Бұлтты есептеулер ұғымымен мұндай сервистердi жиi байланысын көрсететiн технологиялар: - Инфрақұрылым сервис ретінде (Infrastructura-as-a-Service, қысқаша IaaS) - тұтынушы өзіне керекті әртүрлі компьютерлік инфраортаны пайдалана алу мүмкіншілігіне ие бола алатын бизнес-модельдің үшінші бір түрі.
- Тұғырнама сервис ретінде (Platform-as-a-Service, қысқаша PaaS) дегеніміз —тұтынушы өзінің негізгі бағдарламалары мен жаңадан жасалатын, немесе сатып алатын бағдарламаларын бұлттарға қою мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің екінші бір түрі.
- Бағдарламалар сервис ретінде (Software as a Service, қысқаша SaaS) дегеніміз – тұтынушы “бұлттарда орналасқан” бұлт иелерінің меншігіндегі бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |