21
Республикамызда халық ағарту комиссариатының коллегиясы аталған
кемшіліктерді жою мақсатында педагогикалық білім беру жүйесіне түбірлі
ӛзгерістер енгізуді жүзеге асырды [94,т. 20].
Сондай-ақ, ХХ ғасырдың 30-жылдары мұғалім сӛзі оқушыларға тарихи
білім берудің бірден-бір кӛзі болып табылды. Кӛрсетілген кемшіліктерді жою
мақсатында білім беру жүйесіне тӛмендегідей түбірлі ӛзгерістер енгізуге шешім
қабылданды:
- оқу жұмысының әдістерінің белсенділігін арттыру бағытында
педагогикалық үдерісті қайта құру;
- оқушылар жұмысының барлық түрлерін, оның ішінде қоғамға пайдалы
жұмысты педагогикалық мектептің оқу-тәрбие міндеттерімен үйлестіру.
ХХ ғасырдың 30-40-жылдары мектептегі тарихи білімнің қалыптасуы
демократияны қаталдықпен жаныштады және Сталиндік партия тарихы
тұжырымдамасына орай мектептегі тарих оқулықтарында тарихи шындық
бұрмаланды. Бұл ӛз кезегінде болашақ тарих мұғалімдерін даярлауға ықпал
етті. Мектеп тарих курсы мазмұнының дұрыс анықталмауы мен бұрмалануы
болашақ мамандарды даярлауға кері әсерін тигізді, себебі, болашақ мамандар
«мектепте нені оқытамын?» деген сұрақты дұрыс шешуге даярлық кӛрмеді.
ХХ ғасырдың 30-40-жылдары аралығында педагогикалық мамандарды,
оның ішінде тарихшы мұғалімдерді даярлауда тӛмендегідей кемшіліктер орын
алды:
- 1933 жылы бекітілген оқу жоспарында кӛппәнділіктің орын алуы және
арнаулы мамандандыру пәндеріне сағат санының жеткіліксіздігі мен
студенттердің ӛзбетінше жұмыс жасауына
қажетті уақыттың берілмеуі;
- педагогика курсының педагогикалық үдеріс заңдылықтарын нақты бала
ӛмірімен, мектеп ӛмірімен байланысты болмауы.
Сонымен қатар, оңды тәжірибелер болды, олар:
- 1934 жылдың ӛзінде бірнеше оқулықтар қазақ тіліне аударылды, пәндер
бойынша терминологияны жасауда кӛптеген жұмыстар жүргізілді;
- 1935 жылы бекітілген оқу жоспарында мамандық бағыты бойынша
арнаулы пәндерге бӛлінген сағат сандарының артуы, кӛппәнділікті азайтуы
және педагогикалық институттардағы жоғары курс студенттерінің ӛз бетінше
істейтін жұмысына уақыт бюджеті арттырылды;
- психология пәніне бӛлінген сағат мӛлшерінің кӛрсетілген мерзім ішінде
40 сағаттан 80 сағатқа дейін артуы және 1938-1939 оқу жылынан бастап жалпы
психология курсын студенттер ана тілінде оқи бастады.
ХХ ғасырдың 40-жылдарындағы тарих мұғалімдерінің әдістемелік
даярлығында мұғалімнің сабақты түсіндіріп, айтып беруі алдыңғы орында
болды. Оқушылардың ӛзбетінше білім алуына жеткілікті кӛңіл бӛлінбеді.
Оқулықтарда фактілер үстемдік етті, оқулықтарға енген күрделі тарихи
ұғымдардың мәні жеткілікті дәрежеде ашылмады.
Қазақ КСР Халық Ағарту Комиссариатының 1940-шы жылғы мәліметіне
сүйенсек, осы жылы Қазақстанның тӛмендегідей жоғары оқу орындарында: 1.
Алматы педагогикалық (ҚазПИ); 2. Алматы мұғалімдер (ҚазПИ іргесінде); 3.
22
Орал педагогикалық және мұғалімдер; 4. Қызыл-Орданың педагогикалық; 5.
Семейдегі педагогикалық және мұғалімдер; 6. Шымкенттегі мұғалімдер; 7.
Петропавл мұғалімдер; 8. Қарағандының мұғалімдер; 9. Ақтӛбенің мұғалімдер;
10. Гурьевтің мұғалімдер институттарында тарих факультеттері болған [95, л.
70].
ХХ ғ. 30-40 жылдары Қазақстанда педагогикалық сала бойынша ашылған
ЖОО-дағы тарих факультеттерінің білімдік бағыттары негізінен бір мақсатты
кӛздеген. Ол мақсат – педагогикалық тәрбиеде коммунистік идеологияны
алдыңғы орынға шығарып, орыстық шовинизмді күшейту болды деген [82, б.
213] қорытынды шығаруға болады. Қазақстанда ЖОО мамандар даярлау
тарихына үңілсек, ол педагогикалық оқу орындарының кӛптігімен
ерекшеленеді. Тарихи білімнің негізінде кеңестік идеологиялық ұстындардың
халық санасында орнығуы дәл осы оқу орындарының жұмыс бағыттарына
байланысты болды да, олардың мӛлшері саясат арқылы ӛлшеніп, оған қатысты
мәселенің бәрі коммунистік идеология шеңберінен аспағаны белгілі.
Тарихты оқытуды түбегейлі жетілдіру үшін тек қана жаңа кітаптар мен
бағдарламалардың щығарылуын емес, мұғалімдердің дайындығының және
қайта дайындығының едәуір жақсаруын талап етті. Тарих пәнінің мұғалімдері
ӛздерін қайта даярлауға, тек қана КСРО тарихын ғана емес, сонымен қатар
шетел тарихын оқып үйренуге мәжбүр болды. Ол кезде шын мәнінде халыққа
білім беру кадрларының мамандығын кӛтеру институттары мен педагогикалық
жоғарғы оқу орындарында жаңа тарих курстары ашылып жатты.
Экономикалық
және тарихи циклдары бар тарих-экономикалық бӛлімдерінің орнына
педагогикалық жоғарғы оқу орындарында тәуелсіз тарих факультеттері құрыла
бастады [82, б.211].
1941 ж. 22 маусымда неміс-фашист басқыншыларының халқымыздың,
бейбіт ӛмірін бұзып, басқыншылық шабуыл жасауы, бірқатар ӛзгерістердің
орын алуына алып келді. Олар: білім саласында әйел кісілер санының ӛсуі,
оқушы балалар санының кӛшіп келгендер есебінен ӛсуі, т.б. Соғыс
жылдарында
КСРО құрамындағы ұлттардың тарихын насихаттау негізінде халықты жаппай
күреске жұмылдырып, отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға байланысты
біршама іс-шаралар ұйымдастырылғаны белгілі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік
университетінде тарих бӛлімі ашылды (1943 ж.). Сонымен қатар, 1944 жылдан
бастап қазақ педагогикалық институтында құрылған тарих факультеті де
мамандар даярлай бастады [88, с. 71].
Тарих мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруде Ұлы Отан соғысы кезінде
шықпай қалған және 1946 жылдан қайта жарық кӛре бастаған «Преподавания
истории в школе» деп аталатын әдістемелік журналының ӛзіндік орны болды.
Республикамыздағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу
институты «Тарих, КСРО Конституциясы және география» [96] секторлары
мектептерге дидактикалық-әдістемелік кӛмек кӛрсете білді. КОКП Орталық
Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1959 жылғы 8-қазанындағы
«Мектепте тарихты оқытудағы кейбір ӛзгерістер туралы» қабылданған қаулыға