"бухгалтерлік есеп"



жүктеу 472,94 Kb.
бет1/2
Дата28.11.2017
өлшемі472,94 Kb.
#2139
түріНұсқаулар
  1   2



"БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП"

ПӘНІНЕН

1305000 "АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР (САЛАЛАР БОЙЫНША) МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ ЖӨНІНДЕ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР, ТАҚЫРЫПТАР

ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖОБАЛЫ ЖОСПАРЛАРЫ

Құрастырушы: э.ғ.к.,проф. Мадиева К.С., доцент Жакупова О.М

Пікір жазушылар: э.ғ.к.,проф. Китебаева К.А
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ғылыми әдістемелік семинар отырысында талқыланып, бекітілген.
Мәжіліс хат № 2 “ 15 “ қазан 2009ж

МАЗМҰНЫ



  1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

  2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту

  3. Әдебиеттердің қайнар көздерін таңдау және қолдану

  4. Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары)

  5. Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі

  6. Курстық жұмысты рәсімдеу

  7. Курстық жұмысқа пікір жазу

  8. Курстық жұмысты қорғау мен бағалау

  9. Курстық жұмыстың тақырыптары

  10. Курстық жұмыс тақырыптарын таңдау

  11. Жалпы ұсынылған әдебиеттер санағы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1305000 «Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» мамандығы бойынша оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша курстық жұмыс жазып оны қорғайды. Курстық жұмыстың жазылуына студенттің теориялық материалды қаншалықты меңгергенін және алған білімін тәжірбиелік зерттеу үшін пайдалану қабілетінің қаншалықты екендігін, нарықтық қатынаста кәсіпорындардың бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жетілдіру жөніндегі нақты міндеттерді шеше білу қабілетінің қаншалықты екендігін тексеруге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың мәні оны орындау негізінде студенттің алған териялық білімін бекітіп қана қоймай, сонымен бірге тереңдете түсетіндігінде. «Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша курстық жұмыс студенттердің өз бетімен жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Оны орындау студентті өз бетімен жұмыс істеуге дайындығын тексеру ғана емес, сонымен бірге өз бетімен ғылыми жұмыс жүргізу дағдысын дамытудың маңызды формасы. Оқудың осы кезеңіндегі студенттің алған тәжірибесі мен білімі дипломдық жұмысқа дайындық кезінде көп көмегін тигізеді.


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАП АЛУ ЖӘНЕ БЕКІТУ

Курстық жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Курстық жұмыс бухгалтерлік есеп және аудит кафедасында жасалады және бекітіледі. Тақырыпты таңдау кезінде студенттердің ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша курстық жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді студенттің ескеруі қажет. Курстық жұмыстың тақырыбы болашақтағы дипломдық жұмыста келтірілген мәселемен ұштасқан жөн. Мұндай жағдайда студент алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, дипломдық жұмысты өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды.

Студент оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.

АЛҒАН ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӘДЕБИТТЕРДІ ІРІКТЕУ

ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

«Бухгалтер есеп» пәні бойынша курстық жұмыстың такырыбын таңдағаннан кейін студент курстық жұмыс бойынша бірден әдебиеттерді іріктеуге кірісу керек (негізгі және қосымша). Мұны өз бетімен жасау керек. Студент каталогтармен библиографиялық анықтамаларды пайдалану білуін көрсету қажет. Сол кезде курстың тиісті тарауы бойынша негізгі әдебиеттер көрсетілген лекция конспектілерін де ұмытуға болмайды.

Пәндік тақырыптың каталогпен жұмыс кезінде курстық жұмыспен сәйкес қана емес, сонымен бірге таңдалған тақырыпқа жақын келетін бөлімдерді де қарау керек. Сол кезде проблеманың теориялық жағын ғана емес, сонымен бірге тәжірибеде қолданылып жүрген бухгалтелік есепті көрсететін әдебиеттерді де іріктеп алған жөн. Каталогтарды қарай отырып өз картотекасын жасау керек. Әрбір жұмысқа жеке библиографиялық карточка ашылып, оған авторы, әдебиет аты, баспасы, басылған жылы, қысқаша мазмұны жазылады. Картотекаға курстық жұмыс бойынша соңғы 3 жыл ішінде шыққан жаңа әдебиетті жазған дұрыс болады. Нұсқау беретін материалдардың ең соңғы шыққаны пайдаланылады.

Әдебиеттерді өз бетімен таңдап алғаны дұрыс, бірақ ғылыми жетекшімен жүйелі түрде кеңесіп отыру қажет. Іріктеліп алынған әдебиетттердің тізімі онымен міндетті түрде келісіледі. Іріктеліп алынған әдебиетттерді қарау кезінде қандай жаңа өзгерістер мен толықтыруларды ескеру туралы да жетекшімен ақылдасу керек. Танысу деңгейіне байланысты олар пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тіркеледі.

Іріктеліп алынған әдебиетттермен алдын ала таныстыру кітапхана немесе журналдағы мақаланың мазмұнын таңдаған тақырыпқа қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін де қажет. Сонымен қоса мұндай танысусыз тақырыппен қаншалықты мәселенің ауқымының қаншалықты екендігін толық түсініп, курстық жұмыстың жоспарының алғашқы нұсқасын жасау мүмкін емес. Ең алдымен тақырып бойынша жалпы әдебиетпен, содан соң негізгі және қосымша әдебиетпен (нұсқаулармен, әдістемелік нұсқаулармен) танысады: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелік Департаментінің нұсқалық материалдарын, стандарттарын пайдалану қажет. Сонымен бірге жұмыста жаңа арнайы әдебиетті, соңғы жылдардың мерзімдік басылымдарынан мақалаларды, Бухгалтер Бюлетені, Бухгалтер файлы, «Қаржы – қаражат», «Салық комитеінің жаршысы» және т.б.



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ

Әдебиетттермен алдын ала таныс негізінде курстық жұмыстың алғашқы нұсқасы мұқият ойластырылуы қажет. Әдетте курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Жоспарды жасау кезінде ең бірінші кезекте жекелеген параграф қарастырылатын мәселелердің ауқымының жобасын және олардың орналасу ретін анықтап алу қажет.

Қандай тақырып болмасын әр түрлі ашылуы мүмкін. Бірақ сол курстық жұмыс жоспары оның негізгі бағыттарын көрсетеді. Жұмыс жоспары жұмыстың негізгі идеясын көрсетіп, оның мазмұны мен сипатын ашуы қажет. Онда тақырыптың аса актуальды мәселелері бөлініп алынады.

Жасалынған жоспарды студент курстық жұмыс жетекшісімен келіседі.

ІРІКТЕЛГЕН ӘДЕБИЕТТТЕРДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУ
Жетекшісімен жұмыс жоспарын келіскен соң, әсіресе кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері туралы іріктеп алынған әдебиеттерді жете оқып-үйренуге кірісу керек. Ол үшін әдетте конспектілер жасалады. Конспектілердің сипаты болашақ жұмысқа оқып-үйреніп отырған материалдарды пайдалану мүмкіндігі мен формасына қарай анықталады. Ол қысқаша көшіру (дәйексөз) немесе ойды, фактіні қысқаша мазмұндай немесе курстық жұмысты жазу кезінде қажет болатын жерлер үшін оқылған жан-жақты жоспар түріндегі сипаттамасы болуы керек. Барлық жағдайда материалдың алынған жері, баспасын және бетін көрсету қажет.

Алынған деректерді жұмыстың жоспарда көрсетілген негізгі тараулары бойынша жүйеге түсіру іріктеп алған материалдардың тәжірибелік негізінде тақырыптың негізгі мәселелерін терең де, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттерді зерттеу кезінде белгілі бір ретпен жұмыс істеу ұсынылады. Оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан соң монографиялық жұмысқа көшуге болады. Журналдық мақалалармен және нормативтік материалдармен аяқтау қажет. Әдеби нұсқаларды зерттеудің мұндай жолы білімді бірте-бірте жинақтап, тереңдете беруге, қарапайымнан күрделіге, жалпыдан жекеге көшуге мүмкіндік жасайды. Әдебиеттерді мұқият оқып үйрену нақты материалдарды іріктеп алғанша аяқталуы керек, өйткені әдеби ңұсқалар бойынша барлық есептің теориясы мен практикасының мәселелерімен, әсіресе озат кәсіпорындардағы есеп тәжірибесімен терең әрі жан-жақты таныcу кәсіпорындағы тәжірибені сыни тұрғыда зерттеп, курстық жұмысқа қажет нақты материалды білгірлікпен реттеп алуға жағдай жасайды.

ЖОСПАРДЫҢ ЕҢ СОҢҒЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ

Әдебиеттер тақырып бойынша мұқият зерттеліп, жүйеге келтірілген соң жұмыс жоспарының алғашқы нұсқасынà кейбір өзгертулер енгізілуі мүмкін. Жоспардағы өзгерту жұмыстың өзінің бағытына кейбір түзетулер енгізумен, зерттеп жатқан проблемамен жан-жақты таныса келе автор түзету кіргізу қажет екендігіне көз жеткізгенде немесе өз алдында жеке алынған бөлімдегі көптеген мәселелерде материалдар жеткілікті болмағанда, ал басқаларында, керісінше теориялық және практикалық жаңа деректер пайда болуымен байланысты болуы мүмкін.

Егер әдебиет материалдарымен танысып шыққан соң жоспардың жаңа нұсқасы жасалған жағдайда соңғысы да курстық жұмыстың жетекшісімен келісіледі. Курстық жұмыс ең соңында нұсқасы оның жазылатын мерзімі көрсетілген графикпен толықтырылады.

ТӘЖІРБИЕЛІК МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨНДЕУ



«Бухгалтерлік есеп» пәні бойынша курстық жұмыстың ерекшелігі нақты кәсіпорынның қызметі туралы деректерді зерттеудің негізінде жазылады. Сондықтан да нақты тәжирбиелік материалдарды жинау ең жауапты кезең болып табылады. Нақты материалдың қаншалықты дұрыс және толық жиналуы курстық жұмыстың сапаны жазылуына көп әсер етеді. Сондықтан тәжирбиелік материалды жинауға кіріспес бұрын жұмыс үшін қандай материал қажет екендігін мұқият ойластырып, мүмкіндігі болса арнаулы жоспар жасаған дұрыс.

Кәсіпорынның жұмыс тәжірибесін зерттеген кезде «Бухгалтерлік есеп» курсын оқу кезінде сол сияқты әдеби нұсқаларды оқып үйрену кезінде алған білімді пайдалану қажет.

Нақты тәжирбиелік деректерді жинастыру мен өңдеу кезінде есеп жұмысының тиісті учаскесіндегі оң тәжірибе мен кемшіліктерін анықтауға ерекше назар аударылуы қажет. Сонымен қоса есеп кәсіпорын мен оның жекелеген буындарының басшыларын қажетті ақпаратпен қаншалықты қамтамасыз ететіндігіне, есептегі қосарласу болған жағдайда оперативтілігі мен алынған деректің толықтығына есептің компьютерлендірілуіне, т.б. назар аудару керек. Нақты тәжирбиелік материалдарды жинастырып, өңдеу процесінде есептің ұйымдастырылуы мен методологиясын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды ойластыру және ол ұсыныстарды дұрыс жазу қажет.

Есептің методологиясы мен құрастырылуы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуы мен технологиясына қатысы көп болатындығы жағдайын ескере отырып, курстық жұмыстағы есептің проблемасы мен тәжірибесі кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының нақты жағдайымен тікелей байланысты қарастырылуы үшін де бұл мәселені де мұқият зерттеу керек.

Нақты тәжирбиелік материалдарды жинау және оны өңдеу жалпы тақырыпқа курстық жұмыс жазу кезінде де пайдаланылады. Бұл жағдайда ол жұмыстың теориялық жағын көрсетеді.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУ

Курстық жұмыс кәсіпорын тәжирбиелік материалдары жинақталып, өңделген және мұқият зерттелген әдеби нұсқалар негізінде жазылады.

Курстық жұмыстың жекелеген тарауларының мазмұнын сипаттай отырып, мынаны атау қажет:

Екі-үш беттік кіріспеде курстық жұмыстың тақырыбының негізгі мазмұны мен мәні ашылады, мұнда студенттің жұмысты жазу кезінде алға қойған мақсаты да көрсетіледі. Тәжірибиелік материалы бойынша курстық жұмыс жазылған кәсіпорынның қысқаша сипаттамасын берген дұрыс. Сол кезде кәсіпорынның есепті ұйымдастыру мен методологиясына ықпал ететін ерекшеліктеріне тоқталу керек.

Бірінші тарау әдетте теориялық сипатта болады. Онда курстық жұмыс бағытталған есеп көрсеткіштерінің экономикалық табиғаты, маңызы көрсетіледі, одан есепті дұрыс ұйымдастырудың маңызы ашылады.

Осы айтылғандардың барлығы статистикалық анықтамалардан монографиялардан, жорнал мақалаларынан және басқа материалдардан алынған сандық деректермен өрнектеліп олардың қайдан алынғаны жөнінде сілтеме жасау ұмыт қалмасын.

Келесі тарауда кәсіпорында жүргізілетін есеп тәжірибесі қарастырылады. Баяндау рет-ретімен келіп, қисынды болсын. Ол сонымен бірге нақты және түгелімен жүргізіліп жатқан тәжірибеге сүйенуі қажет. Сонымен бірге тек жаза салу ғана емес, алынған кәсіпорынның есебін ұйымдастыру мен методологиясына сыни талдау жасау маңызды. Нақты материалдарды талдау нәтижесінде кәсіпорындағы озат тәжірибені жинақтап, оның жұмысындағы жекелеген кемшіліктердің бетін ашуға, мүмкіндігі болса ондай кемшіліктерді болдырмаудың жолын көрсетуге тырысқан жөн. Сол кезде есепті жетілдірудің шешуші шарты оны толық компьютерлендіру есептің прогрессивті әдісін бірқалыпты еңгізу естен шықпауға тиіс. Қосымшаларға сілтеме нөмірі көрсетіліп жасалғаны дұрыс. Жұмыстың барлық тараулары бір-бірімен байланысты болсын.


жүктеу 472,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау