Биотехнология 5В070100-«Биотехнология»



жүктеу 218,03 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2018
өлшемі218,03 Kb.
#19233


Биотехнология 

 

5В070100-«Биотехнология» 

Біліктілік:  

Техника және технологиялар бакалавры 



Оқу мерзімі:  

4 жыл 


Оқу түрі:  

Күндізгі 



Төртінші пән:  

Биология-химия 



Білімнің 

қолдану 

саласы:  

Биотехнологиядағы  биотехнологиялық  процестер,  микробиологиялық, 

өсімдіктер  мен  жануарлардан  алынатын  биологиялық  нысандар; 

органикалық  және  бейорганикалық  биологиялық  белсенді  заттардың 

биотехнологияда қолданылуы.  

Жұмыспен  қамту  перспективалары  -  биотехнология  өндірісінің 

маманы, 

өндіріс 


зертханасының 

технологы; 

ҒЗИ 

мен 


университеттерінде 

маман 


(зертханашы); 

ауылшаруашылық 

биотехнология  маманы;  тағам  өндірісіндегі  маман;  биотехнолог-

селекционер;  экологиялық  қызметтер  мен  ұйымдардағы  маман;  орта 

мектеп пен гимназия биология мұғалімі. 

Дағдылардың 

қысқаша 

сипаттамасы:  

Биотехнологиялық 

өнімдерді 

өндіруді 

жүзеге 

асыру;  


биотехнологиялық өнімдердің сапасын бақылау;  

биотехнологиялық  объектілерді  өсіру  және  іске  асыру  үшін  қажетті 

жағдайлар  жасау;  биотехнологиялық  өндірістің  жеке  сатыларын 

ұйымдастыру.  

Кәсіптік  қызмет  объектілері  –  өндірістік  кәсіпорындар,  азық-түлік 

және  өңдеу  зертзаналары,  микробиологиялық,  фармацевтикалық 

өндірістердің  өндірістік  кәсіпорындары  мен  зертханалары;  ауыл 

шаруашылығы кәсіпорындары; ботаникалық бақтар және зоологиялық 

парктер;  өсімдіктерді  қорғау  станциялары;  селекциялы  станциялар; 

экологиялық қызметтер мен ұйымдар; ауыл шаруашылығы өнімдерінің 

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау зертханасы. 

Бағдарламаның 

қысқаша 

мазмұны: 

Пән  үйренудің  модульді  жүйесі  негізінде  жобаланған  және  келесі 

модульден  тұрады  -  тіл,  қоғамдық-саяси,  жалпы  білім  беретін,  кәсіби 

тіл,  негізгі  нысандар,  биотехнологияның  әр  саласында  қолданылатын  

әдістер  мен  принциптер,  биотехнологиядағы  теориялық  және 

қолданбалы  міндеттер,  жобалы-технологиялық  және  ғылыми-

зерттеулер.  

Білім  беретін  траекториялар  академиялық  мобильдік,  дуальді  және 

түрлі тіл оқуы принципінде құрылған.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

6М070100-«Биотехнология» 

Біліктілігі:  

Техника ғылымдарының магистрі 



Оқу мерзімі:  

1,5 және 2 жыл 



Оқу түрі:  

Күндізгі 



Білімнің 

қолдану 

саласы:  

бейіндік бағытта: биотехнологияның әртүрлі салаларының өндірістік 

мекемелерінде 

ұйымдастырушылық-технологиялық 

қызметтер, 

басқарушылық, инженерлік қызмет және менеджмент міндетін атқару, 

биотехнологиялық  өнімдерді,  тамақ  өнеркәсібі,  өңдеу,  медициналық 

және  микробиологиялық  өнеркәсібі  өнімдерін  сараптау  және 

стандарттау; 

ғылыми-зерттеу 

және 


инженерлік-технологиялық 

жұмыстарын  жүргізу,  жобалау-ізденістік  жұмыстарды  орындау, 

биотехнологияның  әртүрлі  салаларында  ғылыми-ұйымдастырушылық 

қызметтерін атқаруды жүзеге асыра алады. 



ғылыми-педагогикалық 

бағытта: 

биотехнологияның 

әртүрлі 

салаларында  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  жобалау-ізденістік 

жұмыстарын  орындау,  биотехнологияның  әртүрлі  салаларында 

ғылыми-ұйымдастырушылық  қызметтерін  атқару;  биотехнологияның 

әртүрлі  салаларының  өндірістік  мекемелерінде  ұйымдастырушылық-

технологиялық  қызметін  атқару,  басқарушылық  қызметін  және 

менеджмент міндетін атқаруды жүзеге асыра алады.    

Дағдылардың 

қысқаша 

сипаттамасы:  

бейіндік  бағытта:  биотехнологиялық  өндіріс  пен  менеджменттің 

стандартты  міндеттерін  шеше  білуге;  логикалық  ойлауға,  дәлелдеуге 

және  сендіре  білуге;  ауызша  және  жазбаша  түрде  ережелер  мен 

қорытындыларды нақты көрсете білу;  жаңа ақпараттық және білімдік 

технологиялар көмегімен кәсібт білімін тереңдету; жеткілікті мөлшерге 

дейін ақпараттарды іздеу және тиімді шешімдер қабылдау; 



ғылыми-педагогикалық бағытта: жеке зерттеушілік жұмыстар жасау 

үшін пилотты зерттеушілік жобалар жасауға және басқа да жобаларға 

қатысу;  ақпараттарды  жинау,  сақтау,  өңдеу  және  іске  асыру  үшін 

компьютерлік  әдістерді  пайдалану;  кәсіби  қызметінде  жаңа 

ақпараттарды  белсенді  түрде  жинау  және  оларды  пайдалануды 

қамтамасыз  ететін  білімді  жаңғырту  жүйелерін  пайдалану;    әртүрлі 

процестер мен құбылыстарды сипаттау және  жобалау үшін модельдер 

жасау және оларды пайдалану; стандартты зерттеу және педагогикалық 

міндеттерді  шешу;  ғылыми  және  сыни  ойлау;  ғылыми  жолдама 

құжаттармен  жұмыс  істеу;  оқушы  және  мамандар  аудиторияларымен 

жұмыс  істеу;  жаңа  ақпараттық  және  білімдік  технологиялардың 

көмегімен кәсіптік білімін тереңдету. 



Бағдарламаның 

қысқаша 

мазмұны: 

Білім беру бағдарламасы 4 білім беру траекториясынан  тұрады: «Тағам 

өнеркәсібіндегі  биотехнология»  -  ферменттік  препараттарды,  тағам 

өнімдерін  және  рекомбинатты  ДНҚ  гормондарын  биотехнология 

арқылы 

алу 


қарастырылады, 

«Мал 


шаруашылығындағы 

биотехнология» - биотехнологияның заманауи әдістерін зерттеу және іс 

жүзінде  меңгеру  қарастырылады,  сонымен  қатар  ауылшаруашылығы 

малдарының 

түр 

ерекшеліктеріне 



байланысты 

қолданады, 

«Микроорганизмдер 

биотехнологиясы» 



- 

микробиологиялық 

процестерді  қолдану  арқылы  GMP,  GLP  стандарттарына  сай 

биотехнологиялық  өнім  алу  мақсатында  селекция  және  гендік 

инженерияны 

қолдану 


жолдарын 

 

зерттеу 



нәтижесінде 

микроорганизмдердің  метаболиттік  өнімдерін  биотехнологияның 




әртүрлі салаларында қолдануды үйренеді және өндірістік штамдармен 

жұмыс істеу әдістемелерін меңгереді және «Өсімдік биоинженериясы» 

-  оқшауланған  өсімдік  ұлпалары  культураларын  пайдалану  бағыттары 

мен  мүмкіндіктерін;  мәдени  өсімдіктердің  сауықтырылған  отырғызу 

материалдарын  жаппай  өндіруде  оқшауланған  ұлпалар  культурасын 

пайдалану;  парасексуальды  будандастыру  және  сомалық  будандар 

түрлері,  олардың  тіршілік  әрекеті;  селективті  орталарда  оқшауланған 

ұлпалар культурасынан әртүрлі стресс факторларға төзімді өсімдіктерді 

алу;  рекомбинанттық  ДНҚ  технологиясы;  ДНҚ  технологиясын 

генетикада, селекцияда қолдануды игереді. 



 

жүктеу 218,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау