Болашақ тарих мҧғалімдерін «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі



жүктеу 2,69 Mb.
Pdf просмотр
бет10/70
Дата23.11.2018
өлшемі2,69 Mb.
#24147
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70

 
23 
 
сәйкес  республика  мектептерінде  «Қазақстан  тарихы»  алғаш  рет  КСРО 
тарихының құрамында курс болып оқытыла бастады. 
ХХ  ғасырдың  50-жылдарында  тарих  пәні  бойынша  бағдарламалар  мен 
оқулықтар мазмұны біраз жетілдірілді. Оқулықтар оқушылардың сабақта алған 
білімін  қайталау  және  бекіту  үшін,  сондай-ақ,  үй  тапсырмасын  орындауға 
арналған  құрал  ретінде  қарастырылды.  Соған  сәйкес  мұғалімдер  тарапынан 
оқытуды бекіту және бақылау-тексеру міндеті де күшейтілді. 
1945-60  жж.  мектептердің  және  оларда  оқитындардың  саны  күрт  ӛсе 
бастады.  1954  ж.  тың  игеру  қозғалысы  кезінде  елде  360  жаңа  совхоз  орнап, 
жүздеген жаңа мектеп салынды. Алайда тың игеру ісімен байланысты Орталық 
Қазақстанға Орталық Ресей мен Украинадан мыңдаған үйелмен қоныстануына 
байланысты  кӛптеген  қазақ  мектептері  жабылып,  олар  аралас  орыс-қазақ 
мектептеріне немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды. 
1957-1958  оқу  жылында  кейбір  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында 
мектеп мұғалімдерін даярлайтын арнайы факультеттер ашылды. Мұғалімдердің 
әдістемелік  шеберліктерін  кӛтеру  мақсатында  мұғалімдердің  аудандық  әдісте-
мелік бірлестіктері мен оқу кабинеттері туралы ережелер қабылданды. 
Соғыс  жылдарында  ашылған  Педагогика  ғылымдар  академиясының 
ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  үйлестіруі  арқасында  іргелі  зерттеулермен  бірге 
болашақ  мұғалімдер  үшін  педагогика  теориясы  мен  тарихына  арналған 
монографиялық  еңбектер  мен  оқу  құралдары  шығарылды.  Олардың  ішінде 
педагогикалық  училищелерге  арналған  Б.П.Есипов  пен  Н.К.Гончаровтың 
«Педагогика» (1950) оқулығы да бар [48, с.144-148]. 
ХХ ғасырдың 40-60-жылдары аралығындағы орын алған ӛзгерістер жоғары 
оқу  орындарында  мұғалімдер,  оның  ішінде  тарих  мұғалімдерін  даярлауға  да 
ӛзіндік кері ықпал етті. Олардың қатарына ұлт тарихын оқытуды ӛз деңгейінде 
жүзеге асыру қажеттілігі кӛрініс таппағандығын айтуға болады. 
Тарихшы мамандар мен мұғалімдер даярлаған, 1928 жылы ашылған Абай 
атындағы  Қазақ  педагогикалық  университетінен  бастап  1962  жылы  ашылған 
педагогикалық  институттарға  дейінгі  12  оқу  орнының  қызметіне  талдау 
жасаған  Т.К.Катаев  [97]  бұл  оқу  орындарында  коммунистік  партияның 
тапсырысына  сай  саяси  бағыттылық  басым  болғанымен  олардың  арасында 
педагогикаға,  ӛлкетану  мен  жағрафияға,  тәрбие  жұмысының  әдіс-тәсіліне  де 
мән берілгендігін айтады. 
Орталықтан  сол  кезеңдегі  жүргізілген  саясаттың  нәтижесінде  жас 
ұрпақтың  ұлт  мәдениетін  жасаушы,  этнос  тілінің  иегері  екені  де  ұмытыла 
бастады,  ұлттық мақтаныш сезімнен де ат-тонымызды ала қашатындай жағдай 
туды,  ұлттық  пен  интернационалдықтың  диалектикасы  тек  сӛз  жүзінде  ғана 
үйлесімін  тауып,  бұл  жайт  негилистер  мен  мәңгүрттердін,  маргинал 
тұлғалардың  кӛбеюіне  әкеліп  соқты.  Мәселен,  Қазақстанда  700  жүзден  астам 
қазақ  мектептері  жабылды,  ана  тіліндегі  газет,  журнал,  кітап  таралымы 
құлдырап кетті. 


 
24 
 
Осы  кезеңде  болашақ  мұғалімдер  даярлауда  оңды  ӛзгерістердің  де 
болғанын  жоққа  шығаруға  болмайды.  Солардың  бірі  –  проблемалы  оқытуды 
жүзеге асырудың қолға алынуы [98] еді. 
ХХ  ғасырдың  60-70-жылдарында  жаппай  орта  білім  алуға  кӛшуге 
байланысты  мектептің  білім  мазмұнын  жетілдіру,  оқушылардың  ғылыми  – 
теориялық  білімдері  мен  қоғам  дамуына  сәйкес  қарапайым  біліктерін, 
кӛзқарастарын қалыптастыру, еңбекке дайындау талап етілді. 
ХХ  ғасырдың  70–жылдары  ғылым  мен  халық  шаруашылығының 
жетістіктерін  ескере  отырып,  жалпы  білім  беретін  мектептің  барлық 
сатыларындағы ғылым негіздері жаңа мазмұнда құрылды. 
Мектеп  пәндерінің  оқу  бағдарламалары  оқушылардың  ойлау  қабілетін 
арттыруға,  мұғалімдердің  оқушылардың  ӛз  бетінше  жұмысын  және  оқу 
қызметін  ұйымдастыру  мәдениетін  арттыруға  бағытталды.  Оқу  материалдары 
оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытып,  ӛз  ынта,  қызығушылықтарымен 
дәйектерді бақылай отырып, қорытынды жасау, шешім іздеуге машықтандыру 
мақсатын кӛздеді. 
ХХ  ғасырдың  70-жылдарында  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  бойынша 
педагог  ғалымдар  ғылыми  еңбектер  жазды.  А.И.Щербаков  ӛз  еңбектерінде 
мұғалім  тұлғасын  қалыптастыру  мәселелерінің  психологиялық  аспектілері, 
яғни  оқу  және  тәрбие  жұмысының  әртүрлі  формасы  кезіндегі  болашақ 
мұғалімнің мінезінің, кәсіби білігі мен дағдысының қалыптасуы қарастырылды. 
Оның  зерттеулерінде  жоғары  педагогикалық  білім  беру  жүйесінде  болашақ 
мұғалімді  кәсіби  дайындауды  жетілдіруді  жүзеге  асыру  жолдары  ұсынылады. 
Ол  терең  білім,  жоғары  мәдени  деңгей,  биік  моральдық  сапа,  қатаң  мінез, 
жоғары  танымдық  белсенділік,  ӛз  бетінше  шешім  қабылдай  білу, 
педагогикалық  қабілет  және  шеберлікті  тұлғаның  негізгі  құрылымы  ретінде 
бӛліп кӛрсетеді [40]. 
А.И.Щербаковтың  пікірінше,  мұғалімнің  атқаратын  қызметінің  жан–
жақтылығы  педагогикалық  қабілетінің  молдығына  сәйкес  болады.  Солардың 
бірі  −  баланы  «кӛре  білуі»,  оның  психикалық  әрекетін  басқара  алуы.  Бұл 
кейіннен мұғалімнің бір қабілеті ретінде қарастырылды. 
ХХ  ғасырдың  70-жылдарының  ӛзінде  Н.В.Кузьминаның  зерттеуінде 
кәсіби-педагогикалық  бағыттылықтың  параметрлері  анықталады.  Бұл  бәрінен 
бұрын:  бағыттылық  объектісі,  оның  ӛзгешелігі,  сенімнің  саралану  дәрежесі, 
қанағаттанушылық, қарсыласушылық, мақсатқа ұмтылушылық және т.б. [41, с. 
28]. 
Мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетінің  нәтижесі  педагог  пен 
оқушылардың  ӛзара  қарым-қатынасына  байланысты.  Кәсіби-педагогикалық 
бағыттылық  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  барлық  іс-
әрекеттерінің негізі болуы қажет. 
ХХ  ғасырдың  80-жылдарында  Ф.Н.  Гоноболин  мұғалім  қызметінің 
табысты  болуы  үшін  педагогикалық  әдеп,  оқушыны  түсіне  білу,  оқушыларға 
оқу  материалдарын  жеңіл  де  түсінікті  тілмен  баяндай  алу,  олардың  оқуға 
ынтасын  арттырудың  жолдарын  білу,  ӛз  жұмысының  нәтижесін  болжау, 
сондай-ақ  болуы  мүмкін  қателіктер  мен  қиындықтардың  алдын  алу  сияқты 


жүктеу 2,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау