«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



жүктеу 1,79 Mb.
бет19/76
Дата21.01.2022
өлшемі1,79 Mb.
#33987
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Білім беру туралы заң

2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды

6-4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 6-5) тармақшамен толықтырылды



6-5) «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекітеді;

7) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 7-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-1) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда



8) заңды тұлғаларға мыналарды:

бастауыш білім;

негізгі орта білім;

жалпы орта білім;

біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;

біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;

кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;

кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1) - 8-4) тармақшалармен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 8-1) - 8-3) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8-1) бiлiм беру мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;

8-2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

8-3) «Алтын белгi» белгiсi туралы ереженi бекiтедi;

8-4) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



8-5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тiзiлiмiн жүргiзедi;

8-6) «Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы» және «Үздiк педагог» атақтарын беру қағидаларын бекiтедi;

2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 8-7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-7) «Орта бiлiм беретін үздiк ұйым», «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiтедi;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда



9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;

әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;

9-1) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді



10) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілейді және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастырады;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды



11-1) тиісті үлгілердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



12) Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды



12-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды



12-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



13) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін қалыптастырады және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды



13-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



14) меншік нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін айқындайды;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды



14-1) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды



14-2) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды) (бұр.ред.қара)



14-3) экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша жаңа редакцияда; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



15) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



15-1) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 15-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



15-2) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша жаңа редакцияда



16) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17) тармақша жаңа редакцияда



17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды



19-1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендеріне қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды



19-2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды



19-3) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

20) 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртібін белгілейді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



21-1) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асырады;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды



21-2) білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 21-3) тармақшамен толықтырылды



21-3) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22) тармақша жаңа редакцияда



22) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлейдi және бекiтедi, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

23) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді;

2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

23-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;


жүктеу 1,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау