Биологиялық химия Кафедрасы



жүктеу 0,81 Mb.
бет209/233
Дата27.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#43557
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   233
Биологиялы химия Кафедрасы

4 CӨЖО


1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтер алмасуының сатыларына сипаттама. Липидтер алмасуының бұзылыстары.
2. Мақсаты:
1. Студенттердің «Липидтер алмасуы» тақырыбы бойынша алған білімдерінің меңгерілу тереңдігін тексеру.
2. Студенттердің ұйқы безі липазасының активаторы және бұл ферменттің майлардың қорытылуына қатысуы туралы алған білімдерін бекіту.
3. Студенттерді қан сарысуындағы жалпы липидтердің, холестериннің, β- липопротеидтердің мөлшерін анықтау әдістерімен және диагностикалық маңызымен таныстыру.
3. Оқыту міндеттері:
1. Студенттерді липидтер алмасуы туралы алған білімдерін пәннің келесі тақырыптарын түсіну үшін қолдануға үйрету.
2. Студенттерді осы тақырып бойынша алған білімдерін жағдайлық есептерді шешу үшін қолдануға үйрету.
3. Ересек адамдағы ТАГ қорытылуына қатысатын негізгі ферменттің (ұйқы безі липазасы) ролін қарастыру.
4. Оқыту және сабақ беру әдістері:

  1. Зертханалық жұмыстар;

  2. аз топпен жұмыс;

  3. Тест сұрақтары бойынша дискуссия,

Оқытуға қажетті материалдар: Тақырып бойынша дәріс, Тест сұрақтары,
жаттығулар, ситуациялық есептер,биохимиядан студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу құралы.2-бөлімі, биологиялық химиядан практикум.

1.Сабақтың ұйымдастыру. практикалық жұмыстар:№76-78,80 конспектісі тексеріледі.


Үйге тапсырма:. Жай белоктар алмасуы-белоктардың функциялары, қорытылуы, сіңірілуі, белоктардың шіруі, бауырда шіру өнімдерінің залалсыздануы. Асқазан сөлінің биохимиясы. практикалық жұмыстар:№20б-83,85-87 конспектілеу).
2) Зертханалық жұмыстар бойынша сұрақтар:
1. Жалпы және β-липопротеидтерді анықтау әдістерінің негізіне қандай принциптер жатады?
2. Қандағы холестеринді анықтаудың диагностикалық маңызы.
3. Панкреатидтік липазаның сүт майларын қорытуын қалай дәлелдеуге болады?

Студенттер 4-5 адам кіретін шағын топтармен келесі зертханалық жұмыстарды «Практикум » бойынша жасайды:


а) «Майлардың қорытылуына ұйқы безі липазасы мен өттің әсерін зерттеу»
(№76 жұмыс).
Студенттер инкубация кезінде жұмыстың принципін, анықтау әдісін (кестелерді), дәптерлерге жазып алады. Жұмысты жасағаннан кейін графикті сызады және қорытынды жасайды. «Өтпен» немесе «өтсіз» колбаларды 0,1 N NaOH-пен титрлегенде, сілтінің мөлшері көбірек жұмсалады және «неге» деген сұраққа жауапты қортындыда көрсету керек.
б) «Қан сарысуындағы β- липопротеидтердің мөлшерін Бурнштейн және Самайдың турбидиметриялық әдісімен анықтау» (№77 жұмыс). Студенттер жұмыстың принципін, анықтау әдісін , есептеу формуласын, қалыпты көрсеткіштерін және β- липопротеидтердің деңгейінің жоғарлауының клинико-диагностикалық маңызын дәптерлеріне жазып алады.
в) «Қан сарысуындағы жалпы липидтерді түсті реакция бойынша анықтау» ( № 78 жұмыс).
Студенттер инкубация кезінде жұмыстың принципін, анықтау әдісін (кестелерді), есептеу формуласын, қалыпты көрсеткіштерін, қандағы жалпы липидтердің мөлшерін анықтаудың клинико-диагностикалық маңызын дәптерлеріне жазып алады.
г) «Холестеринге түсті реакция жасау» (№81 жұмыс). Студенттер жұмыстың принципін, сапалық реакциялардың аттарын, холестериннің мөлшерін колориметриялық әдістер арқылы анықтау туралы, қан сарысуындағы холестеринді зерттеудің клинико-диагностикалық маңызын дәптерлеріне жазып алады.
3) Аз топпен жұмыс: студенттерді 3 топқа бөліп, әр топқа жағдайлық есеп беріледі

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   233




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау