3. Оқыту міндеттері:
1.оқытушының жетекшілігімен жаттығуларды жасау.
2. Интернет және кәсіби әдебиетпен жұмыс жасағанға студенттерді ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жасушада амин қышқылдарының пайдаланылуы.
2. Амин қышқылдарды анаболикалық және катаболикалық үрдістерге пайдалану.
3. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері. Аммиактың пайдаланылу жолдары
4. Ағзадағы биогенді аминдердің ролі.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысы (сызбанұсқа кұрастыру, жаттығуларды жасау).
Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар
1. Сабақты ұйымдастыру –ОСӨЖ мақсатымен таныстыру
Үйге тапсырма Тақырыбы: Күрделі белоктар алмасуы. Күрделі белоктар: хромопротеидтер және нуклеопротеидтер алмасуы. Гемоглобиннің синтезі мен ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану). Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
Келесі ОСӨЖ-ге дайындалу сұрақтары
1. Гемоглобин. Құрылысы.Ролі.
2. Гемоглобиннің синтезі туралы түсінік.
3. Гемоглобиннің ыдырауы, реакция сатылары.
4. Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі
5. Сарғыштану түрлері. Пайда болу себептері.
6. Нуклеопотеидтер алмасуы, нуклеопротеидтердің ыдырауы, несеп қышқылының түзілуі. Подагра.
2. Тақырып бойынша кеңес беру.
3. Студенттердің өзіндік жұмысы:
1) «Амин қышқылдарын анаболикалық реакцияларға пайдалану», «Амин қышқылдарының ыдырауы» сызбанұсқаларын сызу.
2) Жаттығулар:
1. Реакцияны катализдейтін ферментті атап, реакция сатысын және үрдісін анықтаңыз?
2. Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы тотыға дезаминдену реакциясына түседі: а) серин, б) тирозин, в) гистидин, г) глутамин қышқылы, д) метионин.
3. Амин қышқылдарының декарбоксилдену реакциясының өнімін жазыңыз.
4. Аммиакты залалсыздандыратын негізгі реакцияларды жазыңыз.
5. Аммонийгенез, оның маңызы.
6. Реакцияны жазыңыз, осы процесті катализдейтін ферментті көрсетіңіз.
7. Глутамин қышқылының аммиакпен әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Ол реакция қай жерде өтеді? Реакция қалай аталады? Организм үшін қандай маңызы бар? Реакция қайтымды ма?
8. Креатин және креатинфосфат түзілуін жазыңыз, олардың түзілетін орындарын көрсетіңіз және креатинфосфаттың маңызын атаңыз.
9. Бауырда белоктар алмасуы кезінде өтетін реакцияларды атаңыз.
10. Мочевина синтезінің қорытынды теңдеуін жазыңыз.
11. Аммиак организмнен қандай қосылыстар түрінде шығарылады?
12. Креатин биосинтезінің сатылары қандай тіндерде өтеді?
13. Мочевина синтезіне қатысатын амин қышқылдарын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |