Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2,74 Mb.
Pdf просмотр
бет133/251
Дата06.01.2022
өлшемі2,74 Mb.
#36690
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   251
Бухгалтерлік есеп (5)

Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Қандай  кәсіпорындарда  мемориалды-ордерлі  үлгі  бойынша 
есеп жүргізу тиімдірек болады?
2.  Бұл  үлгі  кезінде  аналитикалық  есеп  қалай  ұйымдастырыла-
ды?
3.  Қандай  жағдайларда  журнал-ордерлі  үлгіні  пайдалану  тиім-
дірек болады?
4. Бұл үлгі кезінде синтетикалық есеп қалай ұйымдастырылады?
5. Кәсіпорын есептің үлгісін өзі таңдай алады ма?
77. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
Бухгалтерлік  есепті  ұйымдастыру  үшін  жауапкершілік  кәсіп-
орынның  басшысына  жүктеледі.  Ол  бухгалтерлік  есепті  дұрыс 
жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау, құжаттар мен мәліметтердің 
есебін  дайындау  мен  тапсыруға  байланысты  бас  бухгалтердің  та-
лаптарын  кәсіпорынның  барлық  басқа  қызметкерлері  тарапынан 
толық орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бас бухгалтер басшының бұйрығымен қызметке тағайындалады 
немесе  босатылады  және  оған  тікелей  бағынады.  Ол  нормативті 
құжаттарды  пайдалана  отырып,  барлық  шаруашылық  опера-
циялардың  бухгалтерлік  есеп  шоттарында  дұрыс  бейнеленуі  мен 
бақылануын  қамтамасыз  ету,  кәсіпорын  басшылары  үшін  шұғыл 
ақпарат беру, бухгалтерлік есеп беруді дайындап, оны белгіленген 
мерзімдерде тапсыруға міндетті. 
Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауар-материал-
дық құндылықтар мен ақша қаражаттарын, сондай-ақ есеп айыры-


150
су, несие, қаржылық міндеттемелер және шаруашылық келісімдерін 
қабылдау  мен  босатуға  негіз  болатын  құжаттарға  қолтаңбасын 
қояды. Айтылған құжаттар бас бухгалтердің қолтаңбасынсыз заңсыз 
болып саналады және орындауға жатпайды.
Егер  бас  бухгалтер  ұзақ  уақыт  жоқ  болатын  болса  (демалыста 
немесе  ұзақ  іссапарда),  онда  басшы  қолтаңбасын  қою  құқығын 
басқа  адамға  беру  туралы  жазбаша  түрде  бұйрық  шығарады.  Бас 
бухгалтерге заңдылыққа қайшы және келісім шарт пен қаржылық 
тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды дайындау мен 
орындауға тиым салынады. Мұндай құжаттар туралы ол басшыға 
жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Басшыдан айтылған құжаттарды 
есепке алу туралы жазбаша ұйғарым алған соң, бас бухгалтер оны 
орындайды.  Бірақ,  орындалған  операциялардың  заңсыздығы  үшін 
жауапкершіліктің  барлығы  толығымен  кәсіпорынның  басшысына 
жүктеледі.
Материалды  жауапты  тұлғалардың  (кассирлер,  қоймашылар 
және  т.б.)  тағайындалуы,  босатылуы  мен  орын  ауыстырылуы  бас 
бухгалтермен келісіледі.
Жұмыстан босатылу кезінде бас бухгалтер барлық құжаттарды 
жаңадан  тағайындалған  бас  бухгалтерге  тапсырады.  Құжаттарды 
тапсыру  барысында  бухгалтерлік  есептің  жағдайы  мен  есепті 
мәліметтердің дұрыстығы туралы кәсіпорынның басшысы бекітетін 
акт жазылады.
Штатында кассирі жоқ кәсіпорындарда, оның міндетін бухгалтер 
немесе  кәсіпорын  басшысының  жазбаша  бұйрығы  бойынша  басқа 
қызметкер атқаруы мүмкін. 
Кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есепті жүргізуді мамандан-
дырылған  ұйым  немесе  маманға  келісім  шарт  негізінде  тапсыруы 
мүмкін.
 

жүктеу 2,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   251




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау