23. Егер 2 жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе , ал 8 жыл бұрын 5 есе үлкен болса, қазір ағасы неше жаста?
A)21 B)18 C)13 D) 28 Е) 16
24. Баланың төрт еселенген қазіргі жасынан оның төрт жыл бұрынғы жасын бес еселепшегерсек, баланың қазіргі жасы шығады. Бала қазір неше жаста?
A) 9 жаста B) 10 жаста C) 11 жаста D) 12 жаста Е) 13 жаста
25. Баланың екі еселенген қазіргі жасынан оның төрт жыл бұрынғы жасын үш еселеп шегерсек, баланың казіргі жасы шығады. Бала қазір неше жаста?
A) 2 жаста B) 3 жаста C) 4 жаста D) 5 жаста Е) 6 жаста
26. Шешесі 42 жаста болғанда үлкен қызы 19, ортаншысы 11, кенжесі 2 жаста болады. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы үш қызынын жасының қосындысына тең болады?
A)9 жылдан кейін B)6 жылдан кейін C)5 жылдан кейін
D) 8 жылдан кейін Е) 7 жылдан кейін
27. Шешесі 45 жаста болғанда үлкен қызы 20, ортаншысы 12, кенжесі 3 жаста болады. Қанша жылдан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының қосындысына тең болады?
A)9 жылдан кейін B)6 жылдан кейін C)5 жылдан кейін
D) 8 жылдан кейін Е) 7 жылдан кейін
28. Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әкесінін жасы қаншада?
A) 45 жаста B) 50 жаста C) 54 жаста D) 56 жаста Е) 60 жаста
29. Ағасы інісіне: “Мен қазіргі сенін жасында болғанда сен менен үш есе жас едің. Ал сен менің қазіргі жасыма келгенде екеуміздің жастарымызды қосқанда 60 болады дейді. Ағайындар қазір неше де?
A)26; 14 B)24; 16 C) 25; 15 D) 25; 14 Е) 24,15
30. Атасының жасын жылмен, ал шөбересінің жасын аймен санаса, екі сан тең болады. Екеуінің жастарының қосындысы 117-ге тең. Атасы қаншада, шөбересі қаншада?
A) 97; 8 B) 102; 11 C) 89; 4 D) 110; 6 Е) 108; 9
31. Ержан, Ерман, Ерлан үшеуі бір күнде туылған үшемдер. Олардан дәл 3 жылдан кейін туылған екі егіз қарындастары бар. Бесеуінің жастарының қосындысы қанша балуы мүмкін?
A)36 B)53 C)76 D)89 Е) 92
32. Мұрат анасы екеуі туған күндерін бір күнде тойлайды. Бүгін анасының жасы ұлының жасынан 11 есе үлкен. Бірақ 6 жыл өткен соң, анасының жасы одан 5 есе үлкен болады. Ал бүгіннен бастап 16 жылдан кейін 3 есе үлкен болады. Бүгіннен бастап 36 жыл өткенде, анасының жасы одан 2есе үлкен болады. Бүгін Мұрат нешеге толып жатыр?
A) 3 B) 2 C) 5 D) 4 Е) 1
33. Марат пен әкесінің туған күні бір күнге түседі. Қазір Марат әкесінен 7 есе кіші. Ал 5 жылдан кейін әкесі Мараттан 4 есе үлкен болады. Марат қазір неше жаста?
A)4 B)6 C)8 D)5 Е) 7
34. Менің үш ұлым бар. Біріншісін жасы менің жасымның бірінші цифрына тең, екіншісінің жасы менің жасымның екінші цифрына тең және үшіншінің жасы менің жасымнын цифрларының қосындысына тең. Ешқайсымыздың жасымыз тең емес және барлығымыздың жастарымыздың қосындысы 60-қа тең болса, менің жасымды тап.
A)38 B)37 C)39 D) 29 Е) 28
35. Бір адам бір жарым жыл бұрын: «Менің бұл дүниеде өмір сүріп жатқаныма 44 жыл, 44 ай, 44 апта, 44 сағат, 44 минут өтті»,-деді. Бұл адам қазір нешеде?
A)50-де B)49-да C)48-де D) 47-де Е) 44-те
Достарыңызбен бөлісу: |