д)
Қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан.
Бұл есептер
№ 1110, 1150 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар» активті
шоттарында бейнеленеді. Активтер бағалы қағаздарды қайта бағалау
нәтижесінде пайда болатындықтан, шаруашылық операциялардың
жазылуы № 1110, 1150 шоттардың дебетіне № 5320 шоттың кре-
дитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1110, 1150 — 5320 Бағалы қағаздарды қайта
бағалаудың есебі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
пассивті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 5320) баланстың активі
мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның активтері, екінші жағынан сол
сомаға қайта бағалаудың көлемі көбейеді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |