Funded by the EU
«БізАлматы» жобасының шеңберінде «Жасыл дәліз» бен қоғамдық кеңістік»
тақырыбында сұхбат алаңы өтеді
30 қарашада Британдық Кеңес, Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту
орталығы» АҚ, Қазақстан-Британ техникалық университеті Еуропалық Кеңестің қолдауымен
ұйымдастырылған «Жасыл дәліз» бен қоғамдық кеңістік» тақырыбындағы сұхбат алаңы пішімінде
«БізАлматы» жобасының екінші форумын өткізеді.
Жасыл дәліз – велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің жолын қамтитын дәліз. Жасыл дәліздің
траекториясы қаланың сырты мен қала аудандары арқылы өтіп, қала сыртындағы аудандар мен қаланың
саябақтарын жалғастыруға тиіс. Ландшафт дизайны орналасқан жерге сәйкес: қала сырты аудандарында
табиғи, ал қала орамдарында еркін пішінде болуға тиіс. Жасыл дәліз мақсатқа қарай пішіні өзгеріп отыратын
табиғи траекторияның бойымен өтуі керек. Әдетте бұл – өзен жағалауы (өзен променады) немесе
пайдаланылмайтын рельстер (рельстерден соқпақтарға қарай).
Сұхбат алаңының мақсаты: билік өкілдерінің, азаматтық қоғам мен бизнес-сектор өкілдерінің
арасында қаланы дамыту және «жасыл дәліз» тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша
сұхбат орнату.
Өткізілетін күні: 2017 жылғы 30 қараша
Өткізілетін уақыты: 9.00 – 13.00.
Өткізілетін жері: «Transforma» театры, «Smart Point» коворкинг орталығы, «AlmatyTowers» БО,
оңтүстік мұнара, Байзақов көшесі, 280, Алматы қаласы.
Сұхбат алаңының барысында қатысушылар Алматы қаласында «жасыл дәліз» құру бойынша
ағымдағы жағдай мен жоспарлар туралы білетін болады, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жүретін
аймақтар мен велосипед жолдары, саябақтар мен жасыл аймақтар торабын жобалаудың екінші
кезеңін қалыптастыруға өздерінің қажеттіліктері мен үмітін ескере отырып сындарлы ұсыныстарын
енгізе алады.
Осы іс-шарада Сәулет және қала құрылысы басқармасының, Табиғи ресурстар және
табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасының, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының және Алматы қаласын дамыту
орталығының өкілдері, белсенді азаматтар, сарапшылар, мәдениет қайраткерлері мен бизнесмендер
шығып сөйлейді. Сұхбат алаңының барлық қатысушылары осы іс-шараның тақырыбына байланысты
интербелсенді конкурсқа қатысып, Costa Coffee сыйлық сертификаттарын ұтып ала алады.
Іс-шараның соңында «Ең белсенді алматылық» конкурсының жеңімпазы жарияланады. Бас
жүлде – планшет. Конкурстың ережелері: Facebook немесе Instagram желісінде Алматы қаласын
бейнелейтін бірнәрсенің немесе қаланың көрнекті жерлерінің біреуінің аясында түскен фотосуретіңізді
#WeAlmaty #Мен WeAlmaty іс-шарасына барамын деген хэштегтермен 28 қараша, сағат 23:59-ға дейін
Funded by the EU
орналастыру қажет, содан кейін іс-шараға бару керек. Фотосуреттің астында қаланың және (немесе)
оның тұрғындарының өмірін жақсарту байланысты идеяңызды қысқаша суреттеу қажет. Жеңімпаз
қазылар алқасының шешімімен айқындалады, идеяның сапасына және фотосуреттің жасампаздық
сипатына баға беріледі.
«БізАлматы» жобасын Еуропалық Одақтың 430 мың еуро мөлшеріндегі қаржылық қолдауымен
British Council (Британдық Кеңес), Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы қаласын дамыту орталығы»
АҚ және Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) іске асырады. Жоба 2017 жылғы сәуір
айында Алматы қаласын мәдениет, бизнес саласында 2020 жылға дейін дамыту және азаматтық
қоғамды белгілі бір бағытта дамыту арқылы «белсенді азаматтар қаласын» қалыптастыру
бағдарламасын іске асыру жағынан көмектесу мақсатында іске қосылған болатын. Үш жылға
шақталған жоба қалалық қоғамдастықтардың әлеуетін арттыруға, Алматы қаласын дамытуға
азаматтарды тарту және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау үшін қажетті машықтар мен мүмкіндіктерді
меңгеруге ықпалдасатын болады.
Қатысатыныңызды 2017 жылғы 29 қараша, сағат 12.00-ге дейін төменде көрсетілген байланыс
деректері бойынша растауыңызды өтінеміз.
Байланыс деректері:
Елена Сим, Британдық Кеңес, тел.: +7 (727) 244 41 44, ішкі нөмірі: 501, ұялы тел.: +7 701 765 05 10,
elena.sim@kz.britishcouncil.org
Анықтамалық ақпарат:
Жасыл дәліз – велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің жолын қамтитын дәліз. Жасыл дәліздің траекториясы
қаланың сырты мен қала аудандары арқылы өтіп, қала сыртындағы аудандар мен қаланың саябақтарын
біріктіруге тиіс. Ландшафт дизайны орналасқан жерге сәйкес: Қала сырты аудандарында табиғи, ал қала
орамдарында еркін пішінде болуға тиіс. Жасыл дәліз мақсатқа қарай пішіні өзгеріп отыратын табиғи
траекторияның бойымен өтуі керек. Әдетте бұл – өзен жағалауы (өзен променады) немесе пайдаланылмайтын
рельстер (рельстерден соқпақтарға қарай). Бұл тұжырымдаманы Алматы қаласының әкімдігі мен АДО қала
орталығын 2018 жылы қайта құрудың екінші кезеңін жоспарлау кезінде қолданатын болады.
Еуропалық Одаққа өздерінің озық жетістіктерін, ресурстары мен тағдырларын біріктіруге бел байлаған 28 мүше
мемлекет кіреді. 50 жыл бойы кеңеюдің барысында олар орнықтылық, демократия мен тұрақты даму аймағын
құрып, сонымен қатар мәдениеттердің сан алуандығын, төзімділік пен азаматтық бостандықтарды сақтап қала
білді. Еуропалық Одақ өзінің шектерінен тыс жатқан мемлекеттермен өзінің жетістіктері мен құндылықтарын
бөлісуге әзір.
British Council
(Британдық Кеңес) – Біріккен Корольдіктің мәдени байланыстар мен білім беру мүмкіндіктері
саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымы. Біріккен Корольдік пен басқа елдердің арасында ынтымақтастық
құрып, өзара түсіністікті нығайту үшін достастық ахуалды қалыптастыруға ықпалдасады. Біріккен Корольдік пен
басқа елдердің дамуына оңды үлес қосуға және мүмкіндіктер жасап, байланыс орнатып, өзара сенімге
негізделген қарым-қатынасты дамыта отырып, адамдардың өмірін жақсы жағына өзгертуге ұмтылады.
Британдық Кеңес әлемнің 100-ден астам елінде өнер мен мәдениет, ағылшын тілі, білім беру және азаматтық
Funded by the EU
қоғамды дамыту саласында жұмыс істейді. Жыл сайын іс-шараларымыз арқылы 20 миллионнан астам адамды
және онлайн арналар мен БАҚ арқылы 500 миллионнан астам адамды қатысуға тартады.
Қазақстан-Британ техникалық университетінің негізі 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығымен, Қазақстан мен Ұлыбританияның бірлескен жобасы
шеңберінде қаланған болатын. Еліміздің жетекші университеттерінің бірі бола отырып, ҚБТУ «Алматы қаласын
дамыту орталығы» АҚ-мен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып Алматы қаласын зияткерлік
дамыту жобаларына атсалысты. ҚБТУ өзін Алматы қаласының серіктесі ретінде көрсетуге тырысады, және
соның нәтижесінде қаланы зияткерлік дамытуға белсендірек араласуды өзінің ғылыми қызметінің негізгі
басымдықтарының бірі етіп қояды. ҚБТУ-дың аталған жобаға қосып отырған негізгі үлесі контентті ұсыну және
оны өзара әрекеттестік пен сұхбат платформасында орналастыру болып табылады.
«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ
Алматы қаласын дамыту орталығы қаланың орнықты әлеуметтік экономикалық дамуына, қалалық экономиканың
бәсекелесу қабілетін арттыруға ықпалдасады. Бұл мақсаттарға жетудің басты құралы – Алматы қаласының
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді консалтингтік тұрғыдан сүйемелдеу. «Алматы қаласын
дамыту орталығы» Алматы қаласының халықаралық рейтингілердегі көрсеткіштерін талдайды және
қадағалайды, сондай-ақ зерттеу жүргізеді, инновациялық жобаларды, соның ішінде «Smart Almaty» жобасын
әзірлейді және іс жүзіне асырады. Орталықтың қызметінің маңызды қыры урбанистика саласындағы жобалар
мен іс-шараларды іске асыру болып табылады. Сонымен қатар, оның функцияларына Алматы қаласының
әкімдігі қатысатын ұйымдарда корпоративтік басқару қағидаттарын ендіруді кеңестемелік әрі әдістемелік
сүйемелдеу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына талдау жасау кіреді.
FB:
МыАлматы. БізАлматымыз. WeAlmaty
https://www.facebook.com/wealmaty/
Instagram: WeAlmaty
https://www.instagram.com/wealmaty/