ІІІ-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-10
1.Жасушаны оның түріне сәйкестендір.
А.Митохондриясы жоқ
Б.Тұрақты ядросы бар
В.Бір сақиналы хромосомасы бар
Г.Барлық органоидтары бар
Д.Гольджи жиынтығы жоқ.
1.Бактерия
2.Саңырауқұлақ
2.Бездердің бұзылуынан түзілетін ауруларды сәйкестендір
А.Алыптық
Б.Базед
В.Микседема
Г.Акромегалия
Д.Кретинизм.
1.Гипофиз
2.Қалқанша без
Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
8 сынып
І-бөлім. Теориялық тур.
Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-20
1.Ең ежелгі бактерияға жатады:
а/оксифитобактерия, б/архебактерия, в/цианобактерия, г/түйнек бактериясы
2.Саңырауқұлақтардың түбіртегі мен қалпағы аталады:
а/мицелий, б/өсімдік, в/гиф, г/жемісті денесі
3.Көкек зығырының қақпағы бар қауашағы аталады:
а/жапырақ, б/спорофит, в/бүршік, г/гаметофит
4.Тамыры болмайды:
а/қыранот, б/түйеқұсшөп, в/шыбынсалы, г/усасыр
5.Ашық тұқымдылардың көбеюі және жаңа жерге орнығуының жүзеге асуы :
а/мегаспора арқылы, б/тұқым арқылы, в/спора арқылы, г/тұқым және жеміс арқылы.
6.Қосжарнақты өсімдіктерге жатады:
а/жауқазын, б/жүгері, в/картоп, г/сарымсақ
7.Жер жаңғағы жатады:
а/күрделігүлділер тұқымдасына, б/бұршақ тұқымдастарына, в/раушангүлділер тұқымдасына, г/астық тұқымдастарға.
8.Дәнекер ұлпасына жатпайды:
а/май ұлпасы, б/қан, в/сүйек, г/бұлшықет.
9.Фораминифераларда болады:
а/екі ядро, б/кірпікше, в/талшық, г/бақалшақ
10.Гидраның қорегін қорытуы жүреді:
а/ішек қуысында, б/атпа жасушасында, в/энтодерма жасушасында, г/ ішек қуысы және энтодерма жасушасында.
11.Зауза қоңызының тыныс алу жүйесі:
а/өкпемен, б/желбезекпен, в/демтүтікпен, г/ішекпен
12.Сиыр цепені жатады:
а/сорғыштар класына, б/таспа құрттар класы, в/жалпақ құрттар класы, г/кірпікшелі құрттар класы
13.Өрмекшітәрізділердің шығару жүйесі аталады:
а/жасыл бездер, б/мальпигий түтігі,в/бүйрек, г/желбезек.
14.Торсылдақ бұл-
а/желбезек өсіндісі, б/асқорыту түтігінің өсіндісі, в/өкпе бөлімі, г/қанайналым жүйесінің бөлімі
15.Сүтқоректілердің жүрегінде болады:
а/тек вена қаны, б/тек артерия қаны, в/аралас қан, г/артерия және вена қаны
16.Адамға тән белгілер:
а/екі жұп аяқ, б/тірі туу, в/гаметасында 23 жұп хромосома, г/сүт безі болуы
17.Қандай бездер ішкі секреция бездеріне жатады:
а/бауыр, б/май безі, в/қалқанша без, г/ұйқы безі
18.Сұр зат неден түзілген:
а/аксоннан, б/нейрон денесі мен дендриттен, в/нейрон денесінен, г/аксон мен нейрон денесінен
19.Адамның әлеуметтік эволюциясына жатады:
а/өзгергіштік, б/еңбек әрекеті, в/тіршілік үшін күрес, г/тұқымқуалаушылық
20.Инсулин әсерінен қант бауырда айналады:
а/гликогенге, б/крахмалға, в/майға, г/нәруызға
Достарыңызбен бөлісу: |