139
6. Әлеуметтік салықты төлеу бойынша кімдер бақылау жүргі-
зеді?
7. Әлеуметтік салық есептеудің мөлшері қандай болады?
71. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық салу
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық төлеушілер
болып бағалы қағаздарға меншік құқығының өтуімен байланы-
сты, сондай-ақ олардың эмиссиясын іске қосатын операцияларын
жүргізетін заңды және жеке тұлғалар саналады.
Акционерлік қоғамды ұйымдастыру кезінде акцияларды
шығару құны міндетті түрде жарғылық қордың сомасына тең бо-
луы тиіс. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық салу
объектілері болатындар:
1) қазіргі заңнамаларға сәйкес өткізілген акционерлік қоғам
мүлкінің құнына акциялардың эмиссиясынан басқа, Қазақстан
Республикасының территориясында шығарылған бағалы қағаздар-
дың бастапқы және қосымша эмиссиясының құны.
Мысалы: Акционерлік қоғам ұйымдастыру кезінде 1 милли-
он теңгеге акциялардың бастапқы эмиссиясын жасады. Одан соң
Үкіметтің Қаулысына сәйкес, ол мүліктің жарғылық қорын 5 мил-
лион теңгеге қайта бағалады. 4 миллион теңгеге қосымша эмиссия
жасау кезінде акционерлік қоғам эмиссияның проспектін қайта
тіркегені үшін
салық төлеуден босатылады;
Қазақстан Республикасында шығарылған қағаздар бойынша
Қазақстан Республикасы территориясында және одан тыс бағалы
қағаздарға меншік құқығының ауысуымен байланысты кепілге
берушінің меншігіне бағалы қағаздарды беру, айырбастау, сатып
алу, сату, қайтарымсыз беру, құрылтайшылар арасында орналасты-
ру және одан басқа операциялар кезіндегі нарықтық баға.
Қазақстан Республикасының территориясында шетелдік эми-
тенттермен айналымға шығарылған бағалы қағаздар қазіргі заң-
намаға сәйкес басқа бағалы қағаздармен бірдей жағдайларда бағалы
қағаздармен жасалатын операцияларға салық салынады.
Салық салынуға отандық пен шетелдік эмитенттер айналымға
материалдық немесе материалдық емес түрде шығарылған акция-
лар және облигациялар жоғарыда айтылған операцияларға жатады.
Тіркеусіз немесе заңсыз шығарылған бағалы қағаздар жалпы
белгіленген тәртіпте салық салынуға жатады.
Қазақстан Республикасының тиісті органдарында тіркелуі ке-
140
зінде бағалы қағаздардың бастапқы шығарылуына (эмиссиясына)
салық бағалы қағаздарды шығарудың номиналды құнынан 0,1 пай-
ыз мөлшерде төленеді.
Акционерлік қоғам мүлкінің құнын қайта бағалауы есебінен
жасалатын эмиссиядан басқа, акциялардың қосымша эмиссиясын
тіркеу кезінде салық эмиссияның номиналды құнынан 0,5 пайыз
мөлшерде төленеді.
Атқарушы биліктің орталық органдары (мемлекеттік комитеттер,
министрліктер, ведомстволар, жергілікті өкілетті, атқарушы орган-
дар) шығарған бағалы қағаздардың қозғалысы бойынша операция-
лар жасау кезінде салық сатылу бағасының әрбір 100 теңгесінен 1
теңге мөлшерде төленеді.
Басқа заңды және жеке тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың
қозғалысы бойынша операцияларды жасау кезінде белгіленген
тәртіпте әрбір 100 теңгеден 3 теңге мөлшерде салық төленеді. Сатып
алу бағасы номиналынан төмен немесе қайтарымсыз түрде беру,
сыйға тарту, мұра етіп алу кезінде бағалы қағаздардың номиналды
бағасының сол мөлшерінде төленеді.
Салық салуға мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы
жатпайды. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық
сомасының есебі бағалы қағаздар мен салық мөлшерлемесінің
қозғалысы операциялары бойынша эмиссия
мен келісім сомасының
құнына негізделіп, салық төлеуші өздігінше жүргізеді. Бағалы
қағаздардың әрбір шығарылуы бойынша салықтың сомасы эмис-
сияның номиналды құны негізінде есептеледі.
Бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеу кезінде эмитент бюд-
жетке тиесілі салықтың сомасының төленуін куәландыратын құ-
жатты тіркейтін органға беруі тиіс. Қазақстан Республикасының
заңнамасымен қарастырылған шарттар мен тәртіп бұзылғанда, эми-
тент шығарған бағалы қағаздардың эмиссиясы тіркеуге алынбаған
жағдайда төленген салық қайтарылмайды және бағалы қағаздар
эмиссиясы келесі тіркеу кезінде есепке алынады.
Тіркеусіз бағалы қағаздардың эмиссиясы, сондай-ақ олардың
заңсыз шығарылу жағдайында салықтың төленуі бағалы қағаздар
эмиссиясының басталу мерзімі болып саналады.
Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салықтар кәсіп-
орынның өзінде қалатын жиынтық табысы (пайдасы) есебінен төле-
неді.
Номиналды құнынан жоғары баға бойынша капиталды қалып-
тастыру кезінде акцияларды сату жағдайында, салық салуға жата-
тын акционерлік қоғамдардың жиынтық табысының (залалының)
141
құрамындағы нақты сату бағасы мен номиналды құн арасындағы
айырмашылық енгізілмейді. Көрсетілген айырма тек қана қосымша
капитал ретінде қаралады және оны тұтыну мұқтаждықтарына
жіберуге болмайды. Бағалы қағаздар бойынша (акциялар, обли-
гациялар және т.б.) дивидендтер және пайыздар түрінде алына-
тын табыстарға 15 %-дық мөлшерлеме бойынша осы табыстардың
көздеріне салық салынады.
Қарыз міндеттемелерін сату (жабу) бағасы мен сатып алу бағасы-
ның арасындағы айырма түріндегі қаржы заңды тұлғалардың пай-
дасына салынатын салық (корпоративтік табыс салығы) төлейтін
заңды тұлғалардың негізгі емес қызметтен түскен табыстарының
құрамына толық енгізіледі.
Пайыздар, дивидендтер түріндегі акциялар және басқа бағалы
қағаздар бойынша жеке тұлғалар алатын табыстарыға, сол табыстар-
ды төлеу көздеріне салық салыбайды. Дивидендтер мен пайыздар
төлейтін банктер және басқа кәсіпорындар, ұйымдар осы табыстар
мен салық декларациясына енгізілуге жататын табыс салығынан
ұсталған қаржылар туралы мәліметтерді тиісті салық органдарына
хабарлауға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: