарық көріп, 7 
желтоқсаннан бастап «Ақ жол» атымен шыға бастаған газет «Қазақ» көтерген алаштық идеяның 
жығылған туын іліп әкеткендей еді. «Ақ жол» – кеңес өкіметінің езілген ұлттарға теңдік пен 
бостандық беруге уәде еткен саяси мәлімдемесінен бұрын жаңа қоғамдық тәртіпте ұлт мүддесін 
қорғаған ұлттық элитаның саяси еркінің жемісі болатын, – деп «Ақ жол» газетінің тарихи мәнін 
тарихшы ғалымдар жоғары бағалайды [3, 83; 9, 341-344]. 
Алаш қайраткерлерінің Ташкент қаласына келуіне себеп болған тағы бір маңызды оқиға – 
Түркістандағы қазақ халқы үшін арнайы мұғалім кадрлар дайындайтын Қырғыз Халық ағарту 
институты 1920 ж. 2 қазанда ашылды. Жаңадан құрылған оқу орнының алдында тұрған ең күрделі 
мәселелер материалдық-техникалық база және оқытушылармен қамтамасыз ету болатын. Осыған 
байланысты Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қырғыз Өлкелік Ағарту комиссарына оқу орнына 
бірнеше тәжірибелі маман жіберуді сұраған. Осындай ұсыныс Түркістанның өзге қалаларына да 
жолданады. Оқу орны басшыларының бастамасымен және үкіметтік мекемелердің қолдауымен 
оқытушылар құрамын толықтыру мәселесін үнемі назарда ұстайды. Шығармашылық элитаның 
көрнекті өкілі, алашшыл ақын М.Жұмабаевтың Орынбордан Ташкентке келуіне де осындай шақыру 
себеп болған. Осындай шақырумен әр кезеңдерде Орынбордан А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, 
Д.Әділов, А.Байтасовтар да Ташкенттегі Ағарту институтының оқытушысы болып қызмет істеді әрі 
қаладағы саяси-мәдени жұмыстарға да белсене ат салысты. Олар өлкеге кең таралған «Ақ жол» газеті 
мен «Шолпан», «Сана» атты журналдарды шығаруға да белсене араласты.
Алғашқы педагогикалық оқу орны болғандықтан да оның басты міндеттерінің бірі өлкедегі білім 
беру жүйесін оқу бағдарламаларымен, оқулық және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету 
болатын. Осыған байланысты ХХ ғасырдың бас кезінде Х.Досмұхамедов Халық Ағарту 
комиссариатының Білім комиссиясын басқарып тұрған кезінде бір топ қазақ зиялыларына қазақ 
тілінде жоғары оқу орындары мен ұлт мектептеріне арналған әр түрлі ғылым саласында оқулықтар 
мен оқу құралдарын жазуға тапсырма беріп, ұсыныс жасады. Соның нәтижесінде қазақ топырағында 
алғаш рет қазақ тілінде М.Жұмабаев «Педагогика» оқулығын, Ж.Аймауытов «Психология» оқулығын 
жазды. Ал Х.Досмұхамедовтің өзі жаратылыстану цикліндегі пәндер бойынша алғашқы қазақ 
мектептеріне арналған оқулықтардың авторы болды. Мемлекеттік ғылыми кеңестің қолдауымен 1920 
ж. оқу орнының мұғалімі А.Байтұрсыновтың «Қырғыз әліппесі», И.Тоқтыбаевтың «Алғашқы басқыш 
мектептеріне арналған бастапқы география», Х.Досмұхамедовтың «Табиғаттану», Ә.Диваевтың 
«Қырғыз ертегілері» жарық көрді [3, 95-96]. Бұл алаш зиялыларының өз дарын-қабілеттерін өз 
ұлтының жарқын болашағы үшін сарқа жұмсаған ең өнімді кезең болғанының бір көрінісі. Түркістан 
өлкесі, оның орталығы Ташкент қаласының Орынборға қарағанда кеңес билігінің құрығынан 
шеткерірек тұрғанының арқасында қазақтың алашшыл зиялы қауымы осындағы мерзімді баспасөз 
құралдары арқылы өздерінің негізгі идеяларын жарыққа шығарып тұрды, табиғат сыйлаған қарым-
қабілетінің арқасында көптеген ғылым салаларында жұмыс жасап, елді сауаттандыруға қажетті 
оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, бұрын-соңды болмаған ғылым салаларын қалыптастырды. 
Әрине, бұл да уақытша еді. Дегенмен де мұның бәрі қазақ халқы үшін жасалған өлшеусіз қызмет 
болды. Алайда, алаш қайраткерлерінің адымын ашқызбай, қудалау әрекеті кезінде дәл осы 
Түркістандық кезеңдегі қызметтері де олардың басты күнәлары ретінде танылды. Бұл жағдай 
тарихшы ғалым Х.Тұрсұнның еңбегінде былай беріледі: 
«Таптық-әлеуметтік қағидаларды басшылыққа алған партноменклатура жүйесі нығайған сайын өз 
қатарын «таптық жат элементтерден» тазарту түрінде саяси күресті күшейте түсті. Ал билік инсти-
туттарындағы ұлттық элитаның жоғарыда аталған алғашқы буын өкілдерінің ықпалы азая берді. Осы 
топ өкілдерінің үстінен жүргізілген алғашқы сот үдерісі 1930 ж. наурызында Алаш қозғалысының 
өкілдеріне қатысты жүргізілді. А.Байтұрсынов, М.Дулатов және тағы басқа 44 адамды айыптау қоры-
тындысы (№78754-іс) бойынша Түркістанда қызмет жасаған немесе қызметтері Түркістанға қатысты 
болған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мырзағазы Есболов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек 
Бірімжанов, Хайреддин Болғанбаев, Мағжан Жұмабаев, Дінмұхамед Әділов, Абдулла Байтасов (САГУ 
студенті), Кәрім Жәленов (Ташкентте жастар ұйымының хатшысы болған), Дамула Битлеуовтер 
(Германияда оқыған, Валидовтың хатын әкелген) айыпталады. Саяси қуғын-сүргіннің екінші толқыны 
М.Тынышпаев, Халел Досмұхамедов және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топқа байланысты 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
144
жүргізілді. Бұл іс бойынша істі болғандардың да көпшілігі түркістандықтар болды»[9, 326-327]. 
Ташкентке келген әрбір Алаш қайраткерлерінің осында келу себептері, мерзімі, осында атқарған 
өлшеусіз қызметтерінің әрқайсысы жеке-жеке мақала жүгін көтереді. Мысалы, Х.Досмұхамедов 1920 
жылы Ташкентке келіп, Халық ағарту институтында оқытушы бола жүріп ғылыми-педагогикалық 
жұмыстармен айналысады.
Түркістандағы шығармашылық элитаның көрнекті өкілдерінің бірі Қ.Кемеңгерұлы Ташкент 
қаласына 1924 ж. жазында келген. Ол Ташкентте «Ақ жол» газетінің қызметіне араласып, «Сана» 
ғылыми-танымдық журналына редакторлық жасап, ағартушы-педагог ретінде Орта Азия 
университетінде, Түркістан әскери училищесінде дәріс оқыған.
Әсіресе, М.Жұмабаев үшін оның Ташкентте болған кезі жемісті болды. 1922-1924 жылдар 
аралығында Мағжанның жеке жыр кітабы, «Қорқыт», «Батыр Баян» дастандары, ондаған өлеңдері 
жарық көрді. Бұлардың бәрі де қазақ әдебиетіне қосылған мол үлес еді [6, 24]. 
Ұлттық шығармашылық элитаның осындай қуатты тобы Ташкентте ұлт мүддесіне қызмет 
жасаудың негізгі бағыттарын айқындап, ілгерішіл міндеттерді іске асырды. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Әбдиманұлы Ө. Ұлт-азаттық идеяның ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік мәні мен 
жаңашылдық сипаты. Ф.ғ.д. ғыл.д.алу үшін дайын. дис. – Алматы, 2007. – 326 б.
2
 
Әбдіғазиұлы Б. Ғалым Ш.Елеукенов және Алаш арыстарының әдеби мұрасы // Абай атындағы ҚазҰПУ-
дың Хабаршысы, «Филология» сериясы. – 2015. – №4 (50). –Б.73-76. 
3
 
Рсымбетова Л. Ташкент қаласының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ 
интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы. Т.ғ.к. ғыл.д.алу үшін дайын. дисс. – Алматы, 2010. – 129 б.
4
 
Алаш айтқан асыл сөз. – Алматы: «Ел-шежіре» ҚҚ, 2016. – 296 б.
5
 
Амантай Кәкен. Қазақ зиялыларының қилы тағдыры // Жұлдыз, №5, 2016. – Б.164-176.
6
 
20-30-жылдардағы қазақ әдебиеті: монография. 1-кітап. – Алматы: Ғылым, 1997. – 512 б.
7
 
Қамзабекұлы Д. Қошке Кемеңгерұлы // Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Алаш, 2005. – 320 б.
8
 
Мектептегі А. Мәдениет марқасқасы // Қазақ елі. – 1996. – 1 наурыз. – 14 б. 
9
 
Тұрсұн Х. Алаш һәм Түркістан: монография. – Алматы: «Ел-шежіре» ҚҚ, 2013. – 400 б. 
Ж.А. Ахметова

1
Международный казахско-турецкий университет имени Ходжа Ахмеда Ясави,

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау