Бұл қандай гипотиза? (Панспермия)



жүктеу 32,6 Kb.
Дата13.03.2023
өлшемі32,6 Kb.
#41734
,


1-ші кейс

Тіршілік космостан метеориттер мен космос шаңы арқылы микроорганизмдермен келген деген тұжырымнан пайда болған гипотиза. Кейіннен бұл гипотеза Жер бетін саналы тіршілік иелері бөгде планеталықтардың келіп көргендігі туралы идеялармен толықтырылды.

Бұл қандай гипотиза? (Панспермия)
Бұл гипотизаны қашан және кім ашты? (С.Аррениус, 1895 жылы)
Гипотеза пікірлерін дәлелдей алды ма? (осы екі пікірді не дәлелдей алмады, не жоққа шығара алмады.)

2-ші кейс

1. Жай органикалық қосылыстардың химиялық синтезі, соның қатарында биологиялық полимерлер мономерлерінің, аминқышқылдар, нуклеотидтер, моносахаридтер және т.б. тірі организмдер қатысынсыз жүреді.
2. Нуклеин қышқылдары, белоктар және өзге биологиялық полимерлер түзу арқылы жүретін мономерлер полимеризациясы.
3. Биологиялыққа дейінгі фазалық күрделі жүйелердің түзілуі протобионттар, қоршаған ортадан мембранамен бөлініп, тірі заттардың бірқатар қасиеттеріне ие болады.
4. Барлық тіршілік қабілеттілігіне ие қарапайым клеткалардың пайда болуы және олардың ары қарай биологиялық эволюциясы.

Бұл жерде нені этаптарға жіктеген? (Жер бетінде тіршіліктің пайда болуын)


“Материяның алғашқы мұхиттың ұзақ уақыт дамуынан пайда болды” деген гипотезаны ұсынған ғалымдарды ата. (Орыс ғалымы А.И. Опарин (1924) және ағылшын ғалымы Дж.Холдейн (1929)
Этаптарды қандай эволюциялық кезең дерге жатқызамыз? (Алғашқы үш этапты химиялық эволюция кезеңіне жатқызады, төртіншісінен биологиялық эволюция басталады.)

3-кейс


Тіршілік үшін күресте артықшылыққа осы пигменті бар организмдер ие болды, олар күн сәулесінің таусылмас энергиясын пайдалана бастады. Бұл қатынаста жасыл пигмент хлорофилді синтездей бастаған бактериялар ерекшеленді. Бірінші осы бактериялар сутек және электрондар доноры ретінде күкірт сутекті және өзге де күкірттің тотықсызданған қосылыстарын қолдана бастайды. Кейіндеу, 2,5 млрд жыл өткен соң цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) осы процесі барысында бос оттегі бөле отырып, суды тотықтырады.

Бұл мәтінде қандай процесс жайлы айтылады? (Фотосинтез процессі)


Цианобактериалардың тез таралуы мен дамуы атмосферада қандай өзгерістер алып келді? (Атмосферада оттегінің жиналуына алып келді.)
Атмосферадағы оттегі мөлшері 1% жеткенде қандай организмдер түзіле бастайды? (Аэробты)

4-кейс


XX ғасырдың бас кезінде бұл заттың қасиеті физикалық тұрғыдан зерттеле бастады. Нобель сыйлығының лауреаты, швед химигі Г. Сведберг жердің тартылыс күшінен 250 мың есе күшті үдеу беретін центрифуга ойлап тапты. Қою сұйықтықтың үстіне осы заттың ерітіндісін құйып, центрифугада айналдырғанда, бұл заттың молекулалары ыдыстың түбіне қарай ығысқан. Сведберг осы заттың қою сұйықтықта ығысу аралығын есептеп, осы әдіспен оның молекулалық массасын табуға болатынын және центрифугада айналдыру кезінде шар тәрізді молекулалар көбірек ығысатынын айқындап, ең алғаш осы молекулаларының шар тәрізді екенін анықтады.

Бұл мәтінде не зат туралы айтылған? (Ақуыз)


Бұл затты кім және қашан ашқан? ( Я. Беккори 1736 ж.)
Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының бір-бірімен байланысу ретін қалай атайды? (ақуыздың бірінші реттік құрылымы)
5-кейс

Осы факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді;


1. фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.
2. фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.
3. фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады.

Бұл мәтінде қай фактор туралы сөз қозғалып тұр? (Экологиялық фактор)


Қоршаған орта факторлары нешеге бөлінетінін, және олардың анықтамаларын жаз. (1. Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері. 2. Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері. 3.Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.)
“Тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі.” – бұл ненің толық анықтамасы? (Қоршаған ортаның экологиялық факторлары)

№1

1)Клеткалық қабықша неден тұрады?
Ж: муреиннен

2) Бактериялар цитоплазмасында клетка органоидтарынан кездеседі?


Ж: рибосома

3) Хемотрофтар мен фототрофтарға анықтама бер?


Ж: Фототрофтар—күн сәулесін қолданатын бактериялар
Хемотрофтар — бейорганикалық заттар мен органикалық қосылыстардың қышқылдануы нәтижесінде алынатын бактериялар.

Кейс
Әлемде біздің планетамыздың «денсаулығына» әсер ететін көптеген нәрселер бар. Олардың маңыздыларының бірі—бактериялар. Зиянды бактерияларды бәріміз білеміз.Ал, сіз қандай пайдалы бактерияларды білесіз? (Атауы және тигізетін пайдасы)

Жауабы: шіріту бактериясы(ғаламшар тазалаушысы, топырақ құрамын жақсартады)

Түйнек бактериясы (топырақты азотпен байытады)

Сүтқышқылы бактериясы —тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады№2


  1. Тыныс алу түріне қарай, микроағзалар нешеге бөлінеді?

Ж: 3 ке
Аэробты, анаэробты, факультативті анаэробты.




  1. Қазіргі таңда вирустарды зерттеу үшін қолданылатын әдістер?

Ж: химиялық, физикалыұ, молекулярлы—биологиялық, иммунобиологиялық, генетикалық.

3)Вирус құрамындағы нуклеин қышқылы қандай қызмет атқарады?

Ж: Тұқым қуалаушылық

Кейс

Д. И. Ивановский темекі жапырағының мозайкалы ауруын зерттеу барысында, өте майда микроағзаларды анықтаған. Олар майда тесікті бактериялды сүзгіден өтетіндігі белгілі болған. Осы зерттеу арқылы ғалым нені анықтады? Ол туралы қандай анықтамалар айта аласың?



Ж: Басында бұл микроағзаларды сүзгіден өтетін және сүзгіден өтпейтін деп бөлген болатын. Кейіннен оларға «вирус»деген ортақ атау берген.(вирустар туралы айтады)
№3


  1. Палеоботаника нені зерттейді?

Ж: бұрыңғы геологиялық кезеңде жойылып кеткен өсімдіктерді




  1. Өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағза бөлігі қалай аталады?

Ж: мүше



  1. Қандай тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды?(мысал келтір)

Ж: шашақ тамыр


Кейс


Студент тәжірибе жұмысы кезінде бөлме өсімдігін гүл ыдысына отырғызған кезде, тамырдың көп бөлігін зақымдап алады. Кейіннен өсімдікті қанша жақсы суарып, қараса да ол сылбырайып қалды. Мұны қалай түсіндіре аласыз?

Ж:№4



  1. Өсімдікке күн сәулесінің энергиясын сіңіріп, фотосинтез реакциясы жүруін тездетеді?

Ж: хлорофилл




  1. Өсімдіктің вегетативті және генеративті мүшелеріне жатады?

Ж: вегетативті —тамыр, сабақ, жапырақ.


Генеративті —гүл, жеміс, тұқым


  1. Гүл бөлімдеріне кіреді?

Ж: гүл сағағы, табаны, тостағанша жапырақша,күлте, аталық, аналық

Кейс

Тұқымның өнуі ол—ұрықтан өскіннің дамуы. Зерттеу кезінде студент тұқымның өну процесін көргісі келді. Ол тұқымды бөрітіп алу үшін, 2-3 күнге суға қалдырды. Ары қарай, қандай процесстер жүзеге асады.



—тұқым өнбейді. Себебі, студент басында қателік жасап тұқымды 2-3 күн суға қалдырады. Тұқым суда көп уақыт қалатын болса, ашып, шіріп кетеді. Оның ең негізгі себебі—ауа жетіспеу№5


  1. Губка қалдықтары, буылтық құрттардың түтікшелері, радиолярлар қай эрада табылды?

Ж: протерозой




  1. Жануарлар генетикасы нені зерттейді?

Ж: жануарлар тұқымқуалаушылығын, өзгергіштік қасиеттерін.




  1. Мал өнімділігін арттыру, ауруға төзімділігін арттыру, тіршілік мерзімін ұзарту үшін қандай іс-әрекет жүреді?

Ж: жануарларды сұрыптау.


Кейс


Қазақ орнитологтары бұл құстың шығаратын дыбысын жазып алып, арнайы акустикалық әдіспен «жүзім» өндіретін бақтарда арнайы қолданады.
Бұл қандай құс, және оны бақтарда не үшін қолданады?

Ж: Бұл құс—қараторғай. Оның дыбысын арнайы бақтарда, зиянкестерді жою үшін қолданад

Сұрақтар


  1. Құйрықсыз қосмекенділерге жатады?

Ж: бақа, құрбақа

  1. Жауынан қашу, қорқытатын дыбыс шығару, ысыллау, айбат шегу қандай бейімділікке жатады?

Ж: Этиологиялық

  1. Жануарлардың қоныс аудару жолын не арқылы білуге болады?

Ж: таңбалау арқылы

1 кэйс: 11,12 лекциялар

Катаболизм- күрделі заттар ыдырап энергия бөлінетін процесс. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түрлі көмірсулар түзіледі. Жануарлар әдетте осы көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид – гликогенге айналады. Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын (әсіресе, үлкен ми сыңарлары қыртысының) маңызы зор.


  1. Көмірсулар жануарлар организміне түскен соң қалай ыдырайтынын ретімен айтып бер.



  1. Кребс циклы дегеніміз не, оның биологиялық маңызы қандай?




  1. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам қандай ауруларға шалдығады?

2 кэйс: 13,14 лекциялар

Эволюция дегеніміз – биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы. Эволюцияны зерттеуге көптеген ғалымдар үлес қосты( Ч.Дарвин, К.Линней, У.Гарвей, А. Левенгук және т.б). А. Левенгуктың жыныс жасушаларды, ал У. Гарвейдың жұмыртқа жасушасын табуы ағзалардың жеке дамуы белгілі бір жоспарлы түрде жүретіндігін көрсеттi. Онтогенездiң iштен жоспарлануы преформизм концепциясының негiзi болды. Преформизм концепциясына қарама-қарсы жаңа көзқарасты ағылшын эмбриологы У. Гарвей енгiздi.


  1. Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар енгiзген көрнектi ғалым кім және оның ең ірі жетістігі қандай?



  1. Преформизм және эпигенез дегеніміз не?




  1. Ч.Дарвинның эволюцияға байланысты қандай еңбектері бар және сен оның теориясымен келісесің бе?

3 кэйс: 15,16 лекциялар

Тірі табиғат эволюциясы — үздіксіз және бейімділік сипатта жүріп жататын әрекет. Ароморфоз — тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамти жүретін әрекет. Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуын идиоадаптация деп атайды. Ағзаның тіршілік ортасымен қарапайым қарым-қатынасқа көшуіне байланысты бірқатар мүшелер керексіз, артық болып, бірте-бірте жойылып кетеді, яғни ағзаның құрылысы қарапайымданады бұл дегенерация деп аталады.


  1. Органикалық дүниенің дамуы бір ғана ароморфоз жолымен жүретін болса не болатын еді?



  1. Идиоадаптацияның ароморфоздан айырмашылығы қандай? Мысал келтіре отырып дәлелде.




  1. Қалай ойлайсың дегенерация тек жануарларда болама? Егер өсімдікте де болады деп есептесең, жауабыңды мысалмен дәлелде.

4 кэйс: 27,28 лекциялар

Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды. Личинка хордалыларға — асцидиялар, сальпылар және аппедикуляриялар жатады. Олар теңіздерде тіршілік етеді. Бұлардың барлығының да денесі — туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Личинка хордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздарға, оның ішінде моллюскаларға, немесе мшанкаларға жатқызып келді. Бас сүйексіздер тип тармағына бас хордалылар деп аталатын бір ғана класс жатады. Ланцетниктердің көбеюы және дамуын бірінші рет А. О, Ковалевский зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін хордалылар тегінін, ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға болады.


  1. Не себепті личинка хордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздарға жатқызды?



  1. Бас сүйексіздердің негізгі белгілерін ата.




  1. Ланцетниктердің көбею процессі қалай жүретінін толығымен айтып бер.

5 кэйс: 27,28 лекциялар

Балықтардың уақытша паразиті миксиндер болып есептеле-ді. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір органдары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тіршілікке икемделіп маманданған. Ауыз воронкасының жиегінде 4 пар қармалағыштары, тілі-нің үстіңгі жағында мүйізді тістері болады. Көпшілігінде Ауыз воронкасының жиегінде 4 пар қармалағыштары, тілінің үстіңгі жағында мүйізді тістері болады. Көпшілігінде желбезектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртқа ашылашылмайды. Балықтарды алғашқы жақтылар деп атайды. Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктері көп. Шеміршек-сүйектілер класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес.


  1. Не себепті миксиндердің желбезектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртқа ашылмайды?



  1. Дөңгелек ауыздылар мен балықтардың құрылысында қандай айырмашылықтар бар?




  1. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балыктардың қандай белгілері сақталған?

Кейс №1
14.Сүтқоректілер


13. Құстар

12.Жорғалаушылар


11.Балықтар

10.Былқылдақденелілер


9.Мұртша аяқтар
8.Буылтықтылар
7.Шаянтәрізділер

6.Өрмекші тәрізділер


5.Жәндіктер

4.Құрттар


3.Сәулелілер

2.Полиптер


1.Кебісшелілер
Бұл жүйені Ламарк не үшін баспалдақ сипатында көрсеткен?
Ламарк өз жіктеуіне екі жүйенің құрлысын негіз етіп алып, оны не үшін «градация» деп атағанын түсіндір.
Ламарк іліміне берілген баға.

Жауабы:
Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарлауын (градация) көруге болады. 



  1. Ламарк өз жіктеуіне жүйке және қан айналу жүйелерінің құрылысын негіз етіп алды. Ол түрлердің құрылысын сараптай келе, тірі ағзалардың құрылымдары сатылап күрделенетіндігін байқады.Ламарк біртіндеп тірі ағзалар деңгейінің жоғарылауын және олардың күрделенуін сатылы көтерілу – градация деп түсінді.

Ламарк ғылым тарихында эволюциялық идеяны ең алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Алайда, оның эволюциялық көзқарастары қатаң сыналып, жан-жақты талқылануда болды. Ол өз еңбегінде эволюция ілімінің негізгі проблемаларын қоя білді және оны өзінше шешуге тырысты. Осының өзі Ламарктың ұлылығын көрсетеді. Ламарктың жануарлар градациясы Боннэнің тіршілік сатысымен салыстырғанда алға жаңа бір қадам жасағанын көрсетеді. Градация негізінде ол ағзалардың тарихи даму принципін ұстанды. Боннэнің иерархиялық сатысы Ламарктың жануарлар градациясында тарихи сатыға айналды. Оның әрбір баспалдағы бір – бірімен тығыз байланыста болды. Ғалым эволюцияның әртүрлі бағытта жүретінін көрсетті. Соның арқасында тірі дүние бір жағынан күрделенсе, екінші жағынан бір өзінде әртүрлі жіктеулер жүріп отырады. Осының арқасында дүниенің алуан түрлілігі пайда болған. Ол эволюцияның бейімделу бағытында жүретінін атап көрсетті. Бірақ, эволюцияның себепетерін дұрыс көрсете алмай, оны түсіндіруге әр ағзада прогреске іштей ұмтылыс болады және ортаға бейімделуге әуел бастан мақсатқа сәйкестілік бар деген идеалистік қате ұғымда болды.

Кейс №2
Бірлесе тіршілік ететін түрлердің күрделі табиғи жиынтығы, яғни биоценоздың жасанды және табиғи түрі боладың. Соның ішінде табиғи биоценозда доминатты түрлер бар. Жер үсті өсімдіктерінің ішінде- қара жидек, жасыл мүк, құстар ішінде- тауық, тышқандар ішінде- сары тышқан, ал ағаштар ішінде- шырша.


Сұрақтар:
Ағаштар ішінде түрлер бірлестігіндегі негізгі байланыс, яғни доминант түр не үшін шырша?
Доминатты шырша түрінің табиғаттағы орыны.
Шыршалы ормандарда тіршілік ететін көпқоректі жыртқыш және табиғи апаттардан сақтау үшін не істеу керек.
Жауабы:
Шырша – қарағай тұқымдасына жатады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетінді.
Шыршалы ормандарда жарық, жауын шашын таралуы, микроклимат, жағдай мозайкасын – шырша анықтайды. Шырша жағдайына көптеген жер бетi шөптерiнiң өмiрi немесе жануарлардың типiнен бастап, буынаяқтыларға дейiн жануарлар өмiрi тәуелдi.
Шыршалы ормандарында тiршiлiк ететiн бұлғын – көпқоректi жыртқыш, ол майда кемiргiштер, құстар, балқарағайдың жаңғақтары, жемiстер, жәндiктермен қоректенедi, қорегiн жерден, ағаш басынан iздейдi. Егер бұлғынның орнына сусар тіршілік етсе орман биоценозы өзінің негізі қасиеттерін сақтайды. Табиғи апаттар: өрт, жер сілкінісі, қар көшкіні, жанартау атқылау.
Кейс №3
Сапротрофтар (грек. Sapros — шіріген және tropіc — қорек) — жануарлар өлекселері немесе тірі организмдердің қоршаған ортаға бөліп шығаратын қалдықтарымен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Сапротрофтар органик. Қосылыстарды минералдарға айналдырып, табиғатта болатын биол. Айналымда ең негізгі тізбекті құрайды. Сапротрофтарға бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар, сондай-ақ сапрофиттер (кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер, соның ішінде паразитті гүлді өсімдіктер, балдырлардың кейбір түрлері) жатады.
Сұрақтар:
Сапротрофтар азаятын немесе жойылатын болса, табиғатта орын алатын жағдай және табиғаттағы пайдасы.
Сапротрофтар мен сапрофиттердің арасындағы айырмашылық
Ыдыратушыларға жататын организмдер.
Жауабы
Редуценттер кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Сулы ортада тіршілік ететін Редуценттер судың биол. Тұрғыдан тазаруына септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін Редуценттер топырақтың құнарлылығын арттырады.
Сапрофиттер де, сапротрофтар да тамақтану үшін өлі және ыдырайтын органикалық заттарға әсер етеді. Сапротрофтар көбінесе саңырауқұлақтар деп аталады, ал сапрофиттер негізінен тамақтанудың осы режимінде тамақтанатын өсімдіктер болып табылады. Бұл сапротрофтар мен сапрофиттердің негізгі айырмашылығы.
Ұсақ ағзалар, саңырауқұлақ және кейбір жануарлар. .

Кейс №4
Астық тұқымдас техникалық дақылдарды өсіру барысында гербицид-раудаппен арамшөптерді жояды. Топыраққа сіңген раундап толық ыдырамайды. Келесі жылы астық тұқымдас дақылдарды тағы өсіргенде астық тұқымдас дақылдары топырақтағы былтырғыдан қалған раундаптың ыдырау өнімдерін бойына сіңіріп жинақтайды.


Сұрақтар:
1.Раундаптың ыдырау өнімін сіңірген астық дақылдары жануарлар ағзасына қалай әсер етеді?
2.Раундаптың ыдырау өнімін сіңірген астық тұқымдас дақылдарды пайдаланғанда адам ағзасында қандай өзгерістер болады?
3.Раундап қолданбай арамшөптермен күресу жолдары бар ма?

Кейс №5
Жер бетіндегі тірі организімдер қажетті энергияны күн сәулесінен алады. Оның басқа энергия түріне айналуы өсімдік клеткасында іс жүзінде асады. Бұл энергиянең басқа түрге айналуында хлорофилл пигментті басты орын алады. Хлорофилл күн сәулесінің энергиясін сіңіріп, фотосинтез реакцйясынең жүруін бағыттайды.


Сұрақтар
Хлорофилл пигменті, оның жасушадағы орыны.
Хлорофилл пигменті бар өсімдіктер түрлері және хлорофилл пигментінсіз.
Күн сәулесінсіз (жарық сүйгіш) қалған өсімдікте болатын өсімдікте болатын жағдайлар.

6 лекция; Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады.Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді.Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді.


1. Абиотикалық факторларға мысал келтір (Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы)
2. Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Олар? (Инфузорилер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.
3. Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні? (шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.)
7, 8 лекция;
Кез келген тірі ағза өсіп дамиды. Ағзалардың өсуі дегеніміз оларда байқалатын сандық өзгерістер, яғни олардың денесінің не жекелеген мүшелерінің мөлшерінің, салмағының өсуі. Ал, даму дегеніміз ағза денесінде не оның мүшелерінде байқалатын кері қайтпайтын сапалық өзгерістер болып табылады. Ағзалардың өсуі мен дамуы бір-бірімен тығыз байланысқан, бірінсіз-бірі болмайтын күрделі физиологиялық кұбылыстар болып саналады. Олардың екеуі де генетикалық, гуморальдық және жүйкелік механизмдер арқылы реттелініп отырады.
1. Партеногенез деген не? Және оның қандай түрлері бар? Түсіндір (Партеногенез жыныстық көбеюдің ерекше түрі болып табылады. Мұндай жолмен көбейетін даралар ұрпақтары гаплоидты (п), дара жынысты болып келеді. Партеногенездің екі түрі белгілі: гиногенез – жұмыртқа жасушасына сперматозоидтар еніп, бірақ қосылмай оның әрі карай дамуына түрткі болады; андрогенез – жұмыртқа жасушасына енген сперматозоид ядросы жұмыртка жасушасының өліп жойылған ядросын алмастырып жаңа ағзаның дамуын қамтамасыз етеді.)
2. Онтогенез кезеңдеріне жатпайтын, бірақ онтогенездің қалыпты жүруі үшін маңызы өте зор онтогенез кезеңі? Және оның себебі? (1 жыныс жасушаларынсыз ұрықтану болмайды, демек онтогенез басталмайды; 2) зиготаның және болашақ ұрпақтың тектік түрі (генотипі) жыныс жасушаларының геномдарынын қосылуы нәтижесінде қалыптасады; 3) жұмыртқа жасушасында зиготаның әрі қарай дамуы үшін қажет қоректік заттар (сары уыз) жинақталады; 4) жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында күрделі жіктелу — ооплазмалық сегрегация, гендердің амплификациясы т.с. құбылыстары жүреді.)
3. Жұмыртқа жасушаларының түзілу (гаметогенез) құбылысында қоректік заттар – сарыуыздың жинақталуымен қатар басқа да қандай күрделі процестер жүреді? (ооплазмалык сегрегация, гендердің амплификациясы, жұмыртқа жасушасының полярлығы т.с.с)
9 , 10 лекция; Жасушаның тіршілік циклі деп оның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын кызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою (өліп қалу) кезеңдері жиынтығын айтамыз яғни жасушаның циклі оның пайда болуынан бөлінуіне немесе өлуіне дейінгі уақытты қамтиды, мысалы, ұдайы бөлінетін жасушалардың тіршілік жиынтығын митоздық цикл (5-сурет) деп атауға болады. Сонымен, митоздық цикл дегеніміз жасушаның митоздық жолмен екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы. Ол 4 кезеңге бөлінеді: 1-пресинтездік (G1,); 2-синтездік (S); 3) постсинтездік(G2,); 4) митоз (М).
1. Митоздың негізгі себептері (1) ядро – цитоплазмалық ара қатынасының өзгеруі (1/6-1/8 ден 1/69-1/89 ге дейін); 2) «митогенетикалық сәулелер» - бөлінуші жасушалар көршілес жатқан жасушалардың митоздық жолмен бөлінуіне әсер етеді;3)»жарақат гормондарының» әсері – жарақаттанған жасушалар жарақаттанбаған жасушалардың бөлінуіне ықпал ететін ерекше заттар бөліп шығарады.)
2. Бұл құбылыс эмбриогенезде, қартаюда, тіршілік циклін доғаруда үлкен қызмет атқарады, осы құбылыс жайлы толығырақ баянда (Апоптоз – генетикалық бағдарланған жасушаның өлімі. Апоптоз энергияны қажет ететін белсенді процесс болып саналады. Егер ағзада генетикалық аппарат зақымдалса апоптоз патологиялық құбылыс болып саналады.)
3. Профаза 1 сатысының кезеңдерінде не болады? Маңызды процестерді ата? (Лептотена сатысында диплоидты хромосомалар ширатыла бастайды, нашар тығыздалған жіпке ұқсайды. Зиготенада гомологтік хромосомалар әрі қарай ширатылып бір-біріне жақындап, қосылып жұптар құрайды (коньюгацияланады). Хромосома жұптарының саны гаплоидтық хромосома санына, яғни адамдарда 23 тең болады. Пахитена сатысында гомологтік хромосомалар толық қосылып төрт хроматидадан тұратын биваленттер түзеді. Бұл сатыда хроматидалар әрі карай ширатылып бір-бірімен айқасады. Осы сатыда айқасқан хромосомалар өзара генетикалық материалдармен алмасады; оны кроссинговер процесі деп атайды. Диплотена сатысында гомологтык хромосомалардың ширатылуы сәл-сәл жазылып, олар бір-бірінен ажырай бастайды, дегенмен, олар әлі де болса, бір-бірімен хиазмдер арқылы байланысып тұрады. Диакинез сатысында хромосомалар одан әрі ажырайды)
26 лекция
Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998).
1. Жердің магниттік өрістеріне мысал? (Көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыздар (мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай-ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер)
2. Ғалымдар бау бақшаны, егістікті қорғау үшін қандай жануарларды қолданады? (Қазақстан орнитологтары қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен жүзім бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда.)
3. Жануарлардың қоныс аударуын қандай әдістен арқылы біле аламыз? (Таңбалау)
26 лекция

Қарапайымдылар – бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жануарлар. Морфологиялық жағынан бір клеткалы болғанымен, олар дербес өмір сүретін жеке организм, зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму және т.б. қызметтерін атқарады. Клеткасы цитоплазмадан, ядродан және органоидтардан құралған. Органоидтарға: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты т.б. жатады. Органикалық заттар және сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолдарымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі болады.


1. Коньюгацияның копуляциядан айырмашашылықтарын ата (екі ядроның қосылуы. Конъюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен басталады. Бұлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір-біріне тығыз жанасып тұрады.)
2. барлық инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейетін организм қай классқа жатады? (Парамеция )
3. Трихоцисталар тітіркенген кезде қандай заттар орын алады? (Олар тітіркенген кезде ұзын, серпінді жіпше түрінде сыртқа атылады. Инфузория денесінің алдыңғы жағында ауыз ойығы немесе Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне жиналып, түтікшелер арқылы орталық вакуольге немесе резервуарға құйылады.)
жүктеу 32,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау