Вирустардың өлшемдерін электронды микроскоп арқылы, ультрафильтрация әдісімен, ультрацентрифугалау әдісімен анықтайды. Ең ұсақ вирустардың бірі-полиомиелит вирусы, ал ең
ірі- табиғи шешек вирусы. Вирустардың ұзындығы 20 нм-ден 500 нм-ге дейін
барады. Вирустар бірегей геномға ие, себебі олар тек ДНҚ немесе РНҚ-дан тұрады, сондықтан да ДНҚ құрамды, РНҚ құрамды вирустар болып бөлінеді. Олар әдетте гаплоидты, яғни бір ғана гендер
жиынтығы бар. ( 1нм= 10-9 м )
Вирустар бактерилардан кіші болып келеді.
Вирустар мөлшеріне байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
ірі – 400нм дейін (шешек вирусы)
орташа – 150 нм кем (құтыру вирусы, тұмау вирусы)
ұсақ – 50 нм кем (полимиелит вирусы, А және В гепатиттер вирустары)
Вирус бөлшектерінің өлшемін анықтау әдістері:
диаметрі белгілі микропорлары бар
мембраналық фильтр арқылы сүзу:
ультрацентрифгал ау кезінде вирус бөлшектерінің тұнбаға түсу
жылдамдығымен;
электрондық микроскоп көмегімен;
вирус бөлшектері суспензиясынан өткен иондаушы радиация ағынын өлшеу арқылы
анықталады.
Вирустардың құрылымы.
Вирустардың құрылымында ортақ ұқсастықтар
бар.
Олардың бәрі белокты қабық-капсид және нуклеин қышқылынан тұратын нуклеокапсидтен тұрады.
Белоктық қатпардың жекелеген элементтері
капсомерлер деп аталады.
Кейбір вирустарда НҚ спираль ретінде белоктық құрылымға кіріп тұрады. Басқаларында спиральды жіпше капсидте болады.
Вирустар абсолютті паразит болғандықтан оларды ағза деңгейінде, тірі жасуша деңгейінде, ағзадан тыс жасавды жағдайда өсіреді. Өсіру үшін биологиялық жүйе ретінде зертханалық жануарларды, дамып келе жатқан тауық
эмбрионы мен жасуша дақылдарын қолданады.
Құрылысы күрделі вирустардың суперкапсиді
липопротеидтық комплекстен тұрады. Вирионның
құрамындағы липидтер мен көмірсутектердің шығу тегі клеткалық екендігі осы күні мойындалып отыр.
Зертханалык жануарлар (ақ тышқан, мақталық егеуқүйрық, қояндар, маймылдар т.б.) вирусологияның алғашқы даму кезеңінде жалғыз экспериментальды биологиялық үлгі болған, бұларды вирустар
қасиеттерін зерттеу мен кебеюінде қолданған. Вирустардың репродукциясының өткенін жануарлар мүшелеріндегі патоморфологиялық өзгерістер мен аурудың өзіне тән белгілерінің дамуы негізінде, яғни вирустардың индикациясы жүргізіледі. Қазіргі уақытга диагностика үшін бұл үлгіні қолдану көптеген адам вирустарына жануарлардың сезімталдығының жоқтығына байланысты шектелген.
Тауық эмбрионын вирустарды өсіру үшін тәжірибелі (экспериментальды) үлгі ретінде 30-шы жылдардың ортасында Ф.Бернет үсынған. Үлгінің артықшылығы: вирустардың көп мөлшерде жинақталуы, нысананың стерильділігі, жасырын вирусты инфекцияның болмауы, жүмыстың қарапайым техникасы. Вирустарды өсіру үшін зерттелетін материалды тауық эмбрионының әртүрлі қуыстары мен тіндеріне енгізеді.
Осы феномен негізінде ағзадан тыс гемагглютинация
реакциясының техникасы өңделді, бұл вирусты инфекциялардың зертханалык диагностикасывда кенінен қолданылады. Тауық
эмбрионы вирустар үшін жан-жақты (универсальды) биологиялық үлгі болып табылмайды. Вирусологтарда жасуша дақылында өсіру әдісі ашылғаннан кейін шектеусіз мүмкіншіліктер пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |