БЕКІТЕМІН
«Бөгенбай батыр атындағы
қазақ орта мектебі» КММ
директоры:
__________Г. Сарсенбаева
Үлгерімі төмен оқушылармен
жұмыс жоспары
2016-2017 оқу жылы
Биология пәнінің мұғалімі: Хуан А
Түсінік хат
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:
есеп шартын оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;
кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.
Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.
Мақсаты:
биология пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;
сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;
төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, биология пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.
Міндеттері:
әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау
мемлекетін білім стандартын менгере отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;
үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже:
оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгереді;
пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажырата және салыстыра алады;
ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.
Негізгі принцип:
нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату;
нашар үлгермеуші оқушылардың пән бойынша әр сыныптан анықтау, жүргізілетін жоспарды құру;
жазуға биылдықты жүргізілетін жұмыстар (көшіру, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);
бақылау жұмыстар, тесттер (ескерту, іріктеу, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);
есеп шығару жұмыстарын жүргізу;
оқушылардың оқыған ғылыми мақалаларға байланысты реферат жазу.
Биология пәнінен үлгерімі төмен
оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
2016-2017 оқу жылы
№
|
Атқарылатын жұмыстар
|
Мерзімі
|
1
|
Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау, білім деңгейінің төменділігінің себептері, мінезі, жанұя жағдайы.
|
Қыркүйек
|
2
|
Әр сыныпқа үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын бекіту
|
Қыркүйек
|
3
|
Қосымша сабақтар өткізу.
|
Аптасына бір рет
|
4
|
Жеңілдетілген түрде тапсырмалар беру.
|
Үнемі
|
5
|
Сыныптағы үлгерімі жақсы оқушыларға білім деңгейі төмен оқушыларға көмектесуге жүктеу.
|
Үнемі
|
6
|
Тапсырмасы жылдам және жеңіл түрде алынған кім жылдам атты интеллектуалды ойын өткізу.
|
Үнемі
|
7
|
Тоқсан сайын байқау тестілеудің физика пәні бойынша мониторингін жүргізу.
|
Тоқсан сайын
|
8
|
Ата-аналармен, сынып жетекшілермен үнемі байланыста болу.
|
Үнемі
|
9
|
Оқушыларға психологиялық, ақпараттық қолдау көрсету.
|
Үнемі
|
10
|
Басқа пән мұғалімінің сабақтарына қатысу.
|
Үнемі
|
2016-2017 оқу жылындағы биология пәнінен 6-сыныптағы
үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін
жұмыстың жоспары
№
|
Жұмыс тақырыптары
|
Саға-ты
|
Мерзімі
|
Өсімдіктермен жалпы танысу
|
1
|
Ботаника –өсімдіктер туралы ғылым
|
1
|
1.09
|
2
|
Ұлғайтқыш құралдар
|
1
|
8.09
|
3
|
Өсімдік жасушасының құрылысы және химиялық құрамы
|
1
|
15.09
|
4
|
Жасушалардың тіршілік әрекеттері
|
1
|
22.09
|
5
|
Өсімдік ұлпалары
|
1
|
29.09
|
6
|
Өткізгіш және бөлгіш ұлпалар
|
1
|
6.10
|
Гүлді өсімдіктердің мүшелері
|
7
|
Тұқым. Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы
|
1
|
13.10
|
8
|
Тамыр және тамыр жүйесі
|
1
|
20.10
|
9
|
Жапырақ өркеннің жанама мүшесі
|
1
|
27.10
|
10
|
Сабақ өркенің негізгі бөлігі
|
1
|
3.11
|
11
|
Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру
|
1
|
17.11
|
12
|
Балдырлар бөлімдері
|
1
|
24.11
|
13
|
Мүктердің әртүрлүлүгі
|
1
|
2.12
|
14
|
Өсімдіктердің тыныс алуы
|
1
|
8.12
|
Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер бөлімі
|
15
|
Қырықжапырықтәрізділерің сырты құрылысы
|
1
|
15.12
|
16
|
Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы
|
1
|
22.12
|
17
|
Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлүлүгі
|
1
|
29.12
|
18
|
Раушан гүлділер тұқмдастар
|
1
|
12.01
|
19
|
Алқа тұқымдастар
|
1
|
19.01
|
20
|
Лалагүл тұқымдасы
|
1
|
26.01
|
21
|
Пияз тұқымдасы
|
1
|
2.02
|
Вирустар дүниесі
|
22
|
Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурудың таралуы
|
1
|
9.02
|
23
|
Бактерияларға жалпы сипаттама
|
1
|
16.02
|
24
|
Ауру туғызатын бактериялар
|
1
|
23.02
|
25
|
Бактериялардың таралуы
|
1
|
2.03
|
26
|
Саңырауқұлақтардың жалпы мипаттамасы
|
1
|
9.03
|
27
|
Зең саңырауқұлақ
|
1
|
16.03
|
28
|
Жеуге жарамды саңырауқұлақ
|
1
|
6.04
|
Табиғи бірлестіктер
|
29
|
Қыналар, олардың құрылысы, қоректенуі және көбюі
|
1
|
13.04
|
30
|
Биологиялық жүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері
|
1
|
20.04
|
31
|
Биожүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері туралы түсінік
|
1
|
27.04
|
32
|
Өсімдіктердің, жануарлардың және де саңырауқұлақтардың бактериялардың және олардың тіршілік әрекеттері
|
1
|
4.05
|
33
|
Өсімдіктерде табиғи бірлестіктерде бірге тіршілік етуге бейімділіктері
|
1
|
9.05
|
34
|
Жер бетіндегі өсімдіктердің дамуы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер.
|
1
|
16.05
|
Жылдық сағат саны: 34
|
Достарыңызбен бөлісу: |