35
мүмкіндіктері мол болып табылады [119,б.239-240]. Аталған құндылықтарды
оқытудың мүмкіндіктерін келесі тарауда қарастыратын боламыз.
Қорыта айтқанда,тарих пәні мұғалімдерін даярлаудың тарихи-әдіснамалық
мәселелері бойынша жүргізілген зерттеулердің тәуелсіздік жағдайында жаңа
мақсатқа жұмылып, мемлекеттік мүддеден туындаған міндеттерді іске асыруға
жұмылдырылғандығын аңғарамыз. Болашақ тарих пәні мұғалімдерін «Мәңгілік
Ел» құндылықтарын оқытуға даярлау әдістемесі – осы кезге дейін қалыптасқан
тарихи-әдіснамалық жүйенің негізінде дайындалып, мемлекеттің алдында
тұрған қазақстандық патриотизм негіздерін қалыптастыруға қызмет жасауы
тиіс деп білеміз.
1.2 «Мәңгілік Ел» қҧндылықтарын болашақ тарих мҧғалімдеріне
оқыту мҥмкіндіктері
Қоғамдық кемелденуде инновациялық-инфрақұрылымдық жүйемен білім
берудің орны ерекше. Ұлттық интеллектуалдықтың негізі қаланып,
халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын терең білімді, қоғамдық еңбегі мен
кәсіптік шеберлігі, дағдысы жоғары, іскерлік негіздері қалыптасқан, рухани-
адамгершілігі
биік
азаматтарды
қалыптастыруда
инновациялық-
инфрақұрылымдық жүйенің атқаратын қызметінің маңызы үлкен. Бұл мәселе
туралы ҚР Президенті: «Біздің ендігі міндетіміз – қазақстандықтардың, бірінші
кезекте жастардың білімділікке, интеллектуалдыққа, Отан мен халыққа қызмет
етуге деген кӛзқарастарын ӛзгерту» деп атап кӛрсетті [120].
«Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандық
білім жүйесін дамытуда үлкен серпіліс жасап, қазіргі білім беру үдерісіне
айырықша назар аударуды талап етеді. Ӛйткені, ұлттың дамуының негізі -
терең білімде, білім мен ғылым саласын дамытуда және еліміздің ғылыми
әлеуетін арттыруда, жеке тұлғалық ақыл-ой қабілеті жоғары, бәсекелестікке
қабілетті мамандарды дайындауда. Ел болашағының кемелді болуын ойлаған
үкімет ӛз жастарын білімді де тәрбиелі етіп қалыптастыруды басты орынға
қоюда. Қазір мемлекеттің құдіреттілігі экономикалық, материалдық
байлығымен қатар, адами капитал дәрежесімен анықталатынын дамыған
елдердің тәжірибесі айқын дәлелдеп отыр. Ал адами капитал дегеніміз сол
елдің білім мен ғылымды дамыту деңгейі мен инновациялық технологияны
меңгеруінде. Сондықтан еліміздің болашақта ӛркенді де қуатты мемлекет
болуын мақсат етсек, онда білім мен ғылымды дамытуға бар күшті салу қажет.
Қазіргі жаһандану заманында ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған
мақсаттардың бірі – қоғамға пайдалы, мемлекетінің болашағы үшін алған білімі
мен үйренген тәжірибесін Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік-мәдени
деңгейін кӛтеруге жұмсайтын, парасатты да ар-ожданы биік, мәдениетті тұлға
қалыптастыру.
Адам баласының ғылыми дүниетанымын, кӛзқарасын қалыптастыруда
қоғамдық пәндердің мәні зор. Бүгінгі жастар – ертеңгі маман. Сондықтан
жастар бойында жоғарғы идеялық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда
оларды ӛмірге, еңбекке дайындауға оқытудың негізгі формасы – әрбір пәннің
36
мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз керек. Ӛзінің мазмұн ерекшелігіне,
оқу–тәрбие ісін ұйымдастыру мен оқыту әдістеріне қарай әрбір пәннің алдында
жастардың дүниеге ғылыми кӛзқарасын қалыптастыру міндеті тұр. Қоғамдық
пәндердің басты құндылығы – жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен
таныстыру, мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату, келешекті
бағдарлайтын, шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай
алатын жастарды тәрбиелеу [121, б. 3].
Осы тұрғыдан алғанда еліміздегі жастарға білім мен тәрбиенің бағыт-
бағдарын, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев жария еткен «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясы және Ұлт жоспары аумағындағы 100 нақты қадам
аясында жүргізілетін іс-шаралар анықтайтын болады. Елбасы: « ...Бүгінде бізді
Мәңгілік Ел құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық,
оқымыстылық культі, толеранттылық, шын берілгендік пен патриотизм
біріктіреді» деп, осы идеяны іске асыратын нақты жолдар мен бағытты
айқындап берді. Осы құндылықтарды оқу мен тәрбиенің негізіне айналдыру оқу
үдерісін басқарушылардың басты міндеттері болары анық. Аталған
құндылықтарды білім мазмұнының ӛзегі етіп, «Білім беру стандарты–оқу
бағдарламасы–оқулық» жүйесінде толығымен тез арада іске асыру басты
міндетіміз [122] екендігі айқын.
Ақпараттық оқытудан инновациялық оқыту әдістерін қолдануға,
оқушыларға оқу мен тәжірибе барысында да бәсекелік артықшылықтарға
мүмкіндік беретін іргелі білімге, ұстанымдар мен құндылықтарға, әлеуметтік
маңызы бар құзыреттіліктерге кӛшу – білім берудің қызметтік параметрлері
болып отыр. Осыған байланысты, бүгінгі күні білім беруді жетілдіруде аса
маңызды мәселе білім мазмұнын жаңарту болса, бұл практикалық бағыттағы
жаңа технологиялық талаптарға сай оқулықтарды әзірлеудің қажеттігін
дәлелдейді. Сондай-ақ, жетілдірілген оқыту әдістемесін қолдануды қажет етеді.
Мұғалімдерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын ең басты
құзыреттілік ретінде қарастырып, теориялық білімдерін ӛмірде қолдана алу
біліктілігін, қоршаған ортадағы ӛзгерістердің себептері мен салдарын
түсіндіруде, табиғаттағы адамның іс-әрекеті нәтижесінде болып жатқан
ӛзгерістер жӛнінде ой түйіндеуінде – оқу мазмұны ӛзгерген, ӛз еліне, жеріне,
елінің салт-дәстүріне сүйіспеншілікпен қарауға үйрететін, рухани-адамгершілік
қасиеттерге, жоғары адамдық ұстанымдар мен құндылықтарға, ӛзін-ӛзі тану,
ӛзін – ӛзі жетілдіруге, әлеуметтік маңызы бар құзыреттіліктерге бағыттап, білім
беретін, тәрбиелейтін сапалы оқулықтар бүгінгі ӛмірдің қажеттілігі [123, б. 80-
82].
Жеке тұлға мен қоғам капиталының жандануы адам ӛмірінің негізгі ӛзегі
болып саналатын адамгершілік, ұқыптылық, ар мен намыс, парыз және
жауапкершілік, игілікті іс тәрізді жалпыадамзаттық қасиеттерді шынайы түрде
талап етеді. Осыған орай қазіргі қоғамның мақсаты жалпы адами
құндылықтарды қалыптастыру болғандықтан, бұл мәселе ӛзінің әлі де болса
кӛкейкестілігін тоқтатпайды [123, б. 61-64].
Достарыңызбен бөлісу: |