Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет8/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85

19 
 
2)  белсенді  азаматтық  ұстанымын,  жоғары  патриоттық  сезімін  көрсете 
білуінен,  өз  Отанына  қызмет  етуге  жəне  оның  мүддесін  қорғауға  дайын 
болуынан; 
3)  мемлекеттік  тілді  жəне  өз  ана  тілін  білуінен,  қазақ  халқының  жəне 
Қазақстан  аумағында  өмір  сүріп  жатқан  басқа  да  ұлыстардың  тарихына, 
мəдениетіне,  салт-дəстүріне  жəне  басқа  құндылықтарына  құрметпен 
қарауынан; 
4)  өз  елінің,  туған  өлкесінің  табиғатын  сақтауға  жəне  көркейтуге 
ұмтылуынан, қоршаған ортаны қорғауда белсенділік танытуынан; 
5) салауатты өмір салтын ұстануынан, өз қауіпсіздігі мен айналасындағы 
адамдардың қауіпсіздігін сақтауға үйренуінен; 
6)  адамдармен  қарым-қатынаста  жоғары  мəдениеттілік  танытуынан, 
этикалық нормаларды сақтай білуінен; 
7) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға жəне жасампаз еңбекке 
ынта-ықыласы мен қабілеттілігінен; 
8)  үлкендерге  құрметпен,  кішілерге  қамқорлықпен  қарап,  айналасына 
мейірімді, кішіпейілді бола білуінен; 
9)  əлеуметтік  ортаның  ерекшеліктерін  дұрыс  бағалай  алуынан,  қоғамға 
жат  құбылыстарға,  идеологиялық,  діни  ағымдарға  жəне  заңды  бұзушылық 
əрекетке қарсы тұра білуінен көрініс табады. 
44.  Тұлғалық  нəтижелер  білім  алушының  тəрбиелілігі,  əлеуметтенуі, 
рухани-адамгершілік, 
шығармашылық 
жəне  дене 
дамуы 
деңгейінің 
психологиялық-педагогикалық  мониторингісі  түрінде  бағаланып,  оның 
портфолиосына жинақталады. 
45. Жүйелік-əрекеттік нəтижелер: 
1)  адамзат  қоғамының  өркендеуі  үшін  ғылыми  жетістіктерді  пайдалану 
аясы мен ғылым негіздері бойынша жүйелі білімін меңгеруінен; 
2) ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай жəне қолдана білуінен; 
3) таным, жобалау, құрастыру, зерттеу жəне шығармашылықпен қолдану 
əдістерін меңгеруінен; 
4) 
заманауи 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
меңгеруінен; 
5)  жоғары  деңгейдегі  коммуникативтік  қабілеттілігі  мен  көптілді 
мəдениеттілігінен көрініс табады. 
46.  Жүйелік-əрекеттік  нəтижелер  білім  алушының  пəндік  олимпиадалар, 
таңдау  курстары,  шығармашылық  оқу  жобалары,  сондай-ақ  зерттеу 
жұмыстарының  басқа  да  түрлері  бойынша  қол  жеткізген  жетістіктерімен 
анықталады, оның портфолиосына жинақталады. 
47.  Пəндік  нəтижелер  білім  алушылардың  білімнің  базалық  мазмұнын 
меңгеруі барысында білімдік жəне іс-əрекеттік дайындығынан көрінеді. 
48.  Пəндік  нəтижелер  1-4  сыныптарда  базалық  деңгейде,  кейінгі 
сыныптарда  үш  деңгейде:  базалық  (міндетті)  деңгейде,  жетік  мүмкіндік 
деңгейінде  (5-11  сыныптарда  -  белгілі  бір  пəнді  таңдау  кезінде  1  сағат 
көлемінде  вариативтік  компонентті  игеру  үшін)  жəне  жетік  бейіналды 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


20 
 
деңгейде 8-9 сыныптарда/жетік бейіндік деңгейде 10-11 сыныптарда (жалпы 
орта  білім  беретін  ұйымдардың  таңдауы  бойынша  пəндерді  тереңдетіп 
оқытуға  арналған  үлгілік  оқу  жоспарларының  нұсқаларын  игеру  үшін) 
белгіленеді. 
49.  Білім  алушылардың  оқу  пəндерін  игеруінің  базалық  деңгейі  білімнің 
міндетті  төменгі  шекті  көлемі  мен  олардың  шеберлігі  мен  дағдыларын 
қамтиды. 
50.  Оқу  пəндерін  меңгертудің  жетік  (жетік  мүмкіндік  жəне  жетік 
бейіналды/жетік  бейіндік)  деңгейлері  білім  алушылардың  білімінің 
кеңейтілген жəне тереңдетілген көлемін, олардың шеберлігі мен дағдыларын 
қамтиды.  Оқу  пəндерін  меңгертудің  мүмкін  деңгейі  5-11  сыныптар  үшін 
вариативтік  оқу  бағдарламасы  негізінде  жалпы  білім  беретін  ұйымдардың 
таңдауы  бойынша  жүзеге  асырылады.  Оқу  пəндерін  меңгертудің  жетік 
бейіналды  (8-9  сыныптар)  жəне  бейіндік  (10-11  сыныптар)  деңгейлері 
тереңдетіп  оқытуға  арналған  үлгілік  оқу  бағдарламалары  негізінде  жүзеге 
асырылады. 
51. Орта білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың базалық 
(міндетті)  деңгейді  меңгеруін  жəне  оқу  жүктемесінің  көлемін  білім 
саласындағы уəкілетті орган бақылайды. 
52.  Жалпы  орта  білім  беретін  ұйым  ұсынатын  білім  мазмұнын 
(тереңдетілген,  кеңейтілген)  меңгеруін  жергілікті  білім  беру  органдары 
бақылайды. 
53.  Орта  білім  мазмұнын  меңгерудің  пəндік  нəтижелері  бес  балдық 
бағалау жүйесімен бағаланады. 
54.  Бақылау  нысандары  ауызша,  жазбаша  жəне  шығармашылық 
емтихандар,  тест  тапсырмаларының  ашық  жəне  жабық  нысандары,  бақылау 
жұмыстары, ауызша сұрақ-жауап, əңгімелесу түрінде болуы мүмкін. 
  
5. Білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын 
талаптар 
  
55. Жалпы орта білім беретін ұйымдарды қаржылық қамтамасыз ету: 
1) жалпыға қолжетімді кепілді ақысыз орта білім беру үшін; 
2) жалпы орта білім беретін ұйымдарда қажетті материалдық-техникалық 
база құру үшін; 
3)  білім  алушылардың  өмірінің  қауіпсіздігі  мен  денсаулығын  сақтауды 
қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін жеткілікті болуы тиіс. 
56.  Білім  алушылардың  денсаулығын  нығайту  жəне  олардың  қозғалыс 
белсенділігін  жетілдіру  мақсатында  сыныптан  тыс  жұмыс  нысанындағы 
спорт  секцияларының  сабақтарын  ұйымдастыруды  жергілікті  атқарушы 
органдар қамтамасыз етеді. 
57.  Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарында  қызмет  ететін  қызметкерлерге 
еңбекақы  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  52-бабында 
белгіленген тəртіп бойынша төленеді. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау