Жұмыс басталатын күн:
|
2014 жылғы тамыздың бас кезі
|
Шарттың әрекет ететін мерзімі:
|
Шартқа қол қойылған күннен бастап 4 ай (ұзартылуы мүмкін).
|
Шарттың түрі
|
Азаматтық-құқықтық
|
Жұмыс жағдайлары
|
Аптасына 37,5 сағат, соның ішінде әкімшілік жұмыс (оның ішінде 24 сағат сабақ беру).
Ығысып отыратын оқу кестесіне (әр курстың барысында бейімделетін болады) байланысты демалыс күндері жүйелі түрде жұмыс істеу.
|
Еңбекақы
|
CELTA біліктілігі болған жағдайда: еңбекақы: салық ұсталғанға дейін айына 341000 теңге.
Төлемақы тиісті валютада банктік шотқа жасалады.
|
DELTA біліктілігі болған жағдайда: еңбекақы: салық ұсталғанға дейін айына 403000 теңге.
Төлемақы тиісті валютада банктік шотқа жасалады.
|
Тұратын жер
|
Пәтер беріледі, тамақты тұрғынның өзі дайындауына болады (екінші адаммен бірге тұруы мүмкін), барлық коммуналдық шығыс төленеді.
|
Ұшу сапары
|
Атырау қаласына барып-қайтуға эконом-класс билеті беріледі
|
Жолжүгін алып жүру
|
Авиакомпанияның лимитінен көп дегенде 10 кг асатын жолжүгін алып жүруге рұқсат етіледі.
|
Медициналық сақтандыру
|
Стандартты медициналық сақтандыру беріледі
|
Біліктілігі және жұмыс тәжірибесі (міндетті түрде)
|
Ағылшын тілінің мұғалімі
Жоғары білімі, DELTA, TESOL дипломы немесе ELT сынағындағы шебер біліктілігі, соған қоса диплом алғаннан кейін кем дегенде үш жыл сабақ беру тәжірибесі, соның ішінде компанияда жұмыс тәжірибесі болу керек.
Біз CELTA біліктілігі немесе TESOL сертификаты бар күшті үміткерлерді қарастыра аламыз.
|
Саладағы тәжірибесі (болғаны жақсы)
|
Мұнай мен газ саласында/аталған сектордың басқа салаларында ағылшын тілінен сабақ беру тәжірибесі.
|
Шектеу
|
British Council in Kazakhstan Атырау қаласында жанұясымен бірге тұру мүмкіндігіне байланысты шығыстарды төлемейді.
|
Түйіндемені беруге болатын соңғы мерзім:
|
2014 жылғы 4 шілде, Алматы уақыты бойынша сағат 23:59.
Түйіндемеңізді, екі ұсыныстама хатты және осы қызметке деген ынтаңызды түсіндіретін ілеспе хатты Байланыс ақпараты бағанында көрсетілген электрондық мекенжайға жіберуіңізді өтінеміз.
Хабардың тақырыбы: «Атырау қаласындағы қысқа мерзімді курс».
|
Байланыс ақпараты
|
recruitment@kz.britishcouncil.org
|