Бухгалтерлік есеп


Бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша  операциялар



жүктеу 2,74 Mb.
Pdf просмотр
бет107/251
Дата06.01.2022
өлшемі2,74 Mb.
#36690
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   251
Бухгалтерлік есеп (5)

56. Бағалы қағаздардың құнсыздануы бойынша  операциялар 
Бағалы  қағаздар  қаржылардың  ең  тәуекелділігі  жоғары  салым-
дарының  бірі  болып  табылады.  ҚР-дағы  бухгалтерлік  есеп  пен 
есеп  беру  туралы  ережелердегі  өзгертулер  мен  қосымшаларға 
сәйкес,  бағасы  белгіленген  бағалы  қағаздар  баланста  ең  төменгі 
құн қағидасы бойынша бейнеленуі тиіс. Бұл егер жылдың соңында 
балансты құрастыру кезінде бағасы белгіленген бағалы қағаздардың 
құны  баланстық  құннан  төмен  болса,  онда  жаңа  нарықтық  құн 
бойынша олардың қайта бағалануы тиіс екендігін білдіреді. Бағасы 
белгіленген бағалы қағаз желтоқсан айының соңғы күніндегі баға 
сатып алушы мен сатушының сол күндегі бағасының арасындағы 
орташа  көрсеткіші  ретінде  анықталады.  Бұл  кезде  бағалы  қағаз-
дардың баланстық (есепті) құны мен олардың қалыптасқан нарық-
тық бағасының арасындағы айырманың сомасына қорытынды про-
водкалармен мынадай жазу жазылуы тиіс:
Дт  —  7340  «Қаржыландыруға  арналған  басқа  да  шығыстар» 
шоты;
Кт — 1150, 2040 «Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестиция-
лары» шоты.
Бағасы белгіленген курсқа жатпайтын бағалы қағаздар бойынша 
да  қайта  бағалау  жүргізіледі,  бірақ  олардың  баланстық  құны 
өзгертусіз қалады. Қайта бағалау бағалы қағаздардың құнсыздануы 
бойынша резервтер құруға алып келеді. Бағасы белгіленген бағалы 
қағаздар  бойынша  резервтің  мөлшерін  анықтау  кезінде  олардың 
нақты  қамтамасыз  етілуіне  сүйенеді,  ал  бағасы  белгіленбеген 
бағалы  қағаздар  бойынша  қамтамасыз  етілу  мөлшері  дисконттау 
коэффициентінің жәрдемімен шартты түрде анықталады. Дисконттау 
коэффициенті жыл бойы өзгеріп отыруы мүмкін. Бухгалтерлік есепте 
резервтердің құрылуы төмендегі проводкалармен бейнеленеді:
Дт  —  7340  «Қаржыландыруға  арналған  басқа  да  шығыстар» 
шоты;
Кт — 5310 «Құрылтай құжаттарында   белгіленген резервтік ка-
питал» шоты.
Әрбір жеке қағаз үшін барлық бағалы қағаздар құнының сақталуы 
немесе өсуінен тәуелсіз резервтер құрылады. Сөйтіп, аналитикалық 
есеп әрбір резерв үшін жүргізіледі.
Нарықтық  құнның  қор  құндылықтарының  баланстық  құнынан 
артығы бухгалтерлік жазулармен қосақталады.
Егер  құнсыздануға  бұрын  резерв  құрылған  бағалы  қағаздың 
жыл  қорытындысымен  нарықтық  құны  жылдық  резерв  құру 


113
үшін  мөлшерлі  баға  ретінде  пайдаланылған  нарықтық  бағадан 
артып  кетсе,  онда  бұл  қағаздың  құнсыздануы  жөнінен  резервтің 
сомасы  қорытынды  жазулармен  табыстар  және  залалдар  шотына 
қаржыларды толық аударылуына дейін түзетіледі. Бұл жерде:
Дт — 5310 «Құрылтай құжаттарында  белгіленген резервтік капи-
тал» шоты;
Кт  —  5430  «Өткен  жылдардағы  пайда  (залал)»  шоты  бейнеле-
неді.
Бұрын  құнсыздануға  резерв  құрылған  бағалы  қағаздар  сату 
кезінде қағаздың сатылуы бойынша жазулармен бір мезгілде олар 
бойынша резерв сомасы № 5310 шоттың дебетінен № 5430 шоттың 
кредитіне ауыстырылады.

жүктеу 2,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   251




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау