Биопотенциалдардың пайда болуының мембраналық-иондық теориясы


Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары



жүктеу 230,47 Kb.
бет3/4
Дата22.01.2022
өлшемі230,47 Kb.
#34688
1   2   3   4
1,2,3

Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары.

Бұл заңдар тіндердің жауап қайтару қабілетінің тітіркендіргіштердің

әртүрлі өлшемдеріне тәуелділігін анықтайды (күші, әсер ету ұзақтығы,

градиенті және т.б.). Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдарының бірнеше

түрлері бар:

1) Күш заңы: тітіркендіргіш күші жоғарылаған сайын, оған тіндердің

жауаптары да жоғары (белгілі бір деңгейге дейін) болады. Қозу тудыратын

тітіркендіргіштің ең аз (минималды) күші тітіркендіру (қозу) табалдырығы

деп аталады. Табалдырықтан төмен және табалдырықтан жоғары күш деген

өлшемдер бар. Қандай да болсын тіндерге әсер ететін тітіркендіру күші

табалдырықтан төмен болса, ол байқалатын қозу тудырмайды (түк емес). Ал егер тітіркендіру күші табалдырықты немесе одан жоғары болса, тіндердің

құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты жауабы әр түрлі болады. Мысалы,

қаңқа бұлшық еті тітіркендірудің табалдырықты және одан жоғары

шамасына, күшейе жиырылады (күш заңы), ал жүрек еті максималды

біркелкі (түгел) жиырылады. Сонда жүректің миокард талшықтарының

жиырылу қасиеті «түгел немесе түк емес» (Боудич) заңына тәуелді.

2) Тітіркендіру ұзақтығы туралы заң: тітіркендіргіштің әсері ету уақыты

ұзарған сайын, тіндердің жауабы да (белгілі бір деңгейге дейін) күшейеді.

Мұндай тәуелділікті алғашқы рет Дж. Гоорвег (1892), М. Вейс (1901)

дәлелдеп, «күш пен уақыт» сызығы ретінде көрсеткен. Бұл заң бойынша,

бұлшықетті қозуға келтіретін ең аз (минималды) электр күшін реобаза деп

белгілейді. Бір реобазаға тең күшпен әсер еткенде қозу тудыратын қысқа

уақыт – пайдалы уақыт деп аталады. Әсердің пайдалы уақытын анықтау

тәжірибеде өте қиын, себебі тін неғұрлым қозғыш болса, бұл уақыт соғұрлым

қысқа болады, кейбір тіндерде ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан «күш пен

уақыт» заңдылығын пайдалана отырып, француз ғалымы Л.Лапик (1908)

хронаксия деген өлшемді ұсынды. Хронаксия деп тінді қоздыратын екі

реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақытын айтады. Оның мөлшері

хронаксиметр аспабымен өлшеніп, мс-пен (сигма) белгіленеді.

Хронаксиметрді медициналық зерттеуде пайдаланып, әртүрлі тіндердің

(жүйке жүйесі, бұлшықет, талдағыштар) қозу дәрежесін өлшеуге болады.

3) Тітіркендіру градиенті туралы заң: Қандай да болсын тіндердің қозуы

тітіркендірудің күшіне, әсер ету уақытына ғана емес, оның үдеу

жылдамдығына (градиентіне) да тәуелді болады. Яғни, тітіркендіру қүші

тінге әсер еткенде тез уақытта көтерілсе, оның жауабы да (белгілі бір

деңгейге дейін) жоғары болады. Егер әсер ететін токтың күшін біртіндеп жәй

күшейтсе, ол көп жоғарылатылса да, тіннің қозбауы мүмкін. Басқаша

айтқанда, ток күшінің жәй үдеуіне тін бейімделіп үлгереді. Бұл аккомодация

құбылысы деп айтылады. Аккомодация кезінде тіндердің қозу қабілеті

төмендейді де, тітіркендіру табалдырығы жоғарылайды. Қазіргі

көзқарастарға сәйкес, аккомодация құбылысы мембранадағы натрий

каналдары инактивациясының жедел дамуымен байланысты деп саналады.

4) Тітіркендірудің полярлы заңы. Қозғыш тіндерге тұрақты токтың әсерін

неміс ғалымы Пфлюгер (1895) зерттеген. Полярлы заңның үш түрлі ережесі

бар:

- тұрақты ток тінге ол қосылған немесе ажыратылған кезде әсер етеді;



- тұрақты ток қосылғанда қозу үрдісі катодтың, ал ажыратылғанда анодтың

тұрған жерінде пайда болады;

- тұрақты токтың әсері ол қосылғанда күштірек болады.

Тұрақты ток полюстерінің орналасқан жерінде тіндердің физиологиялық

қасиеттері (қозғыштығы, өткізгіштігі) өэгереді. Бұл құбылыс


жүктеу 230,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау