Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет227/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   361
file20200121044531 (1)

Қамажай (Әпке)
бауырларының бақыты үшін өмірлік қызығынан бас тартып, артынан 
ерген іні-сіңлілерінің жолына барлығын құрбан етуге даяр мейірімді жан, ұлттық типтегі образ.
Дулат Исабековтың үлкен әпкесі Бибіғали өз теңін тауып, тұрмыс құрса да, бауырларын қараусыз 
қалдырмай, үнемі қамқорлығын аямады. Ол кезде жазушының үлкен ағасы 10-сыныпта оқитын еді. 
Әкесіндей болған, тым ересек көрінетін ағасы өзінен 5-6 жас ғана үлкен екенін бала Дулат білмеген 
еді. Мектеп бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түсемін деп дайындалып жүрген ағасы кенеттен 
болған жағдаяттарға байланысты бұл ойын шетке ысырып, үйленуге мәжбүр болады. 
Драматург Дулат Исабеков өткен балалық шағын былай есіне алады: «Әпке» деген менің өзімнің 
өмірім ғой. Әпкелеріміз тұрмыс құрып кетсе де, бізді қараусыз қалдырмады. Кезектесіп келіп, қамқор 
болып жүрді. Ағамыз үйленген соң да, келін үйренісіп кетсін деп назарларынын тыс қалдырмады. 
Үлкен әпкеміз Бибіғали балаларын күйеуіне қалдырып, бірінші кезекте бізді ойлайтын. Бірде әпкем 
өз үйіне біраз уақыт бармай қалғанда, жездеміз келіп: «Сен бізді де ұмытпасаңшы, сенің де өз 
балаларың бар, үйде тамақ жоқ. Біз де әбіржіп кеттік. Сенің бауырларың бала да, біздің өзіміздің 
баламыз бала емес пе?» – деді. Сондағы әпкемнің айтқаны: «Баланы керек болса, өзің бақ. Маған 
баладан гөрі бауыр қымбат. Өйткені маған бауыр тауып беретін қазір шешеміз жоқ». Мен өзіме 
былай сауал қоямын. «Мен осы сөзді айта алам ба?» «Бүгінгі таңда осы сөзді айта алатын адам бар 
ма?» «Бауырларымды балаларымнан артық қоя алам ба?» Қиын-қыстау кезеңде отбасының берекесін 
сақтап, ел қатарлы колхозда бір тиын еңбекақы алмай жұмыс жасап, бізді жеткізген Әпкем туралы 
қалайша мен жазбайын?! [6]. Міне, жазушы-драматург Дулат Исабековтың «Әпке» пьесасының 
жазылуына басты түрткі болған осы жағдаят еді. 
Әпке деген – қанатымен су сепкен қарлығаштай, бауырлары үшін бар қызығын құрбандыққа 
шалған қазақ қыздарының типтік образы. Бауырына туған баласынан да артық қарау – қазақ 
қыздарына ғана тән мінез. Қанша жыл өтсе де, «Әпке» қоғамда өзінің актуалдылығын жоғалтқан жоқ. 
Бауырмашылық азайған заманда халықтың Әпкені қайта-қайта сағынатыны сол себептен болар.
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Сығай Ә. Күрделі жанрдың жауынгері. Театр тағлымы. – Алматы: «Парасат» журналы, 2003. – 320 б. 
2 Исабеков Д. Жеті томдық шығармалар жинағы. 5-том. Пьесалар. – Алматы: Атамұра, 2012. – 352 б. 
3 Кәрімов Х. Қанатты тіл. – Алматы, 1995. – 144 б. 
4 Ибраева А.Д., Қадыров Ж.Т., Смағұлова Н.Қ. Дулат Исабеков шығармаларындағы ұлттық таным // Абай 
атындагы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы. – 2016. – №1 (55). – Б.115-121.
5 Бегманова Б.С., Сейсенбиева Э.С. Д.Исабеков драматургиясының көркемдік ерекшелігі // Абай атындагы 
ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология» сериясы – 2015. – №4 (50). – Б.76-80. 
6 Дулат Исабеков – Әпке. Білім және Мәдениет арнасы. 04.01.2016. [Электрон.ресурс].
https://www.youtube.com/watch?v=YYOAyut0xDQ . 
 
Ж.К. Султанбекова

1
Международный казахско-турецкий университет имени Ходжа Ахмета Ясави, 
г. Туркестан, Казахстан 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау