2.3 Жетістіктер тОрларЫ – БҮлдірШіН ЖастаҒЫ
БалалардЫҢ мОтОрлЫқ дамуЫНЫҢ НеГіЗГі
кеЗеҢдері
Моторлық дамуды әдетте моторлық даму кезеңдерінің жетістіктерін баланың жасына аударып
бағалайды, ХЭДИ/ДДСҰ-2006 моторлық дамудың алты кезеңін белгілеп берді.
Осы алты моторлық дағдының кез келгеніне қол жеткізу үшін бала дамудың алдыңғы аралық
сатыларынан өтеді.Моторлық дағдылардың орындалуын бағалау баланың тек не істейтінін
бағалаудан ғана тұрмайды, сонымен қатар бала оны қалай және қай даму сатысында істей
алатынын бақылаудан тұрады. Тексеру критерийлеріне сонымен қатар баланың іс-әрекетті
өз бетімен орындау деңгейін бақылауды енгізуге болады: өзі орындай ма немесе оны қажетті
қалыпқа келтіргеннен кейін бе? Сөйтіп, нәтижелерді бағалаудағы айырмашылықты мейлінше
төмен шекке жеткізу үшін тестің әрбір қағидасы баланың дағдыларды орындауын түсіндіру және
оны жүргізу әдісі ескеріле отырып, дәл анықталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |