Ньютон одан кейінгі жылдары астроном И. Кеплердің XVII ғасыр басында ашқан ғаламшарлардың қозғалыс заңдылығының физикалық түсіндірмесін табуға тырысты және гравитациялық күштердің сан мәні қанша болатынын есептеді.Ғаламшарлардың қалай қозғалатынын біле отырып Ньютон оларға қандай күштер әсер ететіндігін анықтағысы келді. Бұл әдіс механиканың кері есебі деп аталады. Ньютон одан кейінгі жылдары астроном И. Кеплердің XVII ғасыр басында ашқан ғаламшарлардың қозғалыс заңдылығының физикалық түсіндірмесін табуға тырысты және гравитациялық күштердің сан мәні қанша болатынын есептеді.Ғаламшарлардың қалай қозғалатынын біле отырып Ньютон оларға қандай күштер әсер ететіндігін анықтағысы келді. Бұл әдіс механиканың кері есебі деп аталады. Механиканың негізгі есебі бойынша массасы мен жылдамдығы белгілі денеге әсер ететін күштің салдарынан кез келген уақыт мезетіндегі дененің орнын анықтау болса ,механиканың кері есебінде дененің қалай қозғалатындығына қарай оған әсер ететін күштерді анықтау болып табылады.
Табиғаттағы барлық денелер бір-біріне тартылады. Осы тартылыс бағынатын заңды Ньютон анықтап, бүкіл әлемдік тартылыс заңы деп аталған. Осы заң бойынша, екі дененің бір-біріне тартылатын күші осы денелердің массаларына тура пропорционал, ал олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал болады:
F – тартылыс күші;
G - гравитациялық тұрақты;
m1 және m2 – шар массалары;
r - олардың центрінің ара қашықтығы;
Көптеген жылдар бойы планеталардың Күнді және Айдың Жерді айнала қозғалысысын зерттей отырып, XVII ғасырдың басында Ньютон анықтап, планеталар қозғалысының заңдары негізінде ашылған бүкіл әлемдік тартылыс заңы былай тұжырымдалады:
Кез келген екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының кері пропорционал күшпен тартылады.
Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс күшімен түсіндіріледі: Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс күшімен түсіндіріледі: - 1.Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы,
- 2. жердің жасанды серігінің қозғалыстары ,
- 3.баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы
- 4. Жерге жақын денелердің қозғалысы,
- 5.Денелердің жерге құлауы,
- 6.Тасу және қайту,
- 7.Сарқырамалар,
- 8.Қол сөмкесінің ауырлығы.
- 9.Жер атмосферасының болуы т.б құбылыстар
- динамика заңдарымен және бүкіләлемдік тартылыс заңы арқылы түсіндіріледі
Достарыңызбен бөлісу: |