22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары біліктілігі жоғары педагогтер, ғылыми қызметкерлер мен басшы кадрлар даярлауға, олардың ғылыми, педагогтік және кәсіптік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны: базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды, оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, кәсіптік практиканы, диссертация (бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларына арналған жобаны) жаза отырып, ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын аяқтаған азаматтарға дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Сот төрелігі академиясындағы, әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше Қазақстан Республикасының соттарындағы, құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қарай:
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламалары;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік құзыреттерді дамытуға бағытталған мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары;
Достарыңызбен бөлісу: |