Баланың салмақ қосуының физиологиялық динамикасы қандай?
◊
Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2,5 - 4,4 кг. аралығында болады. Туғаннан
кейінгі алғашқы 3–4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5–6%-ға салмағын
жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін
салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді.
◊
Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150 грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады.
Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ қосу – 100-150 грамды, 12-14 ай арасында – 50
грамды құрайды.
◊
Туғанына 5 ай толған соң, бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі
есеге көбейтеді, ал 12 айға қарай – оны үш еселейді.
|