Бос мемлекеттік єкімшілік лауазымѓа орналасуѓа µткізілетін ішкі конкурс



Дата21.11.2018
өлшемі61 Kb.
#23411
түріКонкурс




Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс

туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы «Глубокое ауданы әкімінің аппараты» ММ (Глубокое к. Попович көшесі 11 а. № 5 каб. индексі 070500, тел.8(72-331)-2-13-45, факсі 8(72-331)-2-38-32, электронды мекенжайы Orazaeva@glubokoe.gov.kz) аудан бюджетінен қаржыландырылатын Глубокое ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды: 


1. «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы (санаты Е-R-1) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 142412 бастап 192382 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін жалпы басқару, ұйымдастыру және бақылау. Бөлімнің жұмысын жоспарлау. Бөлімнің құзыреті аясындағы мәселелер бойынша ҚР Үкіметі Қаулыларының, ҚР Президенті Жарлықтарының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды және олардың орындалуы бойынша ақпараттардың уақытында ұсынылуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Бөлімнің мәдениет және тілдерді дамыту мәселесі жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. ҚР мемлекеттік ономастикалық жұмыстары тұжырымдамасын сақтау. Азаматтарды қабылдайды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, жүгінімдерін, шағымдарын қарайды. Әкімдіктің отырысында қаралатын мәселелерді дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.



Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар:

«Өнер» (музыкатану, аспаптық орындаушы, вокалдық өнер, дәстүрлі музыка өнері, дирижер, режиссер, актерлік өнер, эстрада өнері, хореография, сценография, композиция, опера өнері, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау), «Білім» (музыкалық білім, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілді емес мектептерде орыс тілі және әдебиеті), «Қызметтер» (мәдени-бос уақытты ұйымдастыру жұмыстары, кітапхана ісі, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларындағы мамандықтар бойынша жоғары білім


Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес.



Құжаттарды қабылдау мерзiмi: 

Ішкі конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімінде конкурс жариялаған мемлекеттік органға Глубокое к. Попович көшесі 11 а, №5 каб. мекенжайына пошта арқылы немесе электронды түрде Orazaeva@glubokoe.gov.kz. электронды поштаға, болмаса «E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсырады.

Құжаттар мемлекеттік органның электронды пошта мекенжайына немесе «E-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы электронды түрде жіберілген болса, олардың түпнұсқасы әңгімелесудің басталуына дейін 1 жұмыс күні бұрын тапсырылады.

Олар тапсырылмаған жағдайда, конкурстық комиссия тұлғаны әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) нысандағы өтініш;

2) персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Глубокое ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.



Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Шағым жасау туралы ақпарат:

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасукон курсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау