Бітіру жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


Тарих, археология және этнология кафедрасы



жүктеу 289,08 Kb.
бет2/2
Дата14.05.2018
өлшемі289,08 Kb.
#13282
түріНұсқаулар
1   2

Тарих, археология және этнология кафедрасы


БІТІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


5B020300- «Тарих» мамандығының студенттері үшін

Павлодар



Бітіру жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/28




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН

ОЖ жөніндегі проректоры

__________Н.Э. Пфейфер

20___ж. «___»__________



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


бітіру жұмыстарына арналған 5B020300- «Тарих» мамандығының студенттері үшін

Әдістемелік нұсқаулар «Жоғары оқу орындарында бітіру жұмыстарын (жобаларын) орындаудың ережелері. Негізгі ережелер» Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.273-2006 және ҚР МЖМБС 5.03.016.-2009 «Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмыс (жоба) орындау ережелері. Негізгі нұсқаулар» негізінде әзірленген


Құрастырушы: __________ аға оқытушы Қасқабасова А.А.
Тарих, археология және этнология кафедрасы

Кафедра отырысында қолдануға ұсынылды 201__ ж. «___» _______________ хаттама № ___


Кафедра меңгерушісі ________ Мамытова С.Н. 201__ ж. «___» _____________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
20__ ж. "___" _______ хаттама №___
ОӘК төрағасы _______________ Батталов К.К. 201__ ж. «___» _____________
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ___________ Акишев А.А. 201__ ж. «___» ____________


ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛДЫ

ЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А. Варакута 201__ ж. «___» ______________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

201__ жылдың «___» _______ хаттама №__

Дипломдық жұмыс зерттеудің қорытынды кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.
Дипломдық жұмысты орындаудың мақсаты:


  1. Мамандық бойынша теоретикалық білімдері мен практикалық дағдыларын жүйелеу, бекіту мен кеңейту және оларды белгілі бір нақты ғылыми міндеттерді шешуде қолдану;

  2. Өздік жұмысын жүргізу дағдылары арттыру, зерттеу әдісін меңгеру және дипломдық жұмыста қарастырылатын мәселені шешу барысында тәжірибелер жүргізе білуді дамыту;

  3. Студенттің қазіргі заманғы ғылымның жағдайында өздік жұмысын орындауға дайындығын, және сонымен қатар, оның кәсіби дәрежесін анықтау;

  4. Ғылыми зерттеу жұмысының дағды мен қабілеттерін жетілдіру, зерттеу үрдісін меңгеру;

  5. Дерекнамалық мәліметтерді сыни талдау дағдысын игеру, «шикі» материалды өңдеу қабілеттілігін дамыту;

  6. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін шешуде новаторлық бағыттарды дамыту мен жетілдіру.


Студенттің бітіру жұмысын таңдау тәртібі
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары өзекті, әрі ғылымның қазіргі жағдайына және даму перспективаларына сәйкес болуы тиіс.

Дипломдық жұмыстардың тақырыптары мамандыққа және маманның дайындық профиліне сай болуы қажет.

Дипломдық жұмыстардың тақырыптары шығарушы кафедраның тарапынан әзірленеді, факультет кеңесімен қарастырылады және бекітіледі.

Дипломдық жұмыстардың жалпы тізімі жыл сайын 30%-дан кем емес жаңаруы керек.

Студент бекітілген тақырыптардан дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдайды.

Тақырып студентке курстың басында беріледі және жоғары оқы орнының ректорымен бекітіледі.

Кафедраның ұсынысы бойынша әрбір студентке дипломдық жұмысты жазу үшін ғылыми жетекші тағайындалады.

Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер, ең тәжірибелі оқытушылар және университеттің ғылыми қызметкерлері, немесе ғылыми зерттеулері мен ғылыми баспаларының саласы студенттің мамандық профиліне сәйкес келетін басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен жоғары мамандырылған мамандар бола алады.



Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:

  1. Дипломдық жұмысты орындау үшін тапсырма береді;

  2. Дипломдық жұмыстың орындалуының барлық уақыт кезеңіне арналған күнтізбелік кестесін жобалауда студентке көмек көрсетеді;

  3. Студентке тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиетті, анықтама мен мұрағаттық мәліметтерді, типтік жобалар мен басқа да дереккөздерін ұсынады;

  4. Дипломдық жұмыстың күнтізбелік кестеге сәйкес орындалуын ағымдағы бақылауы іске асырылатын кеңеснамалардың кестесін бекітеді;

  5. Дипломдық жұмыстың барлық тарауларының көлемін анықтап, диплом жазушы мен кеңес берушілердің жұмысын қадағалайды;

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы шығынды материалдың және дереккөздердің анықтамасын, студенттің тарапынан дайындалатын сұрақтар тізімін, ұсынылатын әдебиеттер тізімін, графикалық материалдың тізімін (кестелер, диаграммалар, сызбалар және т.б.), дипломдық жұмысты жазудың толық күнтізбелік кестесін құрайды.

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы кафедра меңгерушісінің тарапынан жұмысты аяқтаудың уақытын көрсетумен бекітіледі. Дипломдық жұмыстың тапсырмасы дипломдық жұмысқа тігіледі.

Жұмыстың күнтізбелік графигі жеке тараулардың орындалу кезегімен көрсетіліп және ғылыми жетекшімен мақұлданып бүкіл кезеңге құрылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшінің ұсынысымен қажеттілік болған кезде ғылми жетекшілікке белгіленген уақыт ішінде дипломдық жұмыстың жеке тараулары бойынша кеңесшілерді кафедра шақыруы мүмкін.

Кеңесшілер ретінде университеттің профессорлары, доценттері, оқытушылары және ғылыми қызметкерлеріғ сонымен қатар басқа мекемелердің, кәсіпорындардың және фирмалардың жоғары мамандандырылған жұмыскерлері және ғылыми қызметкерлер тағайындалуы мүмкін. Студентпен орындалған жұмыстың бөлімдерін кеңесшілер тексереді және оған қол қояды.

Шығарушы кафедралар дипломдық жұмыстың басталуына дейін мамандықтың білім алудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сай бекітілген дипломдық жұмысқа қойылатын талаптары бар әдістемелік нұсқауларды құрастыру және олармен студенттерді қамтамасыз ету қажет.

Дипломдық жұмысты орындау бойынша студент есебінің уақытын кафедраның меңгерушісі белгілейді. Осы уақыт аралығында студент ғылыми жетекші және кафедра меңгерушісі алдында есеп береді, ал олар дипломдық жұмыстың орындалу деңгейін анықтайды да факультеттің деканына хабарлайды.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиеттерді терең игеру негізінде орындалады (оқулықтар, оқу құралдар, монографиялар, мерзімді басылымдар, дәрістер курсы, журналдар, соның ішінде шетел тілде, нормативті әдебиет және т.б.).


Бітіру жұмыстың мазмұнына, көлеміне және құрылымына қойылатын талаптар

Өзінің құрамына байланысты дипломдық жұмыс жоғарғы оқу орынның бітіру курсының студенті дайындаған нақты мамандық бойынша қолжазба ретінде болатын ғылыми-зерттеу жұмысы.

Дипломдық жұмыстың көлемі 80-100 беттен кем емес болу керек. Дипломдық жұмыстың аталған көлеміне қосымшалар кірмейді.

Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері:

- титульдік парағы;

- дипломдық жұмысты орындау бойынша тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Титульдік парағы дипломдық жұмыстың алғашқы беті ретінде және құжатты өңдеуге және іздеуге қажетті ақпараттың дерегі болып табылады.

Титульдік парақта келесі мәліметтер беріледі:

- министрліктің атауы;

- университеттің атауы;

- БЖ орындалған кафедраның атауы;

- дипломдық жұмыс түрінің атауы;

- дипломдық жұмыстың идентификациялық номері;

- дипломдық жұмыс тақырыбының атауы;

- мамандықтың шифрі және атауы;

- сол жағында – «орындаған» сөзі, оң жақта студенттің тегі және инициалдары көрсетілінеді;

- бір жол төмен «ғылыми жетекші» жазылады және жетекшінің тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, басқа да регалийлер көрсетілінеді;

- бір жол төмен «нормобақылаушы» жазылынады және тегі, есімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетілінеді;

- кафедра меңгерушінің бекітілетін қолы;

- қала, жыл.

Дипломдық жұмыстың мазмұнына кіріспе, барлық бөлімдердің, бөлімшілердің атаулары және реттік номерлері, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, дипломдық жұмыстың қосымшалары басталатын беттердің номерлерін көрсете отырып қосымшалардың атаулары жатады.

Кіріспенің ішінде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектелігін, ғылыми жаңалығы мен практикалық қажеттілігін дәлелдеуі, шешілінетін ғылыми мәселенің қазіргі заманғы жағдайдың бағасы, сонымен қатар дипломдық жұмыстың мақсаты, міндеттері және объектісі, теоретикалық және әдістемелік негізі және дипломдық жұмысты жазудың практикалық базасы көрсетіленуі керек.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер болу керек.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі бөлімдерге және бөлімшелерге (тараулар мен параграфтар) бөлінеді.

Қорытындыда дипломдық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша дәйектер, қойылған міндеттерді орындаудың бағасы, зерттеудің объектісі бойынша нақты нұсқаулар болу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сай рәсімделеді. Дипломдық жұмыста көрсетілінетін пайдаланылған әдебиеттер тізімі студенттің қолданылған әдебиет деректердің көлемі туралы, зерттелінетін мәселенің зерттеу жағдайының деңгейін көрсетеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі алфавитті түрде әдебиеттер тізімінің әр бөлігінде автордың немесе еңбектің атынан (автордың аты – жөні болмаса) құралады. Тізімде әдебиеттер көзінің жалпы нумерациясы қолданылады (жеке тараулар бойынша емес). Қолданылған әдебиеттер тізіміндегі деректерден алынған дәйексөздерді қолданған кезде соңында жақшаның ішінде тізім бойынша әдебиет дерегінің нөмірін және бетін көрсете салуға болады, мысалы [14,35].

Деректі толықтай сипаттаған кезеде жақшаның ішінде тек оның тізімдегі нөмірін көрсете салуға болады, мысалы [7].

Қосымшада дипломдық жобаның негізгі бөліміне кірмеген материалдар сипатталады.

Дипломдық жобаның ішкі мазмұны мен оның негізгі нәтижелеріне ғана жоғарғы талап қойылмайды, оған қоса оның сыртқы бейнесіне, жазылу стиліне де назар аударылады. Дипломдық жұмыс логикалық түрде жүйелі, дұрыс, әдеби тілмен жазылу тиіс. Мәтіннің әр сөйлеміне назар аударып, оның құрылымын дұрыс ойластыру керек.

Дипломдық жұмыстағы шығарылған негізгі қорытындыларға, нәтижелерге, объективтілікке автордың өзі, яғни студент тікелей жауап береді.

Дипломдық жұмыстың рәсімдеу ережесі
Дипломдық жұмыс басу жолымен компьтердің қолданылуымен, А4 форматты қағаздың бір жақ бетінде басылуы тиіс. Шрифті әдеттегі, 14 кегль.

Мәтінді төмендегі ереже арқылы басу керек: сол жағы – 30 мм, жоғарғы жағы - 20 мм, оң жағы – 10 мм және төменгі жағы – 25 мм.

Мәтіндегі графикалық және басқа қателерді компьтер арқылы, ақ бояумен немесе қара сиямен түзетуге болады.

Дипломдық жұмысты тарауларға және бөлімшелерге бөлу керек. Әрбір тарау немее бөлімше аяқталған ойдан және мәліметтен тұру керек.

Тараулардың тақырыпшылары дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу керек, ал бөлімшелердің тақырыпшылары тараудың тақырыбына сай келіп, оның мазмұнын ашуы тиіс.

Тарау мен бөлімшелердің тақырыптары олардың мазмұнына сай келу керек.

Тарау мен бөлімшелердің тақырыптарын азат жолдан, бас әріптен, астын сызбай – ақ соңында нүктесіз басу қажет.

Егер де тараудың тақырыбы екі сөйлемнен құралса, оны нүкте арқылы ажырату керек.

Дипломдық жұмыстың беттерін араб санымен белгілеу керек, нөмірлеу бүкіл мәтінді қамтуы қажет. Беттің нөмірін беттің астыңғы жағында нүктесіз дәл ортасына қою керек. Беттің алғашқы беті нөмірленбейді.

Жеке беттерде орналасқан суреттер мен кестелер дипломдық жұмыстың жалпы нөмірлеуіне жатады.

А 3 форматында орналасқан суреттер мен кестелер бір бет деп саналады.

Дипломдық жұмыстың тараулары өзінің құжатына сай араб санымен белгіленген, нүктесіз, азат жолдан басылған реттік нөмірлерге ие болу тиіс. Бөлімшелер әр тараудың шегіндегі нумерацияға тиесілі. Бөлімшенің нөмірі нүктемен ажыратылған тарау мен бөлімшенің нөмірінен тұру керек. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды. Тараулар екі немесе одан да көп бөлімшелерден тұру мүмкін.

Дипломдық жұмыстың әрбір тарауын жаңа беттен бастау керек. Бір тараудың ішіндегі бөлімшелер өз ішінде мәтіннен екі жол кейін шегеріліп жазылады.

Дипломдық жұмыстың беттері мен қосымшасы толассыз нөмірленуі тиіс.

Дипломдық жұмыстағы суреттер мәтіннен кейін немесе басқа бетте орналасуы тиіс.

Суреттер компьютерлік жолмен жасалған болуы мүмкін, оған қоса түрлі түсті де. Барлық суреттерге дипломдық жұмыста сілтеме берілуі тиіс.

Дипломдық жұмыста кестелерді анықтылық үшін, салыстыру үшін пайдаланады. Кестенің атауы оның мазмұнын ашып, нақты да нұсқа болуы тиіс. Кестелердің атауын кестенің үстінен азат жолдан «Кесте 1» сөзінен кейін орналастыру қажет.

Мәтіндегі берілген кесте жайлы айтылғаннан кейін, кестені бұл мәтіннен кейін орналастыру қажет.

Дипломдық жұмыстағы барлық кестелерге сілтеме жасалуы тиіс. Сілтеме кезінде «кесте» және оның нөмірін көрсету арқылы жазу керек.

Бағандары көп кестелерді қосымшаға енгізу дұрыс болады.

Жұмыстағы кестелерді, қосымшадағы кестелерді санамағанда араб сандарымен нөмірлеу қажет.

Қолданылған әдебиеттер сілтемесін төртбұрышты жақшада көрсету керек.

Әдебиеттер жайлы мәліметті дипломдық жұмыстағы сілтемелерге сай нүктесіз, араб сандарымен, азат жолдан орналастыру қажет.

Қосымшалар дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде кеінгі беттерінде көрсетіледі.

Дипломдық жұмыстың мәтініндегі қосымшаларға толықтай сілтеме берілуі тиіс.

Әрбір қосымшаны жаңа беттен және беттің үстіңгі жағындағы дәл ортасына «Қосымша» сөзінен және оның белгісінен бастау керек.

Егер дипломдық жұмыс тек бір қосымшадан тұрса оны белгілеу қажет емес.

Қосымша басқа дипломдық жұмыстың бөлігіне сай толассыз нумерацияға ие болуы тиіс.



Дипломдық жұмыстың орындау реті мен қорғауға ұсыну
Дипломдық жұмыс оқуды аяқтап жатқан студенттің кафедрасында жұмысты қорғау алдындағы үрдіске шығарылады.

Дипломдық жұмыстың қорғау алдындағы жұмысы ашық кафедра отырысында диплом алды тәжірибеге сүйеніп жүргізіледі, оған ғылыми жетекші, ғылыми консультанттар қатысады.

Жұмысты қорғау алды кафедра хаттамасымен рәсімделеді.

Барлық талаптарға сай келген дипломдық жұмысқа студенттің, ғылыми консультанттың қолы қойылып, ғылыми жетекшіге беріледі.

Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа жазбаша түрде сын – пікір жазады.

Егер де ғылыми жетекші дипломдық жұмысты оң түрде қабылдаса, қолын қойып, жазған сын – пікірімен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Ал егер де ғылыми жетекші жұмысты қабылдамаса, сын – пікірде дипломдық жұмысты қорғауға жібермеген себептерін, барлық жағдаяттарын анық көрсетеді.

Бұл материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыс бойынша соңғы нәтижесін шығарып, жұмыстың алғашқы бетінде бұл туралы мәлімет жазады.

Егер де кафедра меңгерушісі бұл дипломдық жұмысты қорғауға жіберуге рұқсат бермесе, бұл сұрақ кафедра отырысында жұмысты жазған студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы университет ректорының бекітілуіне жіберіледі.

Кафедрамен ұсынылып тұратын дипломдық жұмыс факультет деканымен рецензияға жіберіледі.

Рецензеттер тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Рецензет ретінде басқа оқу орнының профессоры, доценты, оқытушылары болуы мүмкін.

Рецензеттер негізгі жоғарғы білімді, академиялық және ғылыми атақтары бар тұлғалар болуы тиіс.

Рецензет ұсынылып тұрған дипломдық жұмысқа жазбаша түрде рецензия жазады, бұнда ол жұмыстың өзектілігін, жаңашылдығын, тәжірибелік құндылығын, шығарылған нәтижелері мен ұсыныстарын, проблеманы шешу мәселесін анық сипаттап, тиесілі баға береді.

Рецензияда дипломдық жұмысқа қорытынды жазылып, баллдық – рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады және белгілі – бір академиялық атақ немесе квалификация беру туралы мүмкіндік беріледі.

Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген бірақ, рецензентпен F бағасына - «қанағат. емес» бағаланса, жалпы шарқа сәйкес қорғалады.

Факультет деканы қорғауға кем дегенде бір күн қалғанда кафедра меңгерушісін жұмыстың рецензиясымен таныстырып, рецензия, сын – пікірмен қоса Мемлекеттік аттестациялық комиссияға қорғауға жібереді.

Дипломдық жұмыс студенттің қалауы бойынша орыс немесе қазақ тілдерінде жүргізіледі. Оған қоса студент кафедраның ұсынысымен басқа шетел тілінде жұмыстың қысқа мазмұнын дайындап, бұл тілдің өзінде сұраққа жауап бере алады.

Дипломдық жұмыстың қорғалуы әртүрлі ақпараттық технологиялардың пайдалануымен жүзеге асуы мүмкін: презентациялар, әртүрлі мультимедиялық қондырғылар және т.б.



Дипломдық жұмыстың қорғалу реті

Дипломдық жұмыстың қорғалу реті өкілетті органдармен бекітілген білім беру жүйесіндегі студенттердің ағымдағы білімдерінің қадағалауымен, өтпелі және қорытынды мемлекеттік аттестациясымен анықталады.

Дипломдық жұмыстың қорғалуы мемлекеттік аттестациялық комиссияның ашық отырысында жүргізіліп, оған оның кем дегенде тең жартысына тең мүшелері қатысуға тиіс.

Дипломдық жұмыстың қорғалуы жария түрде жүргізіліп, оған студенттер мен оқытушылар қатысуы мүмкін. Оған қоса қорғауға ғылыми жетекші, рецензет, ұйым өкілдері шақырылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың қорғалуы әр студентке 30 минуттан аспауы тиіс.

Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент өзінің баяндамасымен мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында 15 минут сөйлейді.

Дипломдық жұмыстың баяндамасын аяқтаған соң студент мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беруге тиіс.

Дипломдық жұмысты талдау үрдісіне барлық қатысушылар белсенді түрде қатыса алады.

Талдау аяқталғаннан кейін төрайым сын – пікір мен рецензияны оқиды (ғылыми жетекші қатысса, өзі оқи алады). Сын – пікір немесе рецензияда қателер кездессе студент бұған негізделген түсіндірме айтуы тиіс.

Дипломдық жұмыстың қорғау қорытындысы бойынша баллдық – рейтингтік әріптік жүйе негізінде тиесілі баға қойылады. Бұнда есепке алынатын теориялық деңгей, ғылыми және тәжірибелік дайындық, ғылыми жетекшінің сын – пікірі мен рецензенттің бағасы.



Дипломдық жұмыстың қорғау қорытындылары бойынша мемлекеттік аттестациялық комиссия әр студент бойынша жеке хаттамалар рәсімдеп, оның өткізілу күні жариялайды.
жүктеу 289,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау